7


Урок Желбіре жеңіс жалауы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</<font face="Times New Roman, serif">Ақтөбе облысы,Айтеке би ауданы

«Нұрсәт» балабақшасы

Тәрбиеші: Шәутенова Жарқынай

9-мамыр жеңіс күніне арналған ертеңгілік

Мақсаты: 9-мамыр жеңіс күнін атап өту,қазақтың батыр ұл-қыздарының рухына бас иіп,1 минут үнсіздікпен еске алу арқылы ерлік істерін насихаттау,балаларды аталар ерлігіне тағзым етіп,құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Буклет,шарлар,гүлдер,суреттер

Жүргізуші: Құрметті ұжым мүшелері және бүлдіршіндер!Бүгінгі «Ақ көгершін» тобында жеңістің 71 жылдығына орай ұйымдастырылған «Желбіре жеңіс жалауы » атты ертеңгілігімізге қош келідіңіздер! Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 милионнан астам жауынгер қатысып,олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тапты.Қаншама жауынгер хабар-ошарсыз кетті.Қазақстаннан құрылған әскери дивизия ең қауіпті жерлерде соғысты.Генерал Понфилов бастаған 28 дивизия жауынгерлерінің есімдері Ұлы Отан соғысының тарихына алтын әріптермен жазылған.

Оңайлықпен түскен жоқ жеңіс бізге

Соғыс елді түсірді- ау ауыр күйге.

Жұрт күйзелді төгілді қанша көз жас,

Түнерді қайғы бұлты талай үйде.

Отан үшін мерт болғанды танып біл,

Оларды әсте ұмытпайды халық бұл,

Ерлік даңқы ешқашанда өшпейді,

Батырлардың жүрегі от боп жанып тұр.

(Батырлар суретімен таныстыру)

Соғыс өрті өшіп,қайғы-мұңнан арылып бейбітшілік орнағанына 71 жыл.

Екі қолмен шоқ көсеп ойнағандар,

Кеудесін отқа төсеп лаулағандар.

Бір сәтке сол ерлерді еске алайық

Жеңіс тойын бүгінде тойлағандар,-

деп сонау сұрапыл жылдары жеңіс күнін жақындатуға атсалысқан жандарды 1 минут үнсіздікпен еске алайық.

(Балалар суреттің қасына гүл шоқтарын қояды)

Балалардың жеңіс туралы тақпақтарына кезек береміз.

Аянат: Жеңіс күні құтты болсын,

Құтты болсын аталар!

Ұмытпайды ешқашанда

Жауынгерді балалар.

Ханшайым: Мен кәдімгі Мәншүкпін,

Ол туралы ән шықты.

Апам солай атапты

Ақтаймын сол атақты.

Дилара: Біз балдырған баламыз,

Оттай лаулап жанамыз.

Бейбіт таңда бас қосып

Шырқап әнге саламыз.

Саят: Қарт келеді мүгедек,

Әрең басып аяғын.

«Соғыстың артқан жүгі» деп

Тықылдатып таяғын.

Жүргізуші: Айнала шапқан жер мен көк,

Теңселіп кетті төңірек

Жанданды құдай жердегі

Жалмауыз жуан зеңбірек.

Ауылға жетті атқан оқ

Жесірлер жайып шаштарын,

Жетімдер қалды қасқа боп.

Жаныштап ажал ызғары,

Қайғыдан жүрек мұздады.

Қаусатып кетті қарттарды

Қартайтып кетті қыздарды.

Би. «Сарбаздар»

Нұрайша: Алақай -ай әйгілі

Тоғызыншы май бүгін.

Алғаш күні шаттықтың

Соңғы күні қайғының.

Бағдәулет: Ер есімін алып жүрген,

Жас түлектер қаншама.

Батыр аға-апаларын

Таныстырып баршаға.

Еркеназ: Қайтпаған дауылдан,

Кек алған жауынан.

Халқымның қастерлі

Жайсаңы Бауыржан.

Шыңғыс: Ойлап-ойлап тұрдым көп,

Сұрақ қойдым білгім кеп:

Қуанышты мереке

Жеңіс күні қай күн?- деп

Атамнан да сұрадым,

Әкемненде сұрадым,

Ағамнан да сұрадым,

Анамнан да сұрадым

Тосты бәрі құлағын,

«Дұрыс»-десті сұрағың

Бейбіт күннің бәрі де

Жеңіс күні шырағым.

Ән: «Ел қорғауға әзірміз»

Жүргізуші: Балалардың тақпақтарына кезек береміз.

Мансур: Балдырғанбыз бақытты

Болашаққа сенеміз.

Ержүрек боп өскенде

Ел қорғауды білеміз.

Анель: Жау қолынан жұлып алып,

Жеңісті атам әкелді.

Оқ бораннан аман қалып

Атам көрді әкемді.

Жүргізуші: 1945 жылы 30-сәуірдің кешінде 18 сағат 30 минутта Жеңіс туы тігілді.Ту тіккен

батырымыз Рақымжан Қошқарбаев.

Өр тұлғалы келбетті

Қошқарбаев Рақымжан.

Сын сағатта ерлікпен

Ел сүйсінген батыр жан.

Арпалысып ел күнде

Аңсап талай жыл күткен,

Жеңіс күні Берлинде,

Рейхстагқа ту тіккен.

(Ортаға Рақымжан бейнесіндегі адам шығып жеңіс туын тігеді)

Әскер: Сүйінші,халқым сүйінші!

Ерлікке ғажап сүйінші!

Шаттан ата-анамыз,

Шаттан аға-баламыз

Кек қайтарып фашистен

Соғыс бітті жеңіспен! Ура-а-а!

Ән «Әрқашан күн сөнбесін» хор

Жүргізуші: Міне Жеңіс туы тігілді.Сол сәттен бері Жеңіс жалауы төбемізде желбіреп келеді.Содан бері арада жарты ғасырдан астам уақыт өтті.Сол кездері қанды шайқаста жеңіс үшін талай жандар жанын қиды,бірақ олардың есімдері ешқашан ұмытылмайды.Төбемізде жеңіс туы мәңгі желбіреп тұрсын деп осымен бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал