7


  • Учителю
  • Статья опубликовано родителям как методическая помощь на тему Бала тәрбиесі

Статья опубликовано родителям как методическая помощь на тему Бала тәрбиесі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бала тәрбиесі

Бала тәрбиесі ата - бабамыздан келе жатқан үлкен мәселелердің бірі. Қазақ халқымыз тәрбиеге көп көңіл бөлген. Яғни, бала - ата-ананың қолындағы аманат. Олардың жүректері пәк, таза, гауһардай құнды. Бала жас шыбықтай иілгіш келеді. Кез-келген пішінге салуға болады. Құнарлы топыраққа ұқсайды. Құнарлы топыраққа не ексең, соның жемісін аласың. Сондықтан бала неге бейімделетін болса, сол бойынша бағыт алады, сол бойынша өседі. Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі. Балаларға иман, Құран кәрім және Аллаһу та'аланың әмірлерін үйретіп сонымен жүруге дағдыландырса, дін және дүние бақытына қауышады. Бұл бақытқа, сауапқа ата-анасы, ұстазы да ортақ болады.

Бүгінгі таңда бұл бала тәрбиелеу улкен орын алып отыр. Соның ішінде мектептегі бала тәрбиесі, мектептегі баланың ата - анасымен қарым - қатынасы, мектеп ұжымымен ата - ананың байланысын еске алған дұрыс. Бала тәрбиесіндегі ата - ананың жұмысы орасан зор екені бәрімізге мәлім. Бірақ сондада ата - аналар жауапкершілігін түсіне бермейді. Баланы анасының құрсағында жатқанда-ақ тәрбиелеу керек деген қағида қазір кеңінен таралып кетті.Бала дүниеге келмей тұрып - ақ, баланың тәрбиесіне көп назар аударуы абзал. Әрбір бала өз ата - анасының айнасы деп айтуға да болады. Баланы ата - ана өздері арқылы тәрбиелейді. Яғни, ата - ана үшін басты байлық денсаулық болса, спортпен айналысқанда шыңайы ұнататын болса, онда бала да салауатты өмір салтын ұнататынына еш күмән жоқ. Табиғи ляззаттарды бағалай білген бала ешқашанда химия заттары арқылы сезіленетін жасанды рахатты іздемейді. Баламен бірге көбірек уақыт өткізуге тырысу керек. Ол үшін әрине, онымен бірлесіп сурет салып, театрға барып, спортпен айналыссаңыз, үй тапсырмасын бірге орындасаңыз балаңыз сізге жақын болады. Мектептегі жетістіктерінен хабардар болыңыз, баланың достарын үйіңізге шақырыңыз. Баланы қадағалаудың орнына, онымен бірге өмір сүріңіз. Мектептегі мұғалімдермен тығыз қарым - қатынаста болуының маңызы зор. Мектеп ұжымымен, мұғалімен отбасы арасында жақсы қарым - қатынас орнаса баланың өсіп, жақсы тәрбиеленуі күмән жоқ. Осының барлығын орындасаңыз балаңызбен рухани тұрғыда табыса аласыз және де баланың сенімі мен құрметіне ие боласыз.



</ Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектебі

Мектеп психологі:Серикова Асия Максутқызы







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал