7


  • Учителю
  • «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды енгізу арқылы білім беру сапасының деңгейін арттыру»

«Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды енгізу арқылы білім беру сапасының деңгейін арттыру»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды енгізу арқылы білім беру сапасының деңгейін арттыру»

Кайракбаева Алмагуль Базарбаевна

Майтүбек жалпы орта білім беретін мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі - оқытуды ақпаратттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда да елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру, көкейкесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім. Ақпаратттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім , білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр.

Елбасы Н.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазғажүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгір болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар , шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын меңгерген жан болғанда ғана білімі мен білігі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

ХХІ ғасыр- ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Ал бұл сауаттылықтың баспалдағы мектептен басталады. Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты мақсат болып қойылып отыр. Заман ағымына қарай мектепте күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылар мен компьютерлерді қолдану айтарлықтай нәтиже беруде. Кез келген сабаққа электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен жұмыс жасауына жағдай жасайды.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытудың тиімділігін арттырудың жолдары өте көп. Соның бір жолы ретінде оқытудың жаңа технологиясын енгізуді атап өтуге болады.деңгейлеп саралап оқыту технологиясына сүйене отырып,оқушылардың өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аудару керек. Осы жүйе оқушылардың өз бетінше танымдық қызметін арттыруға, жеке тұлға ретінде дамуға, іскерлік пен дағдыларын қалыптастыруға, алған теориялық білімдерін практика жүзінде пайдалана білуге жетелейді.

Жаңа технологиялар - ақпараттық танымды тек информатика пәнінде ғана емес қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде де тиімді етіп қолдануға болады.

Жаңа сабақты түсіндіру барысында сабақтың мазмұнын дайын күйінде бермеуге тырысу керек. Оқушылардың өздігінен танып - білу дағдыларын қалыптастыра отырып, жаңа тақырып бойынша анықтама, ережелерді өздері құрастырып, тұжырымдай білуіне жетелеу керек. Ол үшін оқытудың интереактивті формаларын сабақта қолданғанда: жеке шығармашылық жұмыстар, блок-схема, диаграмма, ойын арқылы оқыту, сөзжұмбақ ребустар құру, логикалық сұрақтар құрау;

Осындай әдіс-тәсілдермен өткізілген сабақтарда оқушылардың компьютерді пайдаланып есеп ойлау ,сөйлеу дағдылары қалыптасып, пәнге қызығушылығы артады. Сондай-ақ оқу сапасы артады.

Инновациялық оқу жұмысы оқу процесіне нәтижелі білім алуға бейімдейтін, жаңа технологияларды енгізумен тұжырымдалады. Негізгі әдістемелік инновациялар бүгінгі таңда оқытудың интерактивті әдістерін қолданумен байланысты. «inter»бұл «өзара» , «act» - әрекет ету дегенді білдіреді. Демек , интерактивті оқыту - бұл, ең алдымен, сұхбаттасып оқыту, оның барысында оқытушы мен оқушының өзара әрекет етуі жүзеге асырылады.

Интерактивті оқытудың мәні мынада , оқу процесі іс жүзінде барлық оқушы таным үрдісіне тартылатындай болып ұйымдастырылуы тиіс, олардың осыған байланысты не біледі, нені ойлайды түсінуге және рефлекстеуге мүмкіндігі болуы тиіс.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» - деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпаратттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуда пайдаланылады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісінде екпінді түрде енгізу бағытында мектебімізде активті экран пайдаланылады.

Мұғалім теориялық тұрғыдан өз білімін жетілдіріп, дамытып қана қоймай, оны іс жүзінде іске асырып, оқушыға меңгертіп, оқушы сол алған білімін қоғамда өз қажетіне жарата алатындай, шешім қабылдай алатын,өзін-өзі жетілдіре алатын, жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына ықпал етуі қажет. Оқу мен тәрбие егіз ұғым болғандықтан, бұл туралы Мағжан Жұмабаевтың «Тәрбиедегі мақсат - баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару» деген даналық сөзін айтсақ та жеткілікті. Себебі, кез келген тақырыпты меңгерген оқушы сол тақырыпты меңгеріп қана қоймай, оны кез келген істе қай салада болмасын тиімді пайдалана білуі керек.

Қандай жаңа технология болса да, үйретуші мен үйренушінің ізденісінсіз, экспериментсіз жеке дара ешқандай нәтиже бере алмайтыны белгілі. Жақсы нәтижеге жету осылармен қоса, мұғалімнің әдістемелік шеберлігі мен оқушылардың қызығушылығын ескере келе жаңа технологиялар мүмкіндігін пайдалана отырып, оқушыға тиімді деген жақтарын теориялық және практикалық өзектілігін табуға көмектесу - мұғалімнің негізгі міндеті.

Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді.

Электронды оқулықтың ең қажет элементі - аудио хабарлар. Ол біздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні үшін өте тиімді. Мысалы, әдебиет пәнін алатын болсақ, қандай да бір ақын-жазушы өмір дерегінің видео- жазбасын көрсетсек ол оқушының көз алдынан кетпесі анық. Дыбыстық жазбалар арқылы ақын өлеңдерін немесе әндерін тыңдатсақ, құр сөзбен естігеннен гөрі жазба арқылы тыңдаған тиімді болып келеді әрі оқушыға қызықты . сондықтан заман талабына сай ақпараттық технологияларды кеңінен қолданысқа еніп, оқушылардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру әрбір мұғалімнің заманауи басты міндеті.

Мультимедиялық сабақтар оқушыларды жаңашылдығымен қызықтырады. Сыныпта мұндай сабақ үстінде оқушылар өз ойын «өз сөзімен» айтатын шынайы қарым-қатынас туады, олар тапсырманы ынтамен орындайды,

Оқып жатқан материалға қызығушылықпен қарайды, оқушыда компьютер алдындағы қорқыныш жоғалады. Оқушылар пән бойынша оқулықпен, анықтамалық және басқа әдебиетпен жұмыс істеуді үйренеді. Оқушыларда жоғары нәтиже көрсетуге, қосымша қиын тапсырма алып орындауға қызығушылықтары пайда болады. Мультимедиялық технологияның келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады. 1. Слайдтарда кемшіліктермен қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады;

2. Проекторды қолданып презентацияны көрсету кезінде оқушылардың жұмыс орны жеткілікті жарықтанады. Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады. 3. Ақпараттық технологияларды қолданатын оқытушы оқушы материалын беру логикасына көп көңіл аударады.

Қорыта айтқанда мультимедиа ақпарат берудің көптеген арналарымен ғана қамтамасыз етіп қоймайды, сонымен қатар әр түрлі орталар бірін-бірі толықтыратын жағдайлар туғызады. Оқушылардың алдында өз тілі бар жеке ортаны шығармашылықпен қолдана алатын жаңа мүмкіндіктер ашылады. Мультимедияны қолдану оқушыларды ізденімпаздық дағдыларын шығармашылық жобаларын іске асыру бағытына ауыстыруға үйретеді және белсенділік, жинақтылық, өздігінен жұмыс істеу сияқты өмірге қажетті қасиеттерін қалыптастырады.

Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» деген - деп атап көрсетілгендей бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін жіне ақпараттық құралдардың кеңінен қолданылуын қажет етеді. Осылайша оқу- тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабына сай туындап отыр.

</<font face="Times New Roman, serif">Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепте, мамыр-маусым №3, 2008,2-3 беттер.

  2. Қараев Ж. «Компьютерді оқыту тәрбие процесінде пайдалану».Алматы, 1987 ж, 25 бет.

  3. Информатика негіздері. Ғылыми-әдістемелік журнал, № 2-2011ж, 3-3 бет











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал