7


Сыныптан тыс іс- шара

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныптан тыс іс- шара

Сынып: 7-8

Іс- шараның тақырыбы: «Өнеге -отбасынан»

Мақсаты:Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігін нығайту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қанатты сөздер «Бала тәрбиесі - бесіктен» , «Ата - бәйтерек, бала - жапырағы», карточкалар, слайдтарды қолдану.

Түрі: викториналық сұрақтар, жағдаятты шешу

І. Ұйымдастыру.

Викториналық сұрақтар

II. «Бақытты отбасы» суреті.

IІІ.Тығырықтан шығу

V.«Сөз тапқанға-қолқа жоқ».

Қорытындылау:

Мұғалім:

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз «Өнеге- отбасынан» тақырыбындағы сыныптан тыс іс-шарада бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз. Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты - балада» деген екен. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек.

Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата - ана алдында нәзік те қиын, қыр - сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол - бала тәрбиесі. Бала үшін үй ішінен, ата - анадан артық тәрбиеші жоқ. Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу - отбасы мен мектептен алған үлгі- өнеге жиынтығының жемісі.Ендеше, бүгінгі сайысымызды бастайық.

І бөлім Таныстыру.

1 топ «Алтын ұя»

2 топ «Берекелі отбасы »

ІІ бөлім.

«Білімдіге дүние жарық» деп аталады. Мұнда топтың шапшандылығын, біліктілігін аңғарамыз. Ендеше викториналық сұрақтар беріледі.

І топқа

  1. ҚР тәуелсіздікті қашан алды. (1991ж. 16-желтоқсан)

  2. Қандай ұлттық тағамдарды білесің?«қазы-қарта, жал-жая,бесбармақ,қымыз, шұбат.»

  3. Ұлттық киімдер қалай аталады? ( тақия, бешпет, қамзол, сәукеле, тон, кимешект.б)

  4. Беташар қашан айтылады? ( келін түскенде)

  5. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін ата? ( шілдехана, бесік той, тұсау кесу, қыз ұзату. т.б.

  6. Әкеден балаңа берілетін зат( мұра)

  7. Үйдегі алтын адам кім?( ана)

  8. Бес дұшпанды атаңдар? ( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек ,бекер малшашпақ)

ІІ топқа

  1. Тәрбие мен білімнің ордасы( мектеп)

  2. 18жасқа толмағана дам( бала)

  3. «Өзін-өзітану»бағдарламасының авторы кім? ( С.Назарбаева)

  4. Екі адамның бір-біріне деген адалдығы ( достық)

  5. Қазақстанда қандай білім алу міндетті түрде( орта)

  6. Бес асылды атаңыз (талап, еңбек, тереңой, қанағат, рақым)

  7. Үш арсызды ата? ( ұйқы, тамақ, күлкі)

  8. Қазақстанның президентін ата(Н. Ә. Назарбаев

  9. Мемлекеттік рәміздерді ата ( елтаңба, ту, әнұран)

ІІІ бөлім .

«Бақытты отбасы » суретін салу және қорғау

ІV бөлім

«Тығырықтан шығу»

Жағдаяттық сауалдар беру.

Сенің өзіңнің жақын адал досың бар, бірақ онымен дос болуға ата-анаң қарсы. Сен не істейсің?

Ұзақ тоқсан, досың сабақ оқуын азайтып, сабақ үлгерімі төмендеп кетті, ал сен не істейсің?

Сенің сабақ үлгерімің орташа.Сыныптастарың сені білімің бойынша бағалап, адамгершілік қасиеттерінді көре білмейді.Сен не істейсің?

Пән мұғалімдері сенің жауапкершілігіңді бағалап ертеңге біржұмыс тапсырды. Белгілі себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың, не істейсің?

Сыныпта сабақтан себепсіз көп қалып қоятын оқушы бар. Ол оқушыға деген көз қарасың қандай?

V бөлім

«Тіл өнері» мақал мәтелдің жалғасын табу. (Сәйкестендіру)

Ананың көңілі балада, …………………….. ( баланың тілі - бал)

Ұяда не көрсең , ……………………………… ( туған ананың күтімі жылы)

Ананың сүті - бал, ………………………….. ( ұшқанда соны ілерсің)

Туған үйдің түтіні жылы, ……………………… (баланың көңілі далада)



Анаңа ауыр сөз айтпа, …………………………. (оны тәрбиелеу үлкен ғылым)

Бала - бақшадағы гүлің, ------- (әдепсіз бала ата-анасын қақсатар).

Құс балапаны үшін----------(артыңа ауыр жүк артпа)

Әдепті бала ата-анасын мақтар ----- (тұзаққа түседі,)

VI. Бейнематериал көрсету

VІІ бөлім

Қорытындылау:

Халқымыздың аяулы ұлы Бауыржан Момышұлы кезінде былай деп мұңайған екен: «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келе жатыр. Оның қолына қылыш берсе, кіді де болса, шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке-шеше жоқ». Бауыржан атамыз бүгінде арамызда жоқ.

Осы атамыз көтерген мәселе бүгінде бәрімізді алаңдатуы тиіс. Бұлата-анаға да, ұстаздарға да, тіпті, балаларға да ой саладыдепойлаймыз. «Жұмылакөтергенжүкжеңіл» демекші, балалардыбірлесетәрбиелейік, ойнайық, күлейік.

Ал құрметті ұстаздар,ата -аналар, оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымызды қорытындылай келе, сабағымызға белсене қатысқан оқушыларға алғыс білдіре отырып, балаларымыз біздерді тек жақсылық пен қуанышқа бөлей берсін!- деп, тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.





















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал