- Учителю
- Тұрақты сөз тіркесі ашық сабақ жоспары 5 сынып
Тұрақты сөз тіркесі ашық сабақ жоспары 5 сынып
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Күні: 18.11.15 сыныбы: 5 «б»
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы
Тұрақты сөз тіркестері
Сілтеме
Интернеттен мағлұмат алу. Қосымша материалдар.
Қажетті қосымша құралдар:
Интербелсенді тақта, топ идеясын қорғауға қолданылатын құралдар (түрлі түсті маркерлер, А-3 қағаздары, стикер, үлестірмелі материалдар, аудиожазба, фразеологиялық сөздік, т.б.)
Мақсаты
Оқушылар тұрақты тіркестер туралы түсінік алады және оларды сөз аралығында қолдана білуге үйренеді. Сөз құдіретін терең түсініп, орынды қолдана білуге,шапшаңдыққа, іскерлікке тәрбиеленеді.
Оқыту нәтижесі
Өз бетінше салыстыра біледі,қорытынды жасай білуге үйренеді, дағды -машығы, таным белсенділігі артады,тіл байлығы дамиды.
Түйінді идеялар
1) Интернеттен мәлімет іздеу оқушылардың тәуелсіз ойлауына және олардың ой қорыту, өзіндік түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді.
2) Сыни тұрғыдан ойлау балалардың өз идеясын сенімді түрде білдіруіне, түрлі көзқарастарға көңіл бөлуге және оларды бағалауға мүмкіндік береді.
3) Балалардың жауабын бақылау, жазып алу мен талқылау сауатты оқытуға ықпал етеді.
Жас ерекшеліктеріне қарай білім беру
топтастыру
Психологиялық ахуал тудыру. «Жүрек жылуы»
Оқушыларды ортаға шақырып, бір-біріне тілектер айтқызады.
Ұйымдастыру.
Стикерлер арқылы топтарға бөледі.
«Лото» ойыны бойынша үй тапсырмасы сұралады.
Зымыран сұрақтар:
1.Эвфемизм дегеніміз не?
2. Дисфемизм дегеніміз не?
3.Төмендегі сөздерді эвфемизмге айналдырыңдар.Өтірікші, ұры, мылжың, өлді.
4.Мына дисфемизмдердің синонимін тауып жаз.Оңбаған, өсекші, надан,сақау.
5.Эвфемизм мен дисфемизм қай тілден енген сөз?
Жүректі бере отырып, бір-біріне жүрекке жылы, жақсы тілектер айтып шығады.
Әр түрлі түсті стикерлер арқылы топтарға бөлінеді.
Сұрақтарға жауап береді.
Сыни ойлау
Ой қозғау стратегиясы
Аудиожазбадан төмендегі үзінді тыңдатылып, бейнелеп айтқанда қалай болатыны айтылады.
Біздің сыныпта Айғанымның білмейтіні жоқ, бәрін де істей алады. Ол өлең де шығарады, сурет те сала алады, ән де айта алады, домбыраны да шебер ойнай алады, жүргізуші де болады, компьютерді жетік біледі. Бейнелеп айтқанда мұндай адамды қалай деп айтады? (Сегіз қырлы, бір сырлы. Он саусағынан өнер тамған). Ендеше, бұл сөздер қазақ тілінде қалай аталады? Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
Сабақтағы мақсатымыз не?
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындатады.
Оқушылар аудиожазба арқылы қандай тақырып өтетіндерін өздері табады.
Сабақтың тақырыбына өздері шығады, мақсатын айтады.
Диалог
«Тұрақты сөз тіркесі » дегенде ойларыңа не келеді? Тұрақты тіркестер туралы не білесіңдер? Өз білетіңдеріңді еске түсіріңдер. Алдарындағы дәптерге 4-5 мин. үлгеріп жазу керек. Бір пікір қайталанбайды. Әрбір топтан бір спикер топтың ортақ келісілген пікірін қорғайды.
«Білемін, білгім келеді, білдім» кестесін толтыртады.
Тұрақты тіркес туралы білетіндерін, нені білгісі келетіндерін дәптерге жазады.
Білемін
Білгім келеді
Білдім
Білу
АКТ-ны қолдану
Интернет, топтастыру стратегиясы
Оқулықпен жұмыс . 111-жаттығу.
Қайсылары антонимдік қатар, қайсылары синонимдік қатар құрып тұрғнын айтыңдар.
Тапсырмалар:
Фразеологиялық синонимдер тобы орындайтын тапсырмалар:
I Мына фразеологизмдердің мағынасын білдіретін сөздерді жазыңдар.
1.Жүрегі алып ұшты - қобалжыды
2.қара қылды қақ жарған -
3.кірпік қаққанша -
4.бармағын тістеу -
II Мына сөздердің фразеологиялық синонимдерін жазыңдар:
-
Бақытты - маңдайы ашылған, қыдыр дарыған, бақ қонған.
-
Көп -
-
Айқын -
-
Алдану-
Ауызша орындайды.
Дәптерге орындайды
Фразеологиялық антонимдер тобына берілетін тапсырмалар
II Мына сөздердің фразеологиялық баламаларын жазыңдар.
1.Тыңдамау - құлақ аспау.
2.жылдам -
3.ұрламау-
4. қорқу-
II Мына тұрақты сөз тіркестерінің антонимдерін тауып жазыңдар.
1.Жүрек жұтқан -
2. Ит арқасы қиянда -
3.Бетінен оты шығу -
4.Ат ізін салмау -
Түсіну
Сыни ойлау
Оқулық, сұрақ-жауап (ашық сұрақтар)
Үлестірмелі кестемелер
Берілген мәтін қай шығармадан алынғанын анықтап және мәтін
ішінен тұрақты тіркесті табу қажет.
1.Өз үйіне келгенде ол бой жазып қалады. Үйі өте кішкентай болса
керек. Киізі қырық жамау күркесіне келіп «Қайран өз үйім, кең
сарайым боз үйім» деп керілгенде, екі аяғы тізесіне дейін күркеден
шығып жатады екен.
2.Ол қолына жүз батпан шоқпарын алып, Керқұла аттың шабысымен дәуге
қарсы шаба жөнеледі. Көзді ашып-жұмғанша дәудің бір басы ұшып
түседі.
Оқулықтан оқып, жұппен, топпен талқылайды, сұрақтардың жауабын
айтады.
Қолдану
Диалог
Оқулық
Флипчартпен жұмыс
Семантикалық кесте
Жаңа білімдерді қолданады. Activ Inspire бағдарламасында флипчартпен жұмыс. Сәйкестендіру.
АКТ-ны қолдану
сергіту
Сергіту сәтін ұйымдастырады.
Бейнетаспадағы «Қаңқалар» әуенімен жаттығу жасайды.
Талдау
Сыни ойлау
Лексикалық талдау жасау.
I топқа ит өлген жер, II топқа елге сыймады деген сөзге лексикалық сатылай кешенді талдау жасау.
Тақтаға шығып, сатылай кешенді лексикалық талдау жасайды.
Жинақтау
Сыни тұрғыдан
ойлау
Вен
Диағрам
масы
«Вен диаграммасы» арқылы салыстыру
Еркін сөз тіркесі мен мен тұрақты тіркестердің ұқсастығы және
өзіндік ерекшеліктері.
4. «Вен диаграммасы» арқылы салыстырады, ортақ ұғымды
табады.