- Учителю
- Қазақ тілі ашық сабақ
Қазақ тілі ашық сабақ
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 7 « Б»
Тақырыбы: Нәтиже сабақ
Мақсаты:
Білімділік: Білімділік: өтілген модуль материалдарын қайталау арқылы оқушылардың меңгерген білімдерін жүйелеу,бекіту,тақырыпқа байланысты өз ойын айта білуге үйрету.
Дамытушылық: жеке тұлғаның өткен сабақты қайталай келіп,сөйлеу мәнерін,ойлау қабілетін лексикалық-грамматикалық тапсырмалар арқылы кеңейту,сөйлеу дағдыларын дамыту,пікір алысуға жетелеу.
Тәрбиелігі: Өз еліне,елінің өнеріне сүйіспеншілік арттыру;
өнерді үлгі ете отырып,өнер адамдары туралы жетістіктерін айту,өнерге қызығушылығын оятып,осы заманның озық ойлы,мәдениетті азаматын тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,қайталау
Көрнекілігі: Интерактивті тақта,слайдтар,тест
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру.Сабаққа назарларын аудару.
2.Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ (үнтаспадан қазақ әні естіліп тұрады)
Мұғалімнің балаларға сұрағы:
-Балалар,үнтаспада естіліп тұрған қандай музыкалық туынды?
-Қазақ халқының қандай өнерлерін білесіңдер?
-Қазақ халқы неге бай?
-Қазақтың қандай әншілері мен сазгерлерінін білесіңдер?
Сурет бойынша оқушылар әнші-сазгерлер туралы айтып береді.
(Интерактивті тақтада әншілер мен сазгерлер туралы айтып бересіңдер.
Слайд.
Ерте заманда адамдар құстармен, жан-жануарлармен сөйлесе білген. Олар алдымен құстың,жануардың дыбысын жақсылап тыңдап, кейін дәл сондай дыбысты өздері айтып көруге талпынған. Түрлі дыбысты алдымен ұрып, сілкіп ойнайтын аспаптармен үн шығарды. Біртендеп жан-жануарларға белгі беретін дыбыстарды ойлап шығара бастаған. Ұрып , сілкіп ойнайтын аспаптарда аттың шабысын,құстың ұшқаның , жануардың жүргенің , т.б салатын болған. Аспаптар осылай «сөйлей»бастаған.
Ал сендер қандай музыкалық аспаптарды білесіңдер? Слайд.
Сыбызғы - халық үшін ең сүйікті аспап болып табылады. Ол халықтық музыкалық өнердің ажырамас бөлігіне айналды. Сыбызғышылар барлық тойлар мен мерекелердегі құрметті қонақтар</ болған».
Өткен сабақтарда біз сендермен сыбызғымен танысқан едік, сол аспап туралы кім әңгімелеп бере алады? Сыбызғы қандай аспап? Ол неден жасалған? Оның дыбысы қандай?
Әдемі ,шыншыл музыка адам жүрегіне жол табады ма?
.Слайд.
Қалай ән ұнады ма? Сыбызғының үні неге ұқсайды?
Балалар, сендер әнге, өнерге байланысты қандай мақал- мәтелдердерді білесіңдер?
Ақын мен әнші- адамның бұлбұлы.Поэт и певец - соловьи человечества.
Жігітке өлең де - өнер,өнер де- өнер.Для джигита и песня искусство и ремесло - искусство.
Өлең - алтын,сөз -күміс.Слово - серебро, песня -золото.
Өлең өмірді ұзартады. Песня лета жизни прибавляет.
Өлең- сөздің патшасы. Песня - царица слова.
Ән - көңілдің ажары. Песня расскрывает красоту души. Жарайсыңдар.
Оркестрде қандай аспаптар жиі кездеседі?
Қандай ішекті аспаптарды білеміз?
Қандай үрмелі аспаптарды білеміз?
Қандай ұрмалы аспаптарды білеміз?
Оларды ұлттық аспаптары деп атауға бола ма ?
Сонымен өткен сабақтарда біз сендермен аспаптың түрлерімен таныстық,енді сол аспаптар туралы әңгімелесейікСабақта қазақтың ұлттық аспатарымен жақынырақ таныса отырып, осы тақырып бойынша өз ойларын қазақ тілінде жеткізе білуге үйренеміз.
Ұлттық аспаптарды көрініс ретінде қайда көріп танысуға болады?Слайд.
Домбырамен танысу барысында сендер төмендегідей жаңа сөздермен таныстыңдар, сол сөздерді қайталап шығайық:
Ішекті
қос ішекті
қоңыр
құлаққа жағымды
Балалар, осы мәліметтерге сүйене отырып, 127 беттегі 1 тапсырманы орындап көрейік.
Келесі тапсырманы дәптерлеріңе жазбаша орындайсыңдар. 127 беттегі 2 тапсырма(Дәптерге жазады)
-«Кел ойнайық» атты әріп ойын ойнайық.
Шарты: Әр әріптің астына жазылған сандарды ретімен қойса, шертпелі
аспаптың аты шығады. Жауабы: Жетіген.
Е Е І Ж Н Т Г
6 2 4 1 7 3 5
Балалар, енді оқулықтағы 5тапсырманы орындайық.
Ал енді соңғы аспабымыз дауылпаз.Оқулықта дауылпаз туралы мәтін берілген, сол мәтінді оқып, дауылпаз туралы кім сызба бойынша айта алады?
көне ағаштан
аспалы бауы
терімен
Аударма жұмысы .
У казахского народа есть различные музыкальные инструменты;
домбыра- казахский народный двухструнный инструмент;
сыбызғы -духовой народный инструмент;
жетіген-семиструнный инструмент.
«Жетіген»состоит из двух слов; жеті -семь, ән- песня.Дауылпаз относится к ударным инстументам.Звучание этих инструментов можно услышать в исполнении народного оркестра.
Сабақты қорытындылау.
Рефлексия
Үйге тапсырма: «Өнер тақырыбында шығарма жазып келіңдер»
Біздің сыныпта ұл-қыздар
Тату-тәтті тұрамыз
әлемдегі бар адамға
тек жақсылық ойлаймыз.
Балалар қонақтарға сыйлық таратып, қоштасады. Сабақ аяқталады.
№267 орта мектеп
Ашық сабақ
Тақырыбы: Нәтиже сабақ
Сыныбы: 7 «Б»
Өткізген : Арихова Л.Ж.
Қызылорда қаласы