7


Багдаршам (МАД) тобына.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Білімділік: Бала сезімін кеңейтіп тілін ұштастырып, жол ережесін жасына сай меңгерту. Қалыптасқан түйсіктерін, білімдерін пысықтап, жол ережесін адам өміріне қажеттілігін түсіндіру. аяу мен байланыс қатынасын білдіру .

Дамытушылық: Зейінін, есте сақтау, түсті айыра білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Көшеде жүру ережесін білу арқылы жолда жүру мәдениетін үйретіп сақтыққа тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: рөлдер, белгілер, бағдаршам, жол белгілер суреттері, компьютер.

Сабақ әдіс-тәсілдері: мультимедия арқылы көрсету, түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап.

Сабақ түрі: ойын сабақ.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі:

Ән әуенімен балалар екі-екіден автобус ішіндегі жолаушылар ал тәрбиеші қолына руль ұстап жүргізуші болып «жас жолаушылар жыры» әнін айтып топқа кіреді.

ән: «Жас жолаушылар жыры»

Сапар шексек сіз бен біз

Сан көлікке мінеміз

Троллейбус трамвай

Автобуспен жүреміз

Қайырмасы:

Көлік, көлік, көлік

Көліктерге мінеміз

Көшелермен, көшелермен

Күнде тынбай жүреміз

Қ-сы

Жол жүрудегі тәртібін

Ережесін білеміз

Сақтағанда қатерден

Сау саламат жүреміз

Тәрбиеші: Қайырлы таң балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Қандай әдемісіңдер балалар. Бүгінгі күндеріңнің қуанышты өтуіне тілектеспін.

Негізгі бөлім: (Балаларға орындықты автобус ішінде келе жатқандай екі-екіден қойып отырғызады)

- Балалар біз өзімізді қандай көліктің ішінде келе жатырмыз деп ойлаймыз?

- Автобустың.

- Дұрыс өте тамаша сендер өте әдемі, тәртіпті жолаушыларсыңдар. Мен сендердің жүргізушілеріңмін. Қане,кім қайда барады? Бәріміздің билетіміз бар ма?

Жол жүрмес бұрын мен сендерге жол жүру ережесі туралы айтып өтсем деймін. (түсіндіреді) (Есік қағылып Бағдаршам келеді)

- Саламатсыңдар ма балалар? Мені танисыңдар ма? (Балалар жауабы)

- Дұрыс, мен Бағдаршам боламын Жол тәртібін реттеймін.

Менің қызыл көзім жанғанда

Сынық сүйем баспа алға,

Сары көзім жанғанда

Қарап қалма аспанға

Жасыл көзім жанғанда

Өте бер сен жасқанба!

Бағдаршам сұрағы:

- Сендер көшеде қай жолмен жүресіңдер?

- Жиек жолмен.

- Жолдың қай жағымен жүру керек?

- Оң қол жақпен жүреміз.

- Ата-аналарыңмен, үлкендермен бірге автобусқа мінерде қай жерде отырып көлік

күтесіңдер?

- Аялдамада отырамыз.

Өте жақсы. Бағдаршамның сұрағына жақсы жауап бердіңдер.

Сергіту сәті . (Бағдаршаммен бірге жасайды)

Қызыл жанады(қозғалмай тұрады)

Сары қол шапалақтайды)

Жасыл жанады (орында тұрып жүреді)

Сабақты қорытындылау.

Сабақ соңында «Бағдаршам құрайық» ойынын ойнату.

Тәрбиеші: үш-төрт балаға руль беріп көлік жүргізуші бейнесін бейнелейді қалған балалар жүргіншілер.көшеде келе жатып бағдаршамның қызметімен жүріп тұрады.ойын арқылы бала білімін бекітеді.



























Карманов жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы

















Багдаршам (МАД) тобына.

Жетекшісі: Тлеккабулова Гульмира Газизовна



































2015 жыл



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал