- Учителю
- Тақырыбы: Мәтін, мәтіннің түрлері
Тақырыбы: Мәтін, мәтіннің түрлері
Сабақтың тақырыбы: Мәтін, мәтіннің түрлері .
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды мәтін және оның түрлерімен таныстыру. Берілген тапсырманы орындау барысында оқушылардың ой- өрісін кеңейту, тіл байлығын дамыту.
Дамытушылық: Оқушыларды топпен . жеке шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету.Оқушыларды өздік жұмыс істеуге үйрету, ізденуге үйрету.
Тәрбиелік: Сауатты және көркем жазуға баулу. Тиянақтылыққа , еңбексүйгіштілікке тәрбиелеу .
Сабақтың түрі : Жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: ана тілі ,дүниетану
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер ,
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру.
Қазақ тілі - өз тілім ,ана тілім,
Абай , Мұхтар сөйлеген дана тілім .
Қастерлейді ұл- қызың мәңгі сені
Қуанышым ,бақытым , дара тілім .
Енді тақтаға қараймыз .Осы сөздердің айырмашылығын табамыз . Сөйлемдерде не туралы айтылған ? Оқушылар тақтадағы сөйлемдерді оқиды .
-
Ереже : Мәтін мағына жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады . Мәтінге ат қоюға болады . Тақтадан мәтінді оқимыз және оған ат қоямыз .
-
Бұғы - сиырға ұқсас жануар . Оның мүйізі бұтақша тармақтанып өседі .Олар суыққа төзімді. Қыс кезінде қарға батпай жүру қиын . Бұғылар мүк пен қынаны жейді .
-
Бұғы қандай жануар ? - Сиырға ұқсас жануар .
-
Оның қандай ерекшелігі бар ? -Олар суыққа төзімді .
Тірек сөздерді пайдаланып мәтін құра .
-
Тақырыбы: Көше тәртібі .
Тірек сөздер : көше қиылысы ,көлік , бағдаршам , оң жақ , сол жақ , жаяу жүргінші жүретін жол .
Көшеде сақ бол ! Бағдаршамның жануына қара . Жаяулар жүретін жолдан өт. Жолдан өткенде көліктерден абай бол .
Мәтін 3 бөлімнен тұрады .
-
Басы. Әкем екеуіміз бақ ішінде қыдырып жүрміз .
-
Негізгі бөлімі. Уақиға болған жер .
-
Соңы. Уақиғаның аяқталуы .
Мәтіннің түрлері
Сергіту сәті:
Өзім жақсы баламын
Айтқан тілді аламын.
«Су әкеле ғой »- десе,
Су әкеле саламын . -Қандай бала ? Ұқыпты ,тәртіпті ,әдепті .
Орындап тұрған кім ? - Бала .
Мәтіннің қай түріне жатады ? - Сипаттау ( қандай ?)
Шығармашылық тапсырма . Ребусты шеш .Шешуіндегі сөзге мәтін құра .
9 ''' 40 ''' ''''' гүл
Тоқылдақ ( пайымдау мәтінін құрастыр)
Неліктен ? Тоқылдақ орманды құрт- құмырысқалардан қорғайды .
Өсіп тұрған ағаштар шірімесін деп ойлайды .Құстардың балапандары ауырмасын , аман жүрсін деп тілейді .
Дәптермен жұмыс .
Аюдың денесі ірі .Жүні бір түсті келеді .Аю - жыртқыш аң .
Мәтіннің қай түріне жатады ?
« Адасқан сөздер» ойыны . Мәтіннің сөздері адасып кетіпті , сұрақтарын орын -орындарына қойып , дұрыстап оқып шығайық .
Балалар , бүгін қандай тақырып өттіңдер ?
Мәтіннің ережесін айтып , сабағымызды қорытындылаймыз .
</ Үйге тапсырма: Жаттығу 150-151
Оқушылардың білімдері бағаланады .