- Учителю
- Сыныптан тыс жұмыс Сүйкімді бүлдіршін
Сыныптан тыс жұмыс Сүйкімді бүлдіршін
Сүйкімді бүлдіршін
Зал әсем безендірілген. түрлі - түсті шарлар , көбелектер , гүлдер қойылған . «Сүйкімді бүлдіршін » деген жазу ілінген. Сайысқа қатысатын 6 қыз ортаға билеп шығады .
Би :" Ата толғауы" сайысқа қатысушы 6 қыз
Жүргізушілер :
1 - бала: Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық.
Аналарды , ұстаздарды, құрметтеп
Ән маржанын ашайық.
2- бала : Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар.
1-ші бала : Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар !
Бүгінгі 8-ші наурыз мерекелеріңіз құтты болсын!
2- ші бала : Бүгін әсем де сұлу , құлпырған қыздарымыз сіздердің алдарыңызда өз өнерлерін көрсеткелі тұр
1- ші бала : Мектепалды даярлық топтар арасындағы сайысымыз " Сүйкімді бүлдіршін " атты сайысымызға қош келдіңіздер !
2-ші бала : Сайысымыздың әділ қазыларымен таныс болайық :
1.Директордың бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары : Қырқынбаева Ләззат апай
1-ші бала : 2.Бастауыш бірлестік жетекшісі : Камалдинова Бақыткүл апай
2-ші бала : 3 Ән бірлестік жетекшісі : Смаева Айнаш апай
1-ші бала : Енді сайысымыздың ережелерімен таныс болайық сайсымыз 4 бөлімнен тұрады
1. Өзін - өзі таныстыруы
2. Үй тапсырмасы
3. Көйлек сән үлгісі
4 . Өз өнері
2- ші бала : Ақ арулар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға,
1-ші сайысымыздың шарты өзін -өзі таныстыру
0 " а " тобы Сұлтанахмет Назерке
2-ші бала ; 0 " ә" тобы Қойшығара Мерей
1-ші бала : 0"б " Қолғанат Күнсұлу
2-ші бала : 0 "в " Тасқожа Әсел
1-ші бала :0 " г " Серік Ғайни
2-ші бала :0 " д " Темірбек Ақлима
1-ші бала : Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
2-ші бала : Сайысымыздың 2-ші шарты " үй тапсырмасы " бүлдіршіндеріміздің үйде анасының көмегімен жасап әкелген тапсырмаларымен ортамызға шақырайық
Ән : 0 " д" тобының оқушысы
1-ші бала : Сайысымыздың 3-ші сатысы койлек сән үлгілері Әдемі қыздарды әдемі койлектерімен ортаға шақырайық : ( қыздар кезекпен шығып корсетеді )
0 " а " Сұлтанахмет Назерке
2-ші бала : 0 " ә" тобы Қойшығара Мерей
1-ші бала :0"б " Амангелді Торғын
2-ші бала :0 "в " Жанқожа Әсел
1-ші бала :0 " г " Серік Ғайни
2-ші бала :0 " д " Темірбек Ақлима
1-ші бала : О, қазақтың қыздары ғажап неткен,
Сұлулықты өнерді қанат екен
Паш етті қазағымды күллі әлемге
Оларға Ай қызығар қарап көктем.
2-ші бала: Би---Өзбек би " назлыгул" 0 " а " тобының қыздарын ортаға шақырайық
1-ші бала : Екінші көйлек үлгісі қиялдан туындаған койлек ( кезекпен шығып корсетіп тұрады барі бір қатарға бірдей айналып шығып кетеді)
Ән : 5 сынып оқушысы
1-ші бала : Көркемөнер - жас бөбек,
Сүйкімді болар бақпаса,
Тортасын алған бал қаймақ,
Бойына сылау жақпаса
2-ші бала: Үлпілдеген қызыл шоқ,
Басына үкі тақпаса, - дей келе қыздарымыздың өнерімен танысайық.
1-ші бала :Сайысымыздың 4- ші сатысы өз өнерлерін көрсету :
2-ші бала :0 " а " Сұлтанахмет Назерке
1-ші бала : 0 " ә" тобы Қойшығара Мерей
2-ші бала : 0"б " Қолғанат Күнсұлу
1-ші бала :0 "в " Жанқожа Әсел
2-ші бала : 0 " г " Серік Ғайни
1-ші бала : 0 " д " Темірбек Ақлима
2-ші бала : Арулар асыл жандар
Шуақ боп шашылғандар- дей отырып ашық жүзді , бота көз қыздарымызды салтанатпен ортаға шақырайық.
1-ші бала : Сіздер бүгін аруларымыздың өнерлі екенін байқадыңыздар. "сүйкімді бүлдіршін " атты сайысымыздың жеңімпаздарын анықтау үшін , директордың бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары : Қырқынбаева Ләззат апайды ортаға шақырамыз
2-ші бала :Бастауыш бірлестік жетекшісі : Камалладинова Бақыткүл апайға сөз кезегін береміз
1-ші бала : Қадірлі қонақтар бүгінгі сайысымыз осымен аяқталды
№ 261 орта мектеп
Ашық тәрбие сағаты : " Сүйкімді Бүлдіршін "
Күні : 05 . 03 . 2015 ж
Орындаған : Мамбетиярова Бақыткүл
Қызылорда 2015 ж