7


  • Учителю
  • Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті Құстардың тіршілігі

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті Құстардың тіршілігі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің технологиялық картасы

мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Таным, Шығармашылық

Бөлімдері: Қоршаған ортамен танысу, Мүсіндеу

Сабақтың тақырыбы: Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі, Торғай

Мақсаты: 1. Қыс мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру.

2. Қыс кезіндегі құстардың тіршілігі туралы әңгімелеу арқылы балалардың қамқорлық жасауға деген белсенділіктерін арттыру.

3. Табиғатты аялауға баулу.

Сөздік жұмыс: жем, нан қиқымдары, кептірілген жемістер, үйшіктер.Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Балаларды дөңгелене тұрғызып, төмендегі өлең жолдарын айтқызады.

Кел,балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік,

Қабақ түйген не керек,

Көңілді боп жүрейік.

Бәрі қосылып айтады.

Ұйымдастыру-

іздестіру

1. Қыс мезгілінің ерекшелігін әңгімелейді. Т.Молдағалиевтің қыс туралы өлеңі оқылады.

2. «Құстар қалай қыстайды?» ертегісін оқу арқылы құстардың қысқы тіршілігімен таныстырады.Құстардың қысқы тіршілігі бейнеленген суреттер арқылы балаларға құстардың тіршілігі жөнінде түсінік беру.

Қыс мезгіліндегі құстардың азығы, олардың немен қоректенетінін әңгімелеу. Адамдардың құстарға жасайтын көмектері туралы мағлұмат беріледі.

3. Сергіту жаттығуын орындату.

Күнде аспанға қараймыз,

Қайтқан құсты санаймыз.

Үшбұрыш боп тырналар,

Көк жүзінде сырғанар.

Белгі бойынша балалар орталықтарға бөлінеді.

1.Кітап орталығы:

Сурет бойынша балалар әңгіме құрастырады.

«Құстар» дидактикалық ойыны:

Шарты:суреттер бойынша құстарды екі топқа топтастыру. Жыл құстары және отырықшы құстар.

2. Өнер орталығы:

Балалар үлгіге қарап торғайдың бейнесін мүсіндейді.

Балалар белгі берілген кезде, орындарын ауыстырып отырады.

Тыңдайды, сұрақтар қояды, сұрақтарға жауап береді.



Балалар сурет бойынша қыс мезгілі туралы әңгімелейді. Құстарға өздері қалай көмек көрсеткендері туралы айтады.



Өлең мазмұнына байланысты қимылдар жасайды.











Сурет бойынша жыл құстары мен отырықшы құстардың аттарын атайды.Оларды екі топқа топтап айтады.

Рефлексивті-

түзетушілік

5. Сабақты қорытындылау. Балалардың білімдерін бекіту үшін төмендегідей сұрақтар қойылады:

1. Біздің өлкемізде қандай құстар қыстап қалады?

2. Олардың тіршілігі туралы әңгімеле.

3. Қыстап қалатын құстарға адамдар қандай көмек көрсетеді?

Сұрақтарға жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырып айтады.



Күтілетін нәтиже: құстардың қысқы тіршілігі оларға қамқорлық туралы өз көзқарасының болуы.

Білуі тиіс: қыстап қалған құстарға қамқор бола білу.

Түсінігі: жанар жыл құстары мен отырықшы құстардың тіршілігіндегі айырмашалаған түсіну.

Көрсете білуі: тапсырмаларды дұрыс орындап көрсету.





























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал