- Учителю
- «Қазақ тілі-өз тілім».технологиялық картасы.«Тіл дамыту».
«Қазақ тілі-өз тілім».технологиялық картасы.«Тіл дамыту».
Барақ батыр мектебінің шағын орталығының оқу жұмыстарын ұйымдастырған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аймағы: «Қатынас».
Бөлімдері: «Тіл дамыту».
Тақырыбы: «Қазақ тілі-өз тілім».
Мақсаты: Балалардың білім дағдысын қалыптастыру,сөздік қорларын молайту,еске сақтау қабілеттерін дамыту, ұжыммен еңбек етуге баулу,балаларды салауатты өмірге ынталандыру,қазақ тіліне,еліне,туған жеріне деген құрметке тәрбиелеу.
Әдіс тәсілдері: Суретпен жұмыс,сұрақ -жауап,көрсету,әңгімелесу,ойын , валеологиялық сергітулер,өлең тақпақтар.
Көрнекілігі: Теледидар,суреттер,музыка,альбом,кітап,үнтаспа.
Тәсілдер кезеңдері
Тәрбиешінің қызметі
Балалардың әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. «Өздері жайлы пікір алмасу»
-Ең алдымен қонақтарға өзімізді таныстырайық?
-Сенің атың кім?
-Қай ауылда тұрасың?
-Сен неше жастасың?
-Қәзір жылдың қай мезгілі?
-Жапырақтардың түсі қандай?
Шеңберге тұру. Сәлемдесу.
(Ойыншық аю арқылы)
Ислам
Барақ батыр ауылында тұрамын
4 жастамын
Күз мезгілі
Жапырақтың түсі сары.
Іздену-ұйымдастырушы
Осы кезде есік қағылып Неменетай кіреді.Ол бізге өзімен бірге сиқырлы сандығын ала келіпті.
Здравствуйте, ребята.Я много слышала о вас и хочу научиться говорить на казахском языке. Сегодня я пришла не с пустыми руками . С собой у меня волшебный сундучок, в котором есть много маленьких секретов. Разгадав их вы поможете мне открыть самый главный секрет.
Балалар, Неменетайға көмектесеміз бе?
Тәрбиеші:
- Ол үшін сіз, бізбен қазақ тілінде сөйлесуіңіз керек.
Неменетай:
-Жарайды.
Балалар көңілін «Киндер сюрприздің» нөмірлеріне аударамыз.
1-тапсырма.Тәрбиеші:
.-Тақтаға көңіл аударайық.Астана қаласына саяхатқа шығамыз.
Слайд тақтада:
-Біздің Республикамыз қалай аталады?
Отанымыздың бас қаласын айту.
Астана жайлы тақпақ айту.
2-тапсырма.
-Бала бақша жайлы не білесіңдер?
-Бала бақша да қызмет ететін адамдарды атаймыз?
Валеололиялық демалыс (Массаж істеу. Тұрып жаңбыр жауды,жел соқты, ақырын жауды ,қатты жауды,тынышталды деп сипау).
3-ші тапсырма.Сандықтан келесі тапсырма алады.
Келесі қызықты ойынды бірге ойнаймыз.Ойынның аты «Кім шапшаң?»
4-ші тапсырма.
-Жабайы аңдарды атаймыз?
-Төрт түлік мал туралы қандай тақпақ білеміз?
5-ші тапсырма.
-Балалар,Неменетай күзде бақшада не пісетінін білгісі келіп тұр.Олар денсаулыққа пайдалы екен.
-Иә ,көмектесеміз.
- Сандықтың ішінде не бар екен? Ашып көрейік( бір бала сандықты ашады).
Қазақстан
Жауап балалардың.
Астана арман қала
Бағы бір жанған қала.
Тұрады ол жап-жас болып,
Мен үлкен болғанда да.
-Тәрбиеші, күтуші, аспаз,дәрігер.
Дәрігер жайлы тақпақ.
Іш ауырса ,тіс ауырса
Маған дәрі береді.
Барлық бала,барлық ана
Оны жақсы көреді.
Балаларға астарына бір-бірден ат міндіріп,орындықты қашық жерге қойып кезек пен кезек жарыстыру.
Аю,қасқыр,түлкі.
Түйе малдың үлкені,
Жылқы малдың үркегі.
Сиыр малдың сүттісі,
Қой малдың құттысы.
картоп,пияз,сәбіз,қияр,қызанақ
Қып-қызыл қызанақ,
Бақшада өседі.
Қып-қызыл алма,
Ағаштан түседі.
Рефлексивті - коррекциялаушы
Күн мен жаңбыр ойыны.
Балалардың орындауында «Отан» әні.
Балаларды мақтау,сабақты қортындылау.Неменетай сыйлығын таратады.Неменетай балалармен хоштасады.
Балалар Неменетайға сау бол айтып ,сйлығына рахмет айтады.
Күтілетін нәтиже:Тіл дамыту сабағының жұмысының нәтижесінде, балалар еркін сөйлеп , өз ойларын толық айтуға дағдыландыру
Білуге тиіс: Әр мамандық иелерін ажырата білу,көкөністе дәруменнің көп екенін білуге тиіс.