- Учителю
- Коршаган орта кыскы кимдер
Коршаган орта кыскы кимдер
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.
Күні: 2.12.15ж
Топ: 4
Білім беру саласы: Таным. Қатынас.Әлеуметтік орта.
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: ̎Қысқы киімдер ̎
Мақсаты:Қыстық киімдер түрлерімен таныстыра отырып, ұл бала мен қыз баланың қыстық киімдерін ажырата білуге үйрету. Өз - өзіне қызмет етудің қарапайым дағдыларын меңгерту. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.Мотивациялық қозғаушы
Балалары шаттық шеңберіне тұрғызады.
Балалар шаттық шеңберін құрып, өлең жолдарын айтады.
Ұйымдастырушылық ізденіс
Рефлексивті түзетуші
Педагог балалардан қыс мезгілінің ерекшелігі , ауа райы туралы сұрайды.
- балалар, мына суретке қараңдаршы, суреттен нені көріп тұрсыңдар?
- суретші суретке қандай қателік жіберген?
-әрине бұл жерде суретші қателесіпті. Егер де қыстыгүні адамдар осылай жеңіл киініп жүрсе не болар еді?
-адамдар өздерін жақсы сезініп жүру үшін өздеріне ыңғайлы, әдемі киімдер киеді екен. Қалай ойлайсыңдар адамға киімдер не үшін керек?
-ежелгі адамдар киім тігуді білмегендіктен үстілеріне киім кимеген. Келе - келе олар суықтан қорғану үшін аңдардың терісін киімнің орнына пайдаланған. Киімнен адамдар киім тігуді үйреніп, өздеріне матаның түр - түрінен киімдер тігіп алатын болған. Олар күз, көктем айларына бөлек, жаз мезгіліне бөлек және қыс мезгіліне бөлек киімдер тігіп киюді үйреді.
-бұл киімдерді кімдерге арнап тіккен деп ойлайсыңдар?
-неліктен олай ойлайсыңдар?
-ал мына пальто кімдерге арналған?
-оны қайдан білдіңдер?
Педагог қыздар мен ер адамдарға, балаларға арналып тігілген , үлкен,кіші мөлшердегі тон, қыстық күртелерді көрсетіп, "қандай киім?", "кімдерге арналған киім?","неден жасалған?" деген сұрақтар қоя отырып, қыстық киімдердің де сырт киім, баскиім,аяқкиім болып бөлінетінін түсіндіру.
Ұлдар мен қыздар қандай киім киетінін айту.
- балалар мы кна суретте не көріп тұрсыңдар?(слайд)
-олардың үстінде қандай киім?
Педагог бұл киімдердің спорттық киімдер екеіндігін, неліктен спортпен шұғылданатынын адамдардың арнайы спорттық киімдерді киетіндігі туралы түсіндіреді.
Спорттықкиімдердің ыңғайлы әрі суық өткізбейтіндігін , сол себепті арнайы матадан тігілетіндігін айтады.
"Тігінші" ойыны. Ойын шарты бойынша бірнеше матаның қиықтарын алып, қайсысынан қандай киім тігуге болатындығын тауып, суретте бейнеленген киімнің тұсына қоюды ұсынады.
Сергіту сәтін өткізу.
Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін , көңіл күйлерін , немен айналысқандарын , не үйренгендерін сұрайды.
Балалар қыс мезгілі екендігін, алада суық екндігін айтады.
Суретке қарап, суретшінің жіберген қателіктерін айтады.
Балалар педагогтің сұрағына жауап беруге тырысады.
Балалар қыстық киімнің түрлерін ұстап көріп, жасалған материалына, матасына, қалың - жұқалығына, өрнектеріне назар аударады. Оларды бір - бірмен салыстырып, ұқсастықтары мен ерекшелігін айтып береді. теріден жасалған қол,ап пен тоқыма қолғпты қолдарына киіп көріп салыстырады. Сырт киімдер мен қолғаптардың қайсысының суықтан
жақсы қорғайтынын , қайсысын әдемілік, сәндік үшін киетінін зерттеп айтып береді.
Балалар сұрақтарға толық жауап беруге тырысады.
Жиынан алған әсерлерін айта отырып, көңіл күйоһлерін дәптердегі таңбаларға белгілемейді. Немен айналысқандарын , не үйренгендерін айтады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: жалпы киім түрлері туралы ;
Білу керек : қыстық баскиім, аяқкиім, сырт киім, спорттық киім - олардың ерекшелігі мен ұқсастығын, бір киімнің әртүрлі матадан тігілгендігін , үлкендерге арналған киім, ұл бала мен қыз балаға арналған киімдер болып бөлінетіндігін;
Білді: қыстық киімді басқа маусымдық киім түрлерінен ажыратады;ұл бала мен қыз балаға арналған қыстық киімдерді топтастырып, жалпы атауын айта алады; қыстық киімдердің өзінің қалың, жұқалтаң болатындығын.