7


  • Учителю
  • Біз - Ұлы Отан соғысы батырларының ұрпақтарымыз

Біз - Ұлы Отан соғысы батырларының ұрпақтарымыз

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Кулбаракова Роза Онгалиевна



Біз - Ұлы Отан соғысы батырларының ұрпақтарымыз



Қан майданның жүректе жарасы бар,

Қайғысы мен зілі бар, наласы бар.

Арамызда жүретін алшаң басып ,

Ардагерлер, азайып барасындар.

М.Әміреұлы.



Соғыс! Қандай құлаққа түрпідей тиетін сөз! Бұл сөзді естігенде қаншама адам үрейленеді екен, кім білсін. Ұлы Отан соғысы- адамзат тарихындағы зұлмат кезең.Бұл уақытта қаншама адам жан тапсырды, қаншама қан судай ақты. Талай аға -апаларымыз майданда қан кешіп,жаумен арпалысып, жан беріп, жан алысты. Барлығы Отанын қорғап қалу үшін талпынды.Барлығының мақсат - мүддесі бір болды. Ол - жауды жеңіп,кең- байтақ атамекенін сақтап қалу, еліне жеңіс сыйлау.Оқ пен отқа оранған сұрапыл соғыс ғазиз ананы баласынан айырды, аяулы жарды жесір, жас баланы жетім етті. Сонау қаһарлы жылдарда ержүректілігімен, батырлығымен жауды тықсыртқан, талқандаған тарихта аты алтын әріппен жазылған Ұлы жеңіске биыл 70 жыл толып отыр!

Жеңіс... Кез келген күрестің басты мақсаты жеңіске жету үшін болғанымен, кешегі Ұлы Отан соғысының жеңісі айрықша. Оған жету үшін қаншама халық адам төзгісіз ауыр жолдардан өтті. Ол - сонысымен ерекше. Қазақ - ел басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық. Ұлы Отан соғысының өрті шарпымаған қазақ отбасылары кемде-кем шығар сірә. Шынында да оқтың азабынан жоқтың азабы кем соқпаған тұстары да аз болмады. Арпалыстың азабын тылдағы қарапайым халық та тартты.Тыл ауыртпашылығы қыз- келіншектер мен жас балалардың мойнына артылды. Бұғанасы қатпаған жас балалар ауыр еңбекке араласты. Осы зұлмат заманда әжелеріміз тылда қызмет атқарды. Олар күн демей, түн демей майдандағы аға-апаларымыздың амандығын тіледі.

Ел басына түскен қиын қыстау кезеңде тылда қара жұмысқа жегілген кешегі өрімдей жас келіншек -бүгінде бір әулеттің ақ жаулықты анасы , шежірелі қазынасы. Қаһарлы жылдарда өр мінезімен намысын қайраған сол кездердің куәсі болған«Тыл және еңбек ардагері» ,«Алтын алқа иегері»Ұлы жеңістің қарсаңында94 жасқа толып отырған менің әжем - Акілгек Серікбайқызы. Әжем 1922 жылы осы өңірде дүниеге келген. Екі жасында анасынан жетім қалып, шиеттей бауырларымен бір-біріне сүйенісіп өскен. 1936 жылдардағы аштықтың да зардабын көрген. 19 жасында Ұлы Отан соғысы басталып, еңбекке араласып, колхозда ферма бастығы болып қызмет жасаған. Сұм соғыс кезінде ол өрімдей жас қыздың аңсаған армандары сағымдай бұлдарып көзден бұлбұл ұшты. Майдандағы жауынгерлерді азық - түлікпен қамтамасыз ету мақсатында әр маусымда әртүрлі жұмысқа араласып,мал бағып, егін егіп, ауыр еңбекте мехнатты көп көреді.Сол кездегі қайсар қыздардың, әйелдердің аты мен түр-түсіне шейін ол ұмытқан емес.Солардың қазір көбі жоқ деп налып, көзіне жас алады. Мына жарқыраған заманды олар да көріп, мен секілді ұрпақтарының қызығын көргенде ғой деп еске алып отырады.

Қазіргі таңда Ақілгек әжем үлкен қасиет дарыған бір әулеттің ұйытқысы, ақылшысы, данасы, ел сыйлаған анасы, өзінен өрбіген балапандарының панасы болып отыр. Атамыз Құлбарақов Сейтқали екеуінен өрген бес ұл, төрт қыз бүгінгі таңда өсіп- өніп , әрқайсысы рулы ел болып отырған жайы бар.Атамыз өмірден ертерек өтіп, бар жауапкершілікті әжем өз қолына алған. Жастайынан жетімдіктің де, жесірліктің де ащы дәмін татқан, тағдыр тауқыметін көп көрген менің аяулы әжем - бүгінгі күнде ұлын ұяға ,қызын қияға қондырған бақытты ана. Өзінен өнген ұл - қыздарынан қырық алты немере,жетпіс төрт шөбере сүйіп , қазіргі таңда солардың ортасында өзінше бір асқар таудай биік болып отыр. Бір ғасырға жуық жасжасаған әжем әлі күнге дейін қарап отырмайды.Өзінің бойына берілген емшілік қасиеті де бар.Әлі күнге шейін қолынан ине-жібі түспеген шеберлігіде бар.Бұл кісінің жасаған бұйымдарын ырым қылып сұрап келетін адамдар өте көп.Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен облыс әкімі Алик Айдарбаев мырзаларға өз қолымен кестелеп алғыс хат жазып жіберді. Ізінше Елбасымыз әжемнің сол сәлемдемесіне ризашылығын білдіріп, арнайы алғыс хатын жолдады. Ал екінші сәлемдемесі облыс мұражайынан құрметті орынға орналасыпты. Оған да облыс әкімінен жауап хат келіп, әжемнің мерейі бір көтеріліп қалды. Сол кездегі оның жас балаша қуанғанын көрсеңіз ғой! Өзінің қоғамның бір мүшесі екендігін шын сезініп, басшылардың сөзін жерде қалдырмағанына қатты риза болып, ақ батасын берді.

Сол сұрапыл соғыста майданға аттанған солдаттардың жанына жалау болатын, көңіліне демеу болатын тілеулес қыз-келіншектердің тағдырын біз әжеміздің көзінен, зерделеп айтқан сөздерінен білеміз. Мына бейбіт заманда қамсыз өмір сүріп жатқан біздерге соғыс кезіндегі майдангерлер мен тыл ардагерлерінің өмірі ертегі сияқты көрінгенмен, олар үшін орны жазылмас жара. Егер сол кезде соғыс болмаса, қазақ халқы қазір қанша болар еді? Кейде оның жанарынан балаларының ортасында отырып осы күнге жетіп, қызық көргенінен шексіз риза болғанын байқауға болады. Барлық жұмысты екі қолымен жасаған, еңбектің майданында шыңдалған әжеме қазіргі біздердің жұмысымыз бен тірлігіміз ойыншық секілді. Барлығын техникаға артып, дайын ас пен дайын киім кигенімізді құптамайды. Іс істеп, қолөнермен шұғылданудың әйел адам үшін тиімділігін үнемі айтып отырады. Соғыс кезінде тылда жүрген әйел адамдардың жүннен шұлық тоқып, жылы киімдер тігіп, күн-түн демей еңбек еткендерін әлі күнге шейін әңгімелеп беруден жалыққан емес. Жасы 94-ке келсе де, өткеннің естелігі оның санасында жаңғырып тұр. Әдемі қартаюдың сыры оның сол еңбекқорлығы мен табандылығы және зеректігі мен зерделілігі ма дерсің. Екі ғасырдың куәсі болған әжемнің өзі бір кітап секілді біз үшін. Бала жасынан қазақ халқын сенделткен аштық заманы, жастық шағын ұрлаған соғыс кезеңін көрген әжем шымыр да ширақ, биік те берік шынар ағашы секілді.

Әжем і бізге: «Келер ұрпақ сендер. Біз көрген қиыншылықты, жоқшылықты көрмей өсіңдер »- деп ауыр күрсініп, соғысты есіне алып отырады. «Ашта жеген құйқаны - тоқта ұмытпау керек» ,-деп,зұлмат соғыс кезіндегі қиыншылықтарын басынан өткізіп, қазіргі бейбіт өмірдің рахатын көріп отырған әжем ауыр күрсінеді. Мен өзімнің батыл да, батыр , қайсар әрі данышпан әжемнің ұрпағы болып туылғанымды мақтан тұтамын.Бізге осындай бейбіт өмір сыйлаған ата- бабаларымызға мың алғыс!Мен осындай өр әжеммен мақтанып, марқаямын! Адам ұрпағымен мың жасайды демей ма. Асыл әжем де өзінің осы ұрпақтарын жақсы етіп тәрбиелеп, оларды елдің адамы болуға үйретті. Тек өзінің балалары ғана емес, ағайын-туыс пен көрші-көлемнің, ауылдың де құрметті әжесі бола білді. Себебі әжем жүрген жердегі барлық адамдар ол кісіге ерекше ілтипатпен құрмет көрсетеді. Әрине ол оған лайық болғандықтан шығар деп ойлаймын. Бәріміз де осы әжеміздің тура жолынан таймай, сол кісіге ұқсап жүргіміз келеді. Оның батырлығы мен төзімділігін, кішіпейілділігі мен қасиеттілігін өзімізге үлгі тұтамыз.

Бейбіт күнде өмір сүріп жатқан бүгінгі ұрпақтар кешегі сұм соғыста өр мінезімен өрлеген ата- әжелеріміздің ерен еңбегін естен шығармай ,сұрапыл соғыстың куәсі болғандарға әрқашан бас иіп, тағзым етеміз. Тарих беті үнемі жаңаланып отырады десек те, ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болды. Соның бірі - Ұлы Отан соғысы. Сол соғыстың қасіреті мен Ұлы жеңістің қасиетін ,батыр ата- әжелеріміздің ерлігін ешкім де, ешқашанда ұмытпақ емес!Сол соғыстың куәсі болған батыр әжем Аллаға шүкір қазір біздің ортамызда! Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына әжеміз өзінше бір үлкен дайындық үстінде. Әрине батыр әжеміз осы Ұлы мерекеде сол соғыс ардагерлері мен тыл қызметкерлерінің атынан сөз сөйлемек.

































Біз - Ұлы Отан соғысы батырларының ұрпақтарымыз



эссе











</ Авторы: Кулбаракова Роза Онгалиевна









































Жыңғылды - 2015

















































Біз - Ұлы Отан соғысы батырларының ұрпақтарымыз

.







Біз - Ұлы Отан соғысы батырларының ұрпақтарымыз



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал