7


Мақсатты келер шақ (7-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7 «А», «Б»

Пән мұғалімі: Утеулиева Ж.

Мерзімі:«Кір жайғыш», диалогтік әдіс, «Кім жылдам?» ойыны.

Күтілетін нәтиже

Мақсатты келер шақ туралы оқушылардың түсініктері қалыптасады, сөз мағынасына мән береді, диалогтік оқыту арқылы дұрыс сөйлеу дағдысы қалыптасады, жасалу жолдарымен және жіктелу үлгісімен танысады.

Негізгі идея

Келешекке мақсатпен көз тігу қажет.

Ресурстар

Қазақ тілі 7-сынып оқулығы, дидактикалық материалдар

Жабдықталуы

Флипчарт, үлестірмелі материал, кеңсе заттары,т.б





Ұйымдас

тыру. Сергіту

1 мин

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

«Мен таптым» әдісі

Қатысушылар дөңгелене отырып, кезекпен бірден жетіге дейін санайды. Жеті санын айтатын адам «Жеті» деудің орнына, орнынан тұрып, «Мен таптым» деп айтуы керек. Кім жаңылысса, сол ойыннан шығады.





Топқа бөлу

1 мин

1-топ «атом» тобы

2-топ «молекула» тобы

«Атомдар мен молекулалар» әдісі

Жүргізуші «атомдар» деген кезде, ойыншылар жеке дара жүреді де, «молекулалар, бесеуден» немесе «молекулалар, үшеуден» деген кезде, бес немесе үш адамнан тез арада топтасады. Кім топқа қосыла алмай қалса, айып төлейді: өз өнерін көрсетеді немесе көпшіліктің тілегін орындайды.

слайд



Үй тапсырмасы

5 мин

«Сұрақты ұстап ал» әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралады.

157-жаттығудың орындалуын тексереді.

Бір топ 2-ші топқа допты лақтыра отырып, сұрақтар қояды. Допты қағып алған оқушы сұраққа жауап беріп, келесі топқа лақтырады. Солай ойын жалғаса береді.

слайд, доп



«Инсерт» әдісі

Мағынаны тану



2 мин

V - «білемін»

  • «білмеймін»

+ «мен үшін жаңа ақпарат» -? «мені таңқалдырады»

Мақсатты келер шақ (7-сынып)Мақсатты келер шақ (7-сынып)Мақсатты келер шақ (7-сынып)Мақсатты келер шақ (7-сынып)

Слайд, оқулық





«Ой қозғау» стратегия

2 мин

Жіктік жалғауды еске түсіртеді.

Оқыды, айтты сөздерін жіктеу

тақта, бор



Жаңа сабақ.



10 мин

Ережемен таныстыру.

Қимылдың, іс-әрекеттің келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіретін келер шақ түрі мақсатты келер шақ деп аталады.

-мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнағы арқылы жасалады.

Оқушылар ережемен танысады.

Мен ки-мек-пін

Сен ки-мек-сің

Сіз ки-мек-сіз

Ол ки-мек

Біз ки-мек-піз

Сендер ки-мек-сіңдер

Сіздер ки-мек-сіздер

Олар ки-мек

слайд



«Бір айналым сөз»

5 мин

Зерттеушілік әңгіме жүргізіледі. Әр топ берілген мақалға талдау жасайды.

«Атом» тобына:

Бас кеспек болса да,

Тіл кеспек жоқ.

«Молекула» тобына: Жүректе қайрат болмаса, Ұйықтаған ойды кім түртпек?

А4 форматты қағаз,

маркер





Сергіту сәті



1 мин

Бейнеролик «Үш аю»



Оқушылар бейнероликтегі қимылдарды қайталайды

бейнеролик



Топтық зерттеу





2 мин

«Кім жылдам?» ойыны



2 топ мақал айтудан жарысады.





Дәптермен жұмыс

5 мин

160-жаттығу

Мақсатты келер шақпен тұлғалас зат есімдерді теріп жазады.

Оқулық, дәптер



Постер қорғау

5 мин

«Мәдениетті оқушы»

«Мәдениетті оқушы» қандай болмақ? тақырыбына постер қорғау.

А4 форматты қағаз,маркер,

стикер,қайшы





«Нақты жауап айдары»



2 мин

«Кір жайғыш» әдісі Оқушылар жаңа сабақты өздері қорытады.

Мақсатты келер шақ (7-сынып)

плакат, маркер, түрлі-түсті стикер



Бағалау

2 мин

Формативті бағалау



Әр топ басшылары өз топ мүшелерін ұпай санымен бағалайды.



А 4 бағалау парақтары





Рефлексия

1 мин

Не үйрендім? Не үйренгім келеді? Мақсатты келер шақ (7-сынып)

Оқушылар өз ойларын стикерге жазып, «Даму» ағашына жапсырады.

«Даму ағашы» бейнеленген плакат, стикер



Үй тапс

1 мин

161-жаттығу















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал