7


  • Учителю
  • Тесты по казахскому языку на тему Фонетика (6 класс)

Тесты по казахскому языку на тему Фонетика (6 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

І -нұсқа Қазақ тілі

1.Қайсысы тіл білімі саласына жатады? А)фонема; В)фонология; С)фонетика; Д)фонетист. 2.Фонетика нені зерттейді? А)тіл байлығын; В)тіл жүйесін; С) тіл тарихын; Д) тіл дыбыстарын. 3.Тіл дыбыстары қалай жасалады? А)тек тілдің қатысуымен; В)сөз арқылы; С)сөйлеу мүшелері арқылы; Д)екі заттың соқтығуы арқылы; 4.Адамның тілі қандай тіл? А)дыбыстық тіл; В)ым тілі; С)ишара тілі; Д)сазды тіл; 5.Тіл дыбысы-сөздің несі? А)ішкі мағынасы; В)сыртқы жамылғысы; С)түпкі мазмұны; Д)көне мағынасы; 6.Тіл дыбысын зерттейтін ғылым: А)фонема; В)фонология; С)фонетика; Д)фонетист; 7.Фонетика қай мәселені қарастырмайды? А)ой; В)буын; С)екпін; Д)интонация; 8. Барлық дыбыстың жасалуына қатысатын мүше қайсы? А)тіс В) тіл С) таңдай Д)тілшік 9. Әліпби сөзі қай тілден енген сөз? А)қырғыз В)парсы С)араб Д)өзбек 10. Әліпби сөзінің білдіретін мағынасы қандай? А)әріптердің жазылуы В)әріптердің дыбысталуы С)әріптердің құрылысы Д)әріптердің рет тәртібі 11.Қазақстанда араб әліпбиі қай жылға дейін қолданылды? А)1921ж В)1925ж С)1928ж Д)1929ж 12. Әріп-дегеніміз дыбыстың несі? А)серігі В)таңбасы С)айнасы Д)тамыры 13.Қазақстанда орыс әліпбиі (кирилица)қай жылдан бастап қолданылды? А)1921ж В)1952ж С)1938ж Д)1940ж 14.Әліпбидегі әріптер қалай орналасқан? А)белгілі тәртіппен В)өзгеше түрмен С) белгісіз жүйемен Д) әр қилы ретпен 15.Әліпбиді жатқа білу не үшін керек? А)сөзді түсіну үшін В)сөздің мағынасын табу үшін С)сөздікті дұрыс пайдалану үшін Д)сөзбен ойлау үшін 16.Қай жерде әліпби реті сақталмаған? А)а,ә,б,в; В)г,ғ,ж,д; С)з,е,й,қ ; Д)л,м,н,ң; 17.Қазақ әліпбиіндегі төл дыбыс саны қанша? А)бес; В)жеті; С)тоғыз; Д)он. 18.Әріптің түрін анықтаңыз: А)баспа түрі; В)таңба түрі; С)жазба түрі Д)дыбыс түрі; 19.Араб әліпбиінде қандай әріп жоқ еді? А)кіші әріп, В)бас әріп С)төл әріп, Д)соңғы әріп 20.Қандай сөздер бас әріптен басталады? А)жер-су атауы; В)қимыл-әрекет атауы; С)сын атауы; Д)өсімдік атауы.

















ІІ -нұсқа Қазақ тілі

1.Дауысты дыбыстар қалай жасалады? А)барлық дыбыстау мүшелері арқылы; В)тек үн арқылы; С)сөз арқылы Д)сөйлем арқылы 2.Тіл дыбыстары ненің қатысына қарай жуан,жіңішке деп бөлінеді? А)жақтың В)тілдің С)тістің Д)еріннің 3.Дауыстыларды айтқанда ауа өкпеден қалай шығады? А)жылдам В)кешігіп С)кедергімен Д)кедергісіз

4.Тіл дыбыстары ненің қатысына қарай ашық,қысаң деп бөлінеді? А)жақтың В)тілдің С)тістің Д)еріннің 5.Тіл дыбыстары ненің қатысына қарай еріндік,езулік болып бөлінеді? А)жақтың В)тілдің С)тістің Д)еріннің 6.Жіңішке дауыстыларды айтқанда тіл қандай қалыпта болады? А)тіл артқа шегінеді В)тіл алға созылады С)тіл ортасы дөңістенеді Д)тіл сыртқа шығады. 7.Қай дыбыстар жуан дауыстыға жатады? А)ә,е,і,и ; В)к,л,м,н. с)қ,ғ,х,щд Д)а,о,ұ,ы. 8.Қай дыбыс әрі жуан, әрі жіңішке болып айтылады? А)И В)Е С)У Д)Я 9.Қазақтың төл сөздерінде қандай тәртіп сақталады? А)Дыбыс саны В) Дыбыс реті С) Дыбыс жүйесі Д) Дыбыс үндестігі 10.Кірме сөздерде қандай тәртіп сақтала бермейді? А)Дыбыс саны В) Дыбыс реті С) Дыбыс жүйесі Д) Дыбыс үндестігі 11.Қандай сөздердің құрамындағы әріптің бәрі бас әріптен басталады? А)Қосарланған В)қысқарған С)кірме Д)көнерген 12.Қай сөзде У дыбысы жіңішке айтылады? А) қу В)жу С)су Д)елу 13. Қай сөзде У дыбысы жуан айтылады? А)беру В)еру С)ору Д)өру 14. Қай сөзде Ә әріпі жазылмайды? А)мұғ.....лім В)сір... С)күм...н Д)күл...ш 15. Қай сөз басқа тілден енгенде өзгеріске ұшырап жазылған? А)Сарыарқа В)саванна С)самсунг Д)самауыр 16. Қай дыбыс буын талғайды? А)А В)Ә С)Б Д)В 17.Буын үндестігі сөзінің синонимі қайсы? А)ассимиляция В)диссимиляция С)синхрон Д)сингармонизм 18. Бір буынды сөз қайсы? А)өсу В)өрт С)өлең Д)өте 19 Қай сөзде буын түрінің бәрі бар? А)ақпарат В)салтанат С)жапалақ Д)оттары 20 Қай сөзде буын түрінің бәрі бар? А)ескіше В)ескерткіш С)ескілік Д)есімдік





















І -нұсқа Қазақ тілі

1.Қай сөзде буын түрінің бәрі кездеспейді? А)ескіше В)ескерту С)естелік Д)естелікті 2 .Тек ашық буынды сөзді көрсетіңіз: А)арықша; В) аралық; С)арманда; Д)арала; 3. Тек ашық буынды сөзді көрсетіңіз: А)өрелі; В) өрге; С)өтімді; Д)өсетін; 4 .Тек ашық буынды сөзді көрсетіңіз: А)бесеу; В)бесене; С)бесік; Д)белең; 5 .Тек тұйық буынды сөзді көрсетіңіз:

А)бу В)ой С)тер Д)жу. 6.Тұйық буыны бар сөзді көрсетіңіз: А)асаба В)алма с)атқар Д)асуды. 7.Тұйық буыны жоқ сөзді көрсетіңіз: А)ерлік В)елшіл с)етене д)ескі 8.Қай сөзді қате жазылып тұр? А)граммдап В)граммафон С)грамшыл Д)грамға 9.Сөйлемдегі қай сөз қате жазылған: Біз Әл-Фарабиді ешқашан ұмытпаймыз. А)біз В)Әл-Фараби С)ешқашан Д)ұмытпаймыз. 10.Буын үндестігіне бағынбайтын сөзді көрсетіңіз: А)отаншыл В)оқжетпес С)орталық Д)отты. 11.Буын үндестігіне бағынып тұрған сөзді көрсетіңіз: А)Күлпаш В)Күлдәрі с)күлшелі Д)күллі 12.Буын үндестігіне бағынып тұрған сөзді көрсетіңіз: А)өтпелі В)елжанды с)қисын Д)керімсал 13.Буын үндестігіне бағынбайтын сөзді көрсетіңіз. А)Қаламқас В)Қалампыр С)Қашқари Д)Қадырхан 14.Тек жіңішке буыннан тұратын сөзді анықтаңыз: А)Сәбит В)Ғабит С)Астана Д)Елорда 15.Тек жіңішке буындардан тұратын сөзді анықтаңыз: А)Оралхан В)Қалихан С)Есімбек Д)Елдана 16.Тек жуан буыннан тұратын сөзді анықтаңыз: А)ермексаз В)алғашқы С)аспанкөк Д)көпшіл 17.Тек жуан буыннан тұратын сөзді анықтаңыз: А)жауынгер В)әлжуаз С)аққу Д)ақберен 18.Тек жуан буыннан тұратын сөзді анықтаңыз: А)асқаралы В)аскөк С)асумен Д)аспанкөк. 19.Құрамында тек қысаң дауыстылар бар сөзді көрсетіңіз. А)Иса В)Игілік с)иінағаш Д)кино 20.Құрамында тек жуан дауыстылар бар сөзді көрсетіңіз. А)Ақтаңгер В)Ақтайлақ С)Ақпейіл Д)Ақбибі























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал