- Учителю
- Тема конспекта: Қазақстанның қалалары
Тема конспекта: Қазақстанның қалалары
Қазақстанның қалалары.
(3-сынып)
Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: Қазақстанның қалалары туралы мәлімет беру, берілген мәтінді дұрыс оқуға, түсінуге дағдыландыру, модуль бойынша алған білімдерін кеңейту. Өз ойларын еркін айта білуге үйрету.
Ә) дамытушылық: Жаңа тақырып бойынша байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Сөздік қорын молайту.
Б) тәрбиелік: Отанына, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Түрі: саяхат сабағы.
Әдіс: сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын, сөзжұмбақ шешу
Типі: жаңа сабақ
Көрнекілігі: Дара мен Ботидің суреті, сөзжұмбақтар, суреттер, картаның сызбасы, үлестірме парақшалар.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, назарын сабаққа аудару.
ІІ. Оқушылардың қызығушылығын ояту.
-
Балалар, бүгінгі сабағымыз өткен сабақтардан өзгеше өтеді. Біз саяхатшы Дара және оның досы Ботимен Қазақстан қалаларына саяхат жасаймыз.
-
Саяхатқа пойызбен шығамыз. Пойызға отыру үшін үй тапсырмасын тексерейік. 7-тапсырманы тексереміз.
Жаңа сөздерді қаншалықты жаттағандарыңды тексеру үшін Ботидің жұлдызшаларындағы сұрақтарға жауап берейік.
-
Рахмет, жарайсыңдар! Үй тапсырмасын да, жаңа сөздерді де жақсы орындап келіпсіңдер. Пойызға отыруға рұқсат. Ал енді пойызға Дарамен бірге отырайық, пойызбен бірге қимылдаймыз. Алға!
-
Мынау, балалар, саяхат бағыты. Шиелі ауданынан шығып, Шымкент, Тараз, Алматы, Қызылорда, Қарағанды, Елордамыз Астана қаласына дейін жетуіміз керек. Дара Астана қаласын көргісі келеді екен.
-
Әр қаланың бізге тапсырмасы бар екен.
Тапсырмаларға дұрыс жауап берген әрбір оқушыға жұлдызшалар беріліп отырады. Дараға көмек беру үшін тапсырмаларды бірге орындайық.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сөздік: облыс- область;
ата(глагол)-назови.
1-бағыт бойынша Шымкент қаласына бару керек. Шымкент қаласына бару үшін мына тапсырманы орындаймыз.
1-тапсырма. Қазақстанның қалаларын дәптерге жаз. Әр қаланы әр оқушы тақтаға шығып жазып, Қазақстанның картасын (мозайка) жасап шығарып, әр қаланың байлығы туралы қысқаша айтып кету керек.
2- бағыт. Жамбыл қаласы.
2-тапсырма. Оқы, біл, аудар.
Тақырып бойынша берілген мәтін бойынша жұмыс жасау. Әр оқушыға көмек беру. Жаңа сөздермен жұмыс ұйымдастыру.
3-бағыт. Алматы қаласы.
3-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер. Тапсырманы айтылым әрекетімен бастап, жазылым әрекетімен аяқтау.
4-бағыт. Қызылорда қаласы.
4-тапсырма. «Кел, ойнайық! Кел, ойлайық!».
5-бағыт.Қарағанды қаласы.
5-тапсырма. «Ойлан, тап!». Толықтырып, қалалардың атын ата.
(Белый)+тау (Красный)+орда (Черный)+ ғанды
(Белый)+төбе (Яблоко)+ты
6-бағыт. Астана қаласы.
6-тапсырма. Сөзжұмбақты ойланып шеш.
«Қалалар» сөзжұмбағы
-
Міне, біз Қазақстанның елордасы Астана қаласына келіп жеттік.
-
Дарамен бірге тапсырмаларды дұрыс орындау барысында Астана қаласына да келдік.
-
Балалар, сендер Астана туралы не білесіңдер?
-
Кім Астана туралы өлең біледі?
-
Кім Астанада болды?
-
Сонымен саяхатымыз сендерге ұнады ма?
-
Несімен ұнады?
-
Осы саяхат барысында кім қанша жұлдызша жинады? Соны есептейік.
Бағалау.
Үй тапсырмасы.
«Менің сүікті қалам»тақырыбына қысқаша мәтін құрап келу.