- Учителю
- С.Торайғыров. Шәкірт ойы ашық сабақ
С.Торайғыров. Шәкірт ойы ашық сабақ
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: С.Торайғыров
«Шәкірт ойы»
Сабақтың мақсаты:
а) «Шәкірт ойы» өлеңін оқытып, мағынасан ашу,талдату;
ә) өзіндік ой,пікір айта білуге жетелеу,шығармашылық қабілеттерін дамыту;
б) өлең арқылы оқу білімге үндеу,отансүйгіштікке,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: шығармашылық сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,мәнерлеп оқу,топтастыру т.б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, электронды оқулық т.б
Пәнаралық байланыс: тарих,астрономия
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген Сұлтанмахмұттың «Бір адамға» өлеңін жатқа сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Сергіту сәті. Оқушылар орындарынан тұрады. Мұғалім айтқан қимылдарын оқушылар бейнелейді.
-
Тегіс жолда келеміз деп елестетіңіздер.
-
Енді сазды,балшықты жерде келесіздер.
-
Өзенде жүзіп келесіздер.
-
Енді қолдарыңызға дүрбілеріңізді алып қараңыздар.(Осы сәтте экранға Қазақстан бейнелеген карта шығады).
-
Не көрдіңіздер?
-Қазақ елін.
-Баянауыл аймағын.
-Сұлтанмахмұт Торайғыровты.
Тапсырма. Ақынға арнау
Өлең тармақтарының соңғы сөздері берілген. Сол сөздерді байланыстырып өлең жазу.
арнаған
бар адам.
.................
тараған.
Бүгінгі танысатынымыз С.Торайғыровтың келесі шығармасы -«Шәкірт ойы»
-
Өлеңді мәнерлеп оқу.
-
«Миға шабуыл» әдісі арқылы талдау.
Шәкірт нені армандайды?
Елдің жүрегі неге мұздаған?
Ол неге жұлдыз емес Күн болғысы келеді?
-
Астрономиялық тұрғыдан жұлдыз бен Күн туралы ғылыми түрде түсінік береді. (электронды оқулық)
-
Топтастыру.
Ілім-білімге құштар
Қараңғылықтан құтқаратын
Күн болуды армандайды
ШӘКІРТ
Еліне адал қызмет еткісі келеді.
Надандықпен күреседі
-
«Менің ойым», ой түйін жасау.
6.Венн диаграммасы арқылы ортақ қасиетін табу
Шәкірт ойы
Өз халқын сүйеді.
Еліне адал қызмет еткісі келеді.
Менің ойым
7.Өлең құрылысына талдау
Қараңғы қазақ //көгіне// а
Өрмелеп шығып //күн болам!// б
Қараңғылықтың// кегіне// а
Күн болмағанда,//кім болам?// б
Мұздаған //елдің жүрегін // в
Жылытуға //мен кірермін!// в
3 шумақ, 6 тармақ , 2 бунақ , 8 буынды кезектес,шалыс ұйқас.
Бекіту
«Менің арманым», пікірлесу.
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: 1. Сұлтанмахмұттың «Шәкірт ойы» өлеңін жаттау
2.Өлең құрылысына талдау
3. «Орны отайып көгерді,Ақын арманын ел көрді» тақырыбында шығарма жазу.
Қорытынды.
Жүсіп Баласағұнның «Біле бер, қанша білсең тағы тіле, Жетерсің мұратыңа біле-біле» деген сөзін әрқашан естеріңізге сақтап,білмекке құмар болыңыздар. Бүгінгі сабақтан түйген ойларыңыз болашақ өмірлеріңізден көрініс тауып,Күн нұрындай баршаға шуақ сеуіп жарқырап жүріңіздер.