- Учителю
- Ертенгілік Қош келдің Наурыз!!!
Ертенгілік Қош келдің Наурыз!!!
Тақырыбы: «Қош келдің- Наурыз»
Мақсаты: Балаларға Наурыз мерекесі туралы түсінік беру.Халқымыздың салт -дәтүрімен таныстыру.Ұлттық мерекелерді құрметтеуге,әдет- ғұрыпты сақтауға,қастерлеуге тәрбиелеу.Қиялын қызығушылық сезімдерін,тіл байлығын дамыту Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар! Жер ананың тоң кеудесі жібіп.Қасиетті Наурыз айы туғанда амандықпен қайта қауышқан күніміз құтты болсын! Наурыз елімізге құт -береке әкелсін!
Рамазан
О,жарандан,жарандар. Бермен қарай қараңдар Наурыз тойы басталды Құттықтаймын баршаңды Үлкен - кіші кәріңді Ақ дегенің мол болсын Қайда барсаң жол болсын!
Алла қолдап ісіңді Қадамың басқан жол болсын.
Ортаға екі бала шығады.
Бірінші бала:Ассалаумағалейкум
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын!
Екінші бала: Уағалейкумассалам
Ұлыс оң болсын
Пәле жала жерге енсін!
Екі бала төс қағыстырып аман саулық сұрасады.
Ән: «Наурыз той»
Аяулым
Күн мен түн теңелді
Жер шуаққа кенелді
Соны тойлар ел енді
Наурыз тойы салтымыз
«Көгерсін!» деп халқымыз
Көшеге тал егеді
Бабалардың үмітін
Жас ұрпақтар ақтаймыз. Наурыз тойын тойлаймыз.
Көрініс: Күн мен түн ортаға шығады.
Гүлсара Күн: Сәулесі мол Күнмін
Айзере Түн: Жұлдызы көп Түнмін
Екеуі бірге: Бүгін біздер бірдей боп,
Теңелеміз бүгін біз.
Айзере Түн: Ал ертең күн ұзақ
Гүлсара Күн: Түн қысқарар бірақ.
Екеуі бірге:Ұйқы қанбай қалып,жүрмеңіздер бірақ.
Жүргізуші: Қазақ халқында наурыз айының 22 де жаңа жыл мерекесі тойланады.Наурыздың 21 нен 22не қараған түні күн мен түн теңеледі.
Адамдар бір- біріне деген таза көңілдерін,ақ тілектерін білдіреді.
Адамдар төс қағысып,бір -бірімен көріседі
Нәсіп
Қар еріді су ақты
Күндер келді шуақты
Байтақ дала келбеті
Түрлі кілем сияқты.
Жаннель
Наурыз келді жар салып
Қуаныңдар қарсы алып
Наурыз көктем береке
Тойлайықшы ән салып
Тамина
Жылдың басы Наурыз
Жерің басы Наурыз
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр әніміз
Дінмұхамед
Наурыз келді еліме
Наурыз келді жеріме
Байлық бақыт тілеймін
Бүкіл қазақ еліне.
Таңшолпан
Наурыз келді тамаша
Ән айтамыз таласа
Әжем атам той тойлап
Қуанып жүр балаша.
Ән «Көктем келді»
Айзере Қ :Көкке бояп өнерді
Көктем келді көңілді
Бау-бақшада , орманда
Құстар әні төгілді
Адия: Жаңбыр жауып бастады
Күлімдейді көкте күн
Кемпірқосақ асылды,
Өрмегіндей көктемнің
Нұрғали
Көктем келді балақай
Жасарды жер алақай
Наурыз тойын тойлайық
Әсем әнге салайық
Нәсіп
Армысың халайық
Әркез аман болайық
Наурыз тойын тойлайық
Жылды қарсы алайық
Ойын: «Орамал тастамақ»
Ойын «Күш сынаспақ»
Жүргізуші: Наурызда ,наурыз көже жасайды. Наурыз көже - наурыз тойына ғана тән көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр адам 7 түрлі тағамнан пісіреді. Наурыз көжені сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс тағы да басқа
тағамдар қосып пісіріліп, келгендерге ұсынылады
Ән «Наурыз»
Әже мен Ата ортаға келеді.Әже шашу шашады.
Әже: Наурызым,құт әкелсін елімізге
Береке,ырыс кірсін жерімізге
Қой жылын қуанышпен шығарып сап
Бақыт боп мешін кірсін елімізге
Жаңа жыл елімізді жарылқасын
Қиналып әр отбасы тарықпасын
Ата әжесі келгенде қуанғандай
Немерелерім сендерді қуаныштан арытпасын.
Жүргізуші:Қош келдіңіздер, төрімізге еніңіздер. Бізге құтты қонақ болыңыздар.балалардың сіздерге дайындыған тақпақтарын тамашалаңыздар.
Жаннель:Әжем өрнек тігеді,
Сырмақ сырып оюлап
Басы аура береді
Шәй ішпесе қоюлап
Олжас:Мені жақсы көреді
Күдей күліп келеді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді
Алихан:Ақ шашты әже аналар
Ақылды қамқор даналар
Әжелердің маңынан
Шықпайды жақсы балалар
Би:«Киіз басу»
Жүргізуші: Наурыз достық мерекесі. Салт-дәстүрлерді құрметтейтін ұлттық мереке.Бесік - қасиетті, киелі, құтты мүлік. Сәбидің алтын ұясы. Бесікті отпен аластан, тыштырма жасап алады да, баланы бесікке салады. Балаға деген ана махаббаты бесік жыры арқылы айтылады. Баланы бесікке салу кезінде үлкен әже, келін, қыздар отырады. Енді сіздерге қазақтың «Бесікке салу» салтын жолдаймыз.
Дінмұхамед: Сүйінші, сүйінші дүниеге бала келді.
Сүйіншіге әже балаға тақия береді.
Фатима
Ау ,халайық тыңдаңдар
Босқа қарап тұрмаңдар
Қуанышқа қосылып
Шілдехана тойлаңдар
Нәрестенің жолына
Шашу шашып жинаңдар.
Ата: Азан шақырып атын қояды
Әже:«Баланы бесікке салу дәстүрі орындалады»
Ата бата береді
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын.
Ұлыс береке берсін.
Бәле - жала жерге енсін!
Ұлы халқым тең болсын,
Қайғы - уайым жоқ болсын,
Қуанышың көп болсын!
Әумин!
Жүргізуші:
Дастарханы халқымның тола берсін,
Бақыт құсы қолыңа қона берсін.
Ұлы тойдың төресі - наурыз тойы,
Жылдан - жылға құт тойы бола берсін!
Жасай бер жаңа күн!
Туа берсін жаңа күн
Дүр сілкінсін дала бір
Құтты болсын Наурыз той
Құтты болсын Жаңа жыл!