Планирования «Дені саудың-жаны сау»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Дені саудың-жаны сау»

Мақсаты:

Балалардың денсаулығын нығайту, қимыл-қозғалыс арқылы сымбатты болып өсуіне, ыстық-суыққа төзімді шыныққан, шымыр болып өсуге тәрбиелеу.

Көрнекілік:

Күн, су, жаттығуға арналған әуен, «Денсаулық» жайлы ширма.

Сабақтың барысы:

Бір-таңертең тұр,

Екі-шынығып бекі!

Үш-тазала тіс

Төрт-сабындап жу бет.

Бес-сүртін тез.

(қимылмен жасау)

Балалар, осының өзі-шынығу.күнделікті таңертеңгілік жаттығу біздің денсаулығымызға өте екен. Дене бітіміміздің сымбатты болып өсуіне көмектеседі.

-Шынығудың бірнеше түрі бар.

Мысалы: Ауамен шынықтыру.

Күнмен шынықтыру.

Сумен шынықтыру.

Сумен шынығудың ең бір жеңіл түрі: Суық сумен жуыну.

Суық ванна

Тұзды су.

Бассейнге түсу, шомылу.

Су -ең күшті шынықтырғыш фактор. Оның ауамен шынық-тырғанда жылу өткізгіштігі жоғары. Су процедурасын сақтықпен жүргізу керек. Денеміз (организм) төмен температураға дағдылану қажет. Денені үйрету үшін:

1.Бет пен қолды, мойынды жууды жылы сумен бастап, бірте-бірте суық сумен жуыну керек.

2.Аяқ 250-280 жуылады да одан кейін 10 -төмендетіліп 180-дейін жеткізіледі.

3.Денені дымқыл сүлгімен ысқылайды.

-Шомылу-дем алу шынығудың бір түрі. Шомылу организмді шынықтырады, суық тиюден болатын аурулардың алдын алудың тиімді жолы. Жазды күні күнге қыздырынғанда пайдала екен.

Тәтіміз мықты болады. денемізде «Д» витамині көбейеді. Күн астында күю уақыты 1-сағаттан аспау керек.

-Жалаң аяқ жүру денсаулыққа пайдала. Тас үстінде жалаң аяқ жүргенде табанымыздан күннің жылуы өтеді. Осының бәрі денсаулық үшін қажет.

-Балалар, жаттығуды не үшін жасаймыз?

-Денені шынықтыру деген не екен?

-Қалай шынықтырамыз?

-Шынықтырудың қандай түрлерін білесіңдер?

-Шынығу не үшін қажет?

Біз күнделікті күн тәртібіне, тамақтануымызға, денеміздің шынығуына үнемі көңіл бөлуіміз қажет.

Кәне, кәне шынығуды,

Айналдырайық әдетке!

Шынығамыз, қорықпаймыз,

Денемізді шыңдаймыз.

Жаттап алыңдар.

-Балалар бақшамызда денсаулыққа байланысты қандай мерекелер болды?

-Ата-аналарымызбен өткізген жарысымыз қалай аталады.

-Шынығудың тағы бір түрі-спорт. Келесі жолы спорттың қандай түрлері бар екен, соны ата-аналарыңнан сұрап келіңдер.

Спорт туралы әңгімелейміз.

Қорытындылау.





если материал вам не подходит, воспользуйтесь поиском
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал