7


Менің отбасым сайыс жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Көп балалы отбасы күніне орай ұйымдастырылған іс шара.



Мақсаты: Ата-ана мен балалар арасындағы тәрбиенің жан-жақты дамуын байқау.

Жүргізуші- ата- аналар комитетінің мүшесі Тыныбаева:

Қайырлы күн , құрметті ата-аналар, қонақтар! Бүгін ата-аналар комитетінің ұйымдастыруымен,көп балалы отбасы күніне орай өтетін іс- шараға қош келдіңіздер

Баланың бас ұстазы - ата-ана.Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұщыратын ата немесе әке де қыран болу керек» деп текке айтылмаған.Әр отбасында ата-ананың орны бөлек.Бала әкеден- ақыл, анадан - мейірім алады. Әке - отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі деп білесің, ана - отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы. Жақсы ана отбасына береке әкеліп, жанұясын бақытқа бөлейді. Отбасы - шағын әлеуметтік топ, ол- бала үшін өмір мектебі. Қазақта жақсы сөз бар «Әке- асқар тау, ана- бауырындағы бұлақ, бала- жағасындағы құрақ» деген. Бала үшін ең жылы ұя ата- ананың аялы алақаны, мейірімі, қайырымдылығы.Бүгінгі бас қосыуымызда ата-анамен бала арасындағы сыйластықты нығайту.

Болашақ үшін қиындыққа қол созғасын

Жазған ойың ел арманын қозғасын.

Бүлдіршіннің жүрегіне жол тартқан

Ізгі ниет, жақсы өнеге тозбасын,- деп, бүгін «Жыл отбасы» жанұя байқауын бастайық.Алдыменен

Ақ көңілмен, ниетпен,

Әділ баға берсін деп,

Шаршамай, еш жалықпай,

Айтқаныңызға көндік деп

Әділқазы алқасын, сайлап алсақ жөн болар. (Әділқазыларды сайлау )

Енді бағдарламамен таныстырып өтейін.

  1. сайыс: Таныстыру.

  2. сайыс: Өнелі өрге жүзеді.

  3. сайыс: Сөз сыры.

  4. сайыс: Мақал- мәтел шешейік.

  5. сайыс: Үздік аспаздар.

  6. сайыс: Сіз балаңызды білесіз бе?

«Жеті өнер аз жігітке» деген сөз бар,

Баға берші, сынай қарап халқымыз.

Мақтанам дәстүрі бар жұртымызға

Сан жүйрік сынға түсті сайысуға. - дей келе «Таныстыру»-ды бастайық. . Әкелер жеті атасын айту арқылы өзін таныстырады, сонан кейін жанұяларындағыларды таныстырып өтеді.

1. Бикеновтар отбасы. Құрамы бес адам.

  1. Сарсенбаевтар отбасы. Құрамы бес адам.

  2. Қайырбаевтар отбасы. Құрамы төрт адам.

  3. Игібаевтар отбасы. Құрамы төрт адам.

Шырынның орындауындағы ән тыңдайық.

Келесі сайысымыз «Өнерлі өрге жүзеді!» Әр жанұя ән,би,тамаша- көрніс арқылы өз өнерлерін ортаға салады.

Келесі сайысқа дейін Насиманың мың бұралған биін тамашалайық.

Қатыссаңдар көтере көңіл күйін,

Ойынның ойнайсыздар неше түрін.

Сөздерден көп жаңа сөз құрап шықса,

Мақсатқа жетеміз- ау біз де бүгін - деп келесі сайысымыз «сөз сырын» шешейік. Мына қағазда сөз беріледі(Алтыбақан ), сол сөзден 1 минут ішінде бірнеше сөз құрау керек.

Келесі сайысымыз «Мақал- мәтел шешейік». Сіздерге берілген уақыт ішінде 7 мақал беріледі, ол мақалдардың жалғасын тауып жазу керек. Ал іске, сәт кім жылдам екен.

Біраз дем алып, Айгерім мен Шырынның орындауындағы әсем ән тыңдайық.

Келесі сайысымыз «Үздік аспаздар» сайысы , атында тұрғандай ,әр жанұя жылдам, әрі жеңіл тамақ түрін дайындап жіберейік.Дайын болған тағамды жасалу жолын түсіндіру, әділқазыларға дәм татқызу.

Соңғы сайысымыз сауалнама «Сіз балаңызды білесіз бе?».Әр отбасы мүшелеріне жеке- жеке, әр қағазда 10 сұрақтар берілген,соған орай жауап бересіздер.

Бүгінгі өтіп жатқан сайысымыз өз мәресіне жетті.

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп сауықтан байқауымыздың соңында

Ақ тілекпен баршаға әділқазы сөз алар.

Сөз кезегін қазылар алқасына береміз.Әділқазылар өз шешімдерін айтып,жеңімпаз отбасын «Жыл отбасы» жариялайды, әр номинация бойынша мадақтау қағазымен және сыйлықтармен марапатталады.

Сөз кезегін мектеп диреторы Кунапин Е ағайға береміз.

Жүргізуші: Қортынды сөз.

Адам баласының ажары да, бақыты да отбасынан басталады. Ал отбасы бақыты деген не? Ол адам бойына сырттан келіп сіңетін немесе аспаннан құйылып денеңе жұғатын нәрсе емес қой. Оның да көктеп шығатын тұрағы бар.Адам баласының бақыты оның үзіліссіз тәлімімен тәрбиесінен қалыптасатын жарқын да адал мінездеріне байланысты. Шындап келгенде, отбасы бақыты ата- ананың өз қолында.Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі,- дегендей бүгінгі сайыс арқылы барлық отбасының берекесі кетпеген, ұйымшыл, жан- жақты екенін көрдік. Жеңімпаз «Жыл отбасын» Құттықтаймын!. Барлық отбасыларына дендеріңізге саулық,бақыт,тілейміз.Қатысқандарыңызға алғысымды білдіремін.Рахмет!.



































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал