7


  • Учителю
  • Қазақ әдебиеті пәнінен тақырыбы С.Мұратбеков Жусан иісі

Қазақ әдебиеті пәнінен тақырыбы С.Мұратбеков Жусан иісі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бекітемін:

Класы: 7«Ә»

Пәні: Әдебиет

Күні: 23.04.13ж

Сабақтың тақырыбы: Сайын Мұратбеков «Жусан иісі»

Сабақтың мақсаты: Ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұмат беру.

а) Шығарманың идеясын ,тақырыбын ашқыза отырып, шығарманы құрылысына қарай талдату

ә) тақырыпты меңгерту арқылы ақыл - ойларын, ой - өрістерін, тіл байлықтарын дамыту

б) адамгершілікке, бауырмалдыққа, достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, талдау жұмыстары.

Көрнекілігі: инетерактивті тақта. Суреттер, бейнебаян

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу. Түгелдеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

І. Тренинг өткізу ( адамгершілік, достық туралы)

ІІ Автор үшін алты сұрақ

І топқа: 1) Сайын Мұратбеков қай жылы, қай жерде дүниеге келді?

(1936 жылы Талдықорған өңірі Қапал ауданы, Қоңыр ауылында дүниеге келген)

2) Қай жылы қай оқу орнын бітірді?

( 1971 жылы Мәскеудегі М. Горький атындағы Әдебиет институтын)

ІІ топқа: 1) «...Сайын өзіне ғана тән тапқырыптық, жанрлық, стильдік даралығы, ерекше сөз нақышы, ашық үні, өзіндік бояуы бар шығармаларымен танылды» деп пікір айтқан кім? (Мырзатай Серғалиев)

2) Қай салада қызмет етті (Мұғалім)

ІІІ топқа 1) Жазушының ең алғаш шығармалары қай жылы жарияланды?

(1954жылы)

Қазақ әдебиеті пәнінен тақырыбы С.Мұратбеков Жусан иісі









«Ауыл оты»



«Дос

Қазақ әдебиеті пәнінен тақырыбы С.Мұратбеков Жусан иісі іздеп жүрмін» «Кәмен- Тоғай»



«Жусан иісі» « Жабайы алма »



Қазақ әдебиеті пәнінен тақырыбы С.Мұратбеков Жусан иісі

















ІІІ Шығарма құрылысына талдау

1 Әңгіменің басталуы

2 Шығарманың дамуы

3 Шығарманың шиеленісуі

4 Шығарманың шарықтау шегі

5 Шығарманың

ІУ Қысқа да , нұсқа

1 -топқа: 1

2

2 - топқа: 3

4

3 - топқа: 5

6

У. Кейіпкерлерге талдау

1 - топқа: Аянға мінездеме

Қазақ әдебиеті пәнінен тақырыбы С.Мұратбеков Жусан иісі









2 - топқа: Аянның портреті жазу

3 - топқа: Жағымды - жағымсыз кейіпкерлерді ажырату

УІ Рольдік ойындар

УІІ Кім? Қашан? Қайда?

Шығармалардан үзінді оқимын. Оқушылар қай кейіпкерлердің қашан, қай жерде айтқанын табады.

1 - топқа. 1) - Әй, анау кім ,ей?

(Садықтың Аянды ең алғаш атыспақ ойнап жүргенде көрген кезі)

2) - Барлық әріптерді неге тезірек үйретпейді екен?

(Аянның мектепке барып жүргендегі сөзі)

2 - топқа: 1) - Үйбай, бетім -ай, бұ дүбірлеген не десем, мыналар екен ғой

(Бапайдың кемпірінің ертегі тыңдап отырған балаларға айтқан сөзі)

2) - Тұра ғ ой. Мына жарты күрешкідегі сүтті Аянға апарып берейін

(Есікбайдың анасы, Аянды Тұражан сабап тастағанда сүт апарып беретін кезі )

3 - топқа: 1) - Иә, неге келдіңдер , балалар?

(Аян аяғын салдыруға барған дағы Асылдбек шалдың айтқан сөзі)

2) - Әй, жетпегірлер , тұрыңдар!

(Тұражанның жер жырту науқанындағы балаларға көрсеткен қорлығы)

УІІІ Пікірлесу бөлімі

  1. Автор повесті неге «Жусан иісі» деп атады?

  2. Аян ертегісінің «Бір жетім бала болыпты » деп басталуының себебі неде?

  3. Аян ертегіні көп айтады, бірақ неге мазмұны толық берлімейді?

Венн диаграмма



2 Соғыс салдарынан жетім қалды

1 Тәрбиесіздіктен

2 Ата - анасының құқығынан айырлыған балалар

3. тастанды балалар



Үйге тапсырма: Ой толғау

Бағалау.



Аян бейнесін құрастыру



  • Аянның түр-сипаты, киімі, іс-әрекеті, әдеті бейнеленген жолдарды мәтіннен тауып аламыз, осылайша кейіпкер бейнесін құрастырамыз.



  • "Шолақ жең, ақ жейде, тізеден жоғары қысқа қара шалбар киген, кекіл шашы бар, мұнтаздай таза бір бала тұр екен".

Бұл жолдардан Аянның қандай қасиеті байқалады?



  • "Ол өте ақкөңіл, ақылды бала екекн. Адамды іш тартып тұратын жайдары жүзі, не десең де көне кететін жұмсақ мінезі бізді бірден үйіріп әкетті.

Ең жақсы қасиеті- ешкіммен төбелесіп, сөзге келмейтіндігі. Бір- екі рет кейбір шатаққұмар балалар тиісіп те көрген екен. Аян үндеместен қабағын түйіп, ондайлардан сырт айналып кетіп жүрді" деген үзінді нені байқатадың?



  • "Аян екеуміз бір партада отыратынбыз. Бірінші күннен-ақ ол зеректігімен көзге түсті. Мұғалімнің тақтаға жазған әріптерін айна қатесіз қағазға түсіріп, тез жаттап алып жүрді. Тіпті келе-келе күніне бір-екі әріптен ғана өткенімізге көңілі толмай:

Барлық әріптерді тезірек неге үйретпейді екен. Шіркін, ағама хат жазар едім,-деп күңкілдейтін" деген үзіндіде нені байқадыңдар?



  • "Аянның әжесі өліп қапты деген сыбырды алқына тұрып, шүйінші сұрағандай бірімізге-біріміз жеткіздік.

Жарғақ сары тон киген Аян күлімдеп тұратын қара көзі шарасынан шыға жаутаңдап,

өңі боп-боз, есігінің алдында тұр екен. Үйінде көрші -қолаң әйелдер бір-бірімен шуылдаса

көрісіп, азан-қазан болып жатқанмен, ол көзіне жас алмапты"

  • Сонда қалай ойлайсыңдар? Аян мүлде жылай білмей ме?





  • "Жаз ортасы. Аңызақ жел ұйытқи соққан ыстық күннің бірінде ауылға тағы бір қаралы қағаз келді. Бұл жолғы қаралы қағаз ешкімнің үйінен зарлы жоқтау айтатын дауыс шығарған жоқ. Бұл жолы қаралы қағаз көшеде ойнап жүрген балалардың ең соңында.... "Ей, тоқтаңдаршы, мен сендерге кешегіден де қызық ертегі айтамын",- деп жалына дауыстай жүгірген Аянға келген еді. Ол үнсіз қабылдады. Қаралы қағазды ұзақ отырып екі-үш қайтара ежіктеп оқыды да, төрт бүктеп ышқыр қалтасына тықты. Онан соң ойнап жүрген балалардың жанына кеп, әдетінше алыс-жұлысты сырттай қарап қызықтап тұрды. Тек балалар үйді-үйіне тараған кезде, ол ауылдың шетіндегі ат қораға барып кірді. Соңынан мен де бардым... Аян қараңғы бұрышта бір уыс боп бүрісіп, екі алақанымен бетін басып солқылдап жылап отыр екен. Ұзақ жылады. Онан соң көзін сүртті де қорадан шықты".

Бұл үзіндіде Аянның қандай бала екендігін байқадыңдар?



  • Аян мен әңгімеші баланың бойынан қандай адамгершілік қасиеттерді байқадыңдар?

  • Олардың достығы туралы ойланыңдар да, шын достық туралы ойларыңды ортаға салыңдар.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал