7


  • Учителю
  • Батырлар күніне арналған ертеңгілік

Батырлар күніне арналған ертеңгілік

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Жігіт сұлтаны» сайысының сценарийі



Мақсаты: Жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу.

1 жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, тәрбиешілер, оқытушылар және біздің балабақшамыздың бүлдіршіндері.

2 жүргізуші: Армысыздар ағайын, құрбы-құрдас!

Бармысыздар, жан күйер әз-қауымдас!

Бүгінгі сайысты біз бастайық

Сайыста көңілменен қол соғалық.

Біздерде ойын-сауық басталады,

Қазақтың қасиетті Жігіттері,

Жанына нұр дарыған, жыр дарыған.

Дария ой, даналардан бата алғандар,

Айнымас алмас қылыш атанғандар.

Балабақша қасиетті Жігіттері,

1 жүргізуші: Олай болса Жігіттеріміздің батырлығын, ептілігін, білімдерін, ақылдығын тамашалайық. Құрметті тәрбиешілер, оқытушылар! Бүгін біз Батыр күніне арналған балабақшалық «Жігіт сұлтаны» байқауына жиналып отырмыз.

Бүгінгі байқауға қазылық ететін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейік:

..........................................................................................



2 жүргізуші: Байқауымызды ашық деп жариялап, Жігіттерімізді ортаға шақырамыз.

Қошеметтеп шақырайық ортаға 1 топтың Жігіттерін .....................................

1 жүргізуші: Шақыралық қошеметпен ортаға 2 топтың Жігіттерін................

2 жүргізуші: Ортамызға 3 және 4 топтың Жігіттерін шақырамыз.........................

Жігіттер келіп жетті танысуға,

Бойындағы бар дарынды дамытуға

Қорықпастан ортаға келіп жетті

Әдеппен сіздерменен танысуға

Жігіттеріміз өздерін таныстырып өтсін.

Ал әділқазылар алқасы берген бағаларын

айтып өтсін.





1 жүргізуші: - Енді сайыстың бағдарламасымен таныстырып өтейік:



Сайысымыз 6 бөлімнен - аялдамадан тұрады.



1 Интеллектуалды «Ескірмейтін есті сөз» - сұрақтар



2 Спорттық - «Күш атасын танымас» - «Әтештер күресі», «жастықпен төбелесу».



3 Музыкалық аялдама - «Әнді кім таниді»



4 Әзіл-сықақ аялдамасы - жануарды көрсету



5 Би аялдамасы - қара жорға, рэп



6 сурет салу аялдамасы - батырдың бейнесін салу



2 жүргізуші: Достарым, түсініңдер сөздің нарқын,

Әр кезде бола берсін жүздер жарқын.

Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың,

Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын.

1 жүргізуші: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымызда аяқталып келеді. Енді сөз кезегін әділ қазыларға берейік.













 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал