- Учителю
- План урока на тему Дауыссыз н мен ң
План урока на тему Дауыссыз н мен ң
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз н мен ң
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға н мен ң әріптерінің дауыссыз дыбыстар екенін аңғарту. Оқушылардың тілін , шығармашылық тқабілетін дамыту, әдемі көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, үлестірмелі карта, перфокарта, таблица, венн диограмасы.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылыарды түгендеу.
-
Үй тапсырмасын тексеру. Дауыссыз дыбыс ережелерін сұрау, мысал келтіру. Қатаң, ұяң, үнді дыбыстарды өз ұяшығына салу. Л мен р дыбыстарына мысал келтіру.
-
Жаңа сабақ:
Таблицаны көрсету арқылы түсіндіріледі, ң дыбысы ешқандай сөз басында келмейді. Сөздердің ортасында, аяғында келеді.
4.Дәптермен жұмыс.
Дәптерімізді ашайық
Салақтықтан қашайық
Н мен ң әрпін
Әдемі етіп жазайық.
«Жаңбыр» сөзін көркем етіп жаз.
5.Оқулықпен жұмыс. 129-жаттығу. Сөздерді көшіріп жаз. Н, ң әріптерінің астын сыз. Сөздерді түсіндіру. Мең -адамның денесіндегі дақ, сең- өзендегі жатқан мұздың бұзылп жүруі.
130-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы.
Сергіту сәті:
Толқиды теңіз бір
Толқиды теңіз екі
Толқиды теңіз үш
Теңіз буырқанады, буырқанады
Кенет тына қалады.
131-жаттығу. ңғ, нг, ңг әріптерінің тиістісін қойып, көшіріп жаз. 132-жаттығу. Жауынгер, таңғы, әңгіме сөздерін қатыстырып сөйлем құрап жаз.
Терме диктанты: Екі топқа бөлінеді. Біреуі н дыбысы , екінші топ ң дыбысы бар сөздерді теріп жазады. Мәтел, Маңғыстау, шаңғы, жауынгер, соңғы, үнді, қауын, лашын ,үзеңгі, қоян.
Қорытындылау:
Екі топ н мен ң дыбысы бар сөздерді топтастырады.
шаңғы
Науа Ана
Н таңғы
Лашын нан ң жаңбыр
әңгіме аңшы
-Осыдан қандай ортақ қасиет шығаруға болады?
-Екеуі де дауыссыз, үнді дыбыстар
Бағалау.
Үйге: 134-жаттығу. «Менің Қазақстаным» тақырыбына әңгіме құрап жазу