7


  • Учителю
  • Ғылыми жоба. ӨЗін-өзі тану пәнімен басқа пәндердің ықпалдасуы

Ғылыми жоба. ӨЗін-өзі тану пәнімен басқа пәндердің ықпалдасуы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ақмола облысы, Астрахан ауданы Өндіріс орта мектебі























Ахметова Толғанай Серікқызы

11-сынып

Өзін-өзі тану пәнімен басқа пәндердің ықпалдасуы







Секциясы: Өзін-өзі тану

Жетекшісі: Холганат Данекер

Санаты:ІІ



































Мазмұны



Аннотация



1.Кіріспе Өзін-өзі тану пәні мен басқа пәндің ықпалдасуы

2. Теориялық бөлімі:

2.1. Ықпалдасудың әдістемелік негіздері.

2.2 Пәндердің ықпалдасуына ғылыми көзқарастар.

2.3 Өзін-өзі тану пәнің басқа пәндермен ықпалдастыру мәні.

3. Негізгі бөлім

3.1. Өзін-өзі тану-метапән

3.2Өзін-өзі тану пәнінің мазмұндық құрылымы

3.3. Пәндердің ықпалдасуына ғылыми көзқарастар

4.Қорытынды

5.Қолданылған әдебиеттер



















































Алғы сөз

Құрметті жас дос!

Бұл ғылыми жұмысты жазуды 11-сынып оқушысы Ахметова Толғанай бастады. Толғанай салмақты, сабырлы, мектепте жақсы оқитын оқушылардың бірі. Толғанайдың бұл жобаны жазу барысында қызығушылық танытып, Өзін-өзі тану пәніне деген қызығушылығы арта түсті. Таңдау себебі, Толғанайға Өзін-өзі тану пәнінің басқа пәндермен ықпалдасуы өте қызық болды. Толғанай қызығушылықпен ғылыми жобасын жазып шықты. Жазу барсысында жан-жақты дайындық үстінде болды. Толғанайдың бұл жұмысты жазу барысында көптеген ізденістер жасап мектепішілік кітапханаларға барып бірнеше мәліметтер әкеліп, одан түйінді ой жинай білді. Толғанайдың жұмысын мен мұғалімі ретінде өте жақсы деп бағалаймын. Себебі бұл тақырып қоғамда да өзекті мәселелердің бірі болып талқыланып жатыр. Мен ұсынысын қостадым.

























































Өзін-өзі тану пәні мен басқа пәндің ықпалдасуы

1. Ықпалдасудың әдістемелік негіздері.

2. Пәндердің ықпалдасуына ғылыми көзқарастар.

3. Өзін-өзі тану пәнің басқа пәндермен ықпалдастыру мәні.

Ықпалдасудың әдістемелік негіздері

Интеграция (лат.</ іntegratіo - қалпына келтіру, толықтыру, іnteger - тұтас, бүтін) біріктіру, кіріктіру, ықпалдастыру.

Сыртқы ықпалдастыру (өзін-тану пәнінің әдістемелік әдіс- тәсілдерін қолдану).

Ішкі ықпалдастыру( дүниетанымдық, мазмұны, мағынасы).

Өзін-өзі тану пәнін басқа пәндермен ықпалдастыру:

Ең алдымен беріліп отырған білімді жандандыру, яғни оның рухани адамгершілік мән- мағынасын айқындау.

Барлық пәндерді мәңгілік бүкіл адамзаттық құндылықтар негізінде алуан түрлі құбылыстарды бірлікте қарастыра отырып, тұтастай білім беру .

Білім беруде жалпы адамзаттық құндылықтардың негізгі түп қазық болуы, яғни берілетін білім біртұтас, жүйелі болуы.

ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ - метапән

Білім берудегі ең негізгі мәселе пәнді оқыту ғана емес, сол пәнді оқыту арқылы тұлғаның рухани-адамгершілік дамуы

Сүйіспеншілік энергиясы - ұстаз үшін де, оқушы үшін де маңызды

Білім беру үдерісінің мақсаты:

ОЙ, СӨЗ, ІС-ӘРЕКЕТ бірлігі арқылы МІНЕЗДІ қалыптастыру және рухани құндылықтарға бағыттау

Ұстазбен оқушының өзара қатынастын амалдары:

Көмектесу , Ынтымақтастық (сүйіспеншілік, түсінушілік, қабылдау, көмек беру )

ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ - метапән

Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік пәні мен басқа пәндердің ішкі ықпалдасуы - ол білімді жандандыру, оның рухани-адамгершілік мәнін айқындау

Бұл тұтастырылған білім барлық пәндердің жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген түзілісі ретінде көптүрлілікте бірлікті көруге мүмкіндіктер береді

Мәңгілік құндылықтар - білім берудің фокустық нүктесі - біздің барлық оқытып жүргендерімізбен біртұтас болуы тиіс

Өзін-өзі тану пәнің басқа пәндермен ықпалдастыруда жалпыадамзаттық құндылықтар тірек болады

Қоршаған орта туралы тұтас түсінік

(мұнда ықпалдастыру адамгершілік құндылықтармен рухани адамгершілік тәрбие беруге ықпал ету)

Өзін-өзі тану пәнің мазмұндық құрылымы: әдебиет, тарих, философия, психология, педагогика, әлеуметтану, физика, биология, математика және т.б. ғылымдардың іштей кірігуімен ерекшеленіп, тақырыптық жүйе білім алушылардың өзін-өзі жетілдіруіне ықпал ететін жалпыадамзаттық құндылықтарға бағытталаған.(Өзін-өзі тану пәні барлық пәнді меңгерудін негізгі кілті)

Пәндердің ықпалдасуына ғылыми көзқарастар

Өзін - өзі тану мазмұнының философиялық бағыты - әр түрлі пәндерден алған ақпараттарын біртұтас әлемдік бейнеде жүйелеуге мүмкіндік беретін мағыналы білім мен бағдарын көрсетеді

Өзін - өзі тану мазмұнының психологиялық тармағы адамның ішкі дүниесінің түпкі негізін түсінумен байланысты

Өзін - өзі тану мазмұнының экологиялық тармағы адам мен табиғаттың өзара қарым- қатынасының үйлесімділігіне бағытталған

Өзін-өзі тану мазмұнының шығармашылық-эстетикалық тармағы тұлғаның рухани дамуын өнер, ондағы тікелей іс-әрекет арқылы жүзеге асыруға бағытталған

Білім берудің екі аспектісінің үйлесімді дамуы:

Интеллектуалды(сыртқы білім ақыл үшін) адам оқу-білім алу үшін алдымен қоршаған дүниені, табиғат құбылыстарын танып-білу арқылы (кітаби білім, сыртқы білімді зерттей отырып қол жеткізеді).Рухани-адамгершілік(ішкі білім жүрек үшін табиғатты аялап, ізгілікке баулу ұлттық тамырдан нәр алады, табиғатқа деген адам көзқарасының дұрыс бағытта болуы оның ой-сезіміне әсер етіп, мінез-құлқын жетілдіру арқылы жүзеге асады (ішкі дүниені зерттей отырып, өмірлік мақсатқа жетелейді, интуицяны дамытып, сананы оятады).

ЗИЯТКЕРЛІК БІЛІМ БЕРУ

Ғаламдағы барлық жүйелер құрылысының заңдылықтары бірдей қағидаттарға негізделгенЕ.Уилсона, М.Рьюза зерттеулері бойынша адамгершілік тұрғыда әрекет ету адамның өзінің генетикасынан берілгенМасару Эмото ашқан жаңалығы бойынша су ақпаратты тасымалдаушы, яғни оның кристалдарына адамның ойы мен сөзі жазылып қалады Психолог-ғалым Эмото Масару: «Су адамның психикалық энергиясын бойына сіңіре алады және оны ұзақ уақыт бойында «есіне» сақтап, тіпті басқаларға жеткізе алады. Судың бойына жинақталған таза энергия небір ауруларға ем болады», - деп жазадыСана тек қана адамда емес, минерадарда, жануарларда, өсімдіктерде, Жерде және бүкіл Космоста барҚазіргі ғалымдар мынадай қорытынға келді: бүкіл материалды әлемнің санасы бар, әр атомның өз санасы бар. (А.А.Липсон және басқалар.)

Жапон ғалымы Эмото Масару жүргізген эксперимент нәтижелері

Ғылыми жоба. ӨЗін-өзі тану пәнімен басқа пәндердің ықпалдасуы

Ғылыми жоба. ӨЗін-өзі тану пәнімен басқа пәндердің ықпалдасуы

Адамның табиғаты, оның өмірінің мәні

(Философиядағы адам проблемасы)Көне қытай философ Лао Цзы : «Басқаларды білетін адам - ақылды, өзін танып білген адам - данышпан», - депті.Ертедегі грек ойшылы Протагордың : «Барлық заттын өлшемі - адам» деген қанатты сөзі кең тараған.Гректің тағы бір атақты ойшылы Фалестен : «Дүниедегі ең оңай нәрсе не?» деп сұрағанда : «басқаға ақыл айту» ал «ең қиын нәрсе? » - дегенде «Өзіңді танып білу» деп жауап беріптіАдам өмірінің әлеуметтік және биологиялық өміршеңдігі

(Әлеуметтану мен биология пәндерімен ықпалдастырудағы негізі мәселелер)

Тірі тіршіліктің биологиялық өмірінің шектеулі екендігі әрбір адамға мәлім. Биологиялық өмір - өмірдің бастауы, онсыз өмір жоқ. Ол да белгілі. Бірақ өмір тек «таза» биологиялық тіршілік пен шектелмейдіШын мәңгіліктің аясы - адамдардың рухани дүниесі. Рухани өмірде адам бүкіл әлеммен теңдесе алады. Рухани өмірде ғана адам толық мағынасында еркін. Рухани дүние адамдардың ең терең, ауқымды және мағыналы құндылықтардың мекені.Егер ондай құндылықтар жоқ болса, рухани дүние де жоқ. Ең терең, яғни ең шексіз құндылықтар адамның әлемнен, адамдардың өзара үйлесімді қатынас түзеп, соларды дамытуының құндылықтары, ал олар - ең алдымен әрбір тұлғаның осындай құндылықтарының мақсаттар мен пиғылдардың шеңберіңде шексіз дамуы

Қазақ әдебиеті пәнімен өзін-өзі танудың өзара ықпалдасуы\Өзін - өзі тану» пәнінің өзге пәндермен ықпалдастығы

Жоспары:

Ғылымдағы ұлы ғалымдардың, ойшылдардың өмірінен мәліметтер.

Қазіргі жаңа білімдегі ықпалдастыру жолдары.

Сыртқы әлемнің ішкі әлеммен өзара байланысы.

Рухани - адамгершіліктің немесе жалпы адамзаттық құндылықтардың басқа пәндермен ықпалдасуы туралы.

Адам және оны қоршаған әлем туралы жүйелі түсініктің күшеюімен, ғылым мен ғылыми бағыттардың өсуімен, адамның рухани - адамгершілік дамуы мен жалпы адамзаттық құндылықтарды танып - білуге байланысты бізге жаңа адами - ғылыми әдіснама қажеттігі қазіргі уақытта қатты байқалуда. Бұндай әдіснама философия, педагогика және психология ғылымдарының ықпалдастығынан туындаған мета пән «Өзін - өзі тану» пәні болып отыр. «Өзін - өзі тану» пәні тек жоғарыда аталған ғылымдардың ықпалдастығын ғана емес, ол адамзат өркендеуі үшін қолданылып отырған ғылымдардың ешқайсысын назардан тыс қалдырмайды, олардың барлығын да қамтиды.

«Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы»

Әл - Фараби 870 - 950

«Ізгілік ғылымын түсінбегендерге - кез келген ғылым әрдайым зиян әкеледі»

Мишель Монтень

«Төбеміздегі жұлдызды аспан және ішкі жан дүниеміздегі моральдық заң бізді таң қалдыратын және жоғарғы сезімталды ақылмен толтырады.»

И. Кант

"Біздегі барлық адамгершілік, шындық, мейрімділік - бәрі нұр, ізгілік білім. Тәрбиесіз берілген білім - бос."

Николай Пирагов 1810 - 1881

"Білім берудің - тек ақпараттық емес, ойлау қабілетін дамыта отырып мінезін қалыптастыру маңызды болып келеді"

Сергей Рубинштейн /1889 - 1960/

"Адамға қандайда болса көмек келтіретін ой мен іс ізгілік әкеледі. Ізгілікке ұмтылу адамның жаратылысының өзінде бар нәрсе"

Мағжан Жұмабаев 1893 - 1938

Қазіргі білім үдерісін рухани адамгершілік және жалпы адамзаттық құндылықтар арқылы мейлінше ізгілендіруіміз қажет болуда.

М. Монтень: «Ізгілік ғылымын түсінбегендерге кез келген ғылым әрдайым зиян әкеледі» - деп айтып өткен. Білім тек қана адамның қажетін өтеу үшін емес, өмір сүру үшін қажет. Ол үшін білім берудің екі аспектісін үйлесімді дамыту жолдарын анықтауымызға тура келеді.

Білім берудің екі аспектісінің үйлесімді дамуы:

Білім берудің екі аспектісі

Интеллектуалды білім (сыртқы білім ақыл үшін.

Рухани - адамгершілік (ішкі білім, жүрек үшін)

Сыртқы ықпалдас у ( өзін - өзі тану пәнінің әдістерін қолдану)

Ішкі ықпалдасу ( дүниетанымды, мәнді, мағыналы)

Әрбір пәннің мазмұнына рухани - адамгершілік тәрбиенің мазмұнын енгізуі берілген білімді ізгілендіруге мұғалімнің қосатын үлесі мол. Өзін - өзі тану мен рухани - адамгершілік білім беруді ықпалдастыру ең алдымен беріліп отырған білімді жандандыру, яғни оның рухани байлығын кеңейту болып табылады.

Интеграция ұғымының жалпы ғылыми мәнін және оның басқа философиялық ұғымдармен өзара байланысында қарастырылады.Қазіргі таңда, жас ұрпақты сапалы түрде оқыта отырып, саналы тәрбиелеу талаптарын жүзеге асырудың мынадай жолдарын ұсынып жүрміз. Олар:

- Рухани - адамгершілік білімді, құндылықтарды, кез келген пәнді оқыту мазмұнына енгізу.

Адам баласы жаратылысынан табиғатпен етене жақын өмір сүріп келеді. Адам өзіне қажеттісінің бәрін табиғаттан алады. Табиғат адам үшін жайлы мекен, барлық игіліктердің бастауы.

Адамзаттың әлемде алатын орны зор. Сондықтан адамзат ғылым мен техниканы пайдаланудың жаңа стратегиясын жасамай, өзін - өзі құртып алуы мүмкін. «Табиғат тазалығы - адамзат амандығы екенін естен шығармау керек.

Адамзаттың басты міндеті - табиғат қуат көздерін орнымен үйлесімді өмір сүру, мейірімділік нұрын шашу».

Табиғат адамның асыраушысы, панасы, сондықтанда оны таза ұстау, мейірімділік қарым - қатынас жасау парызымыз екенін ұмытпайық.

Сыртқы білім:

Сыртқы интеллектуалды

Сыртқы дүниені зерттеу

Кітаби білім (тәжірибесіз)

Қалауларды оятады

Дүниеде күнкөріс үшін

Интеллектті дамытады

Ақыл мен тәнге қарасты

Ақпарат беру

Интернет

Аллергия пайда болады

Ішкі білім:

Ішкі рухани - адамгершілік

Ішкі дүниені зерттеу

Практикалық білім (тек тәжірибе арқылы)

Әр адамың жүрегіндегі жалпы адамзаттық құндылық

Өмірлік мақсаттармен байланысты

Интуицияны дамытады

Жүрекке қарасты

Сананы ояту

Иннернет

Күш - қуат болады

Білім табыс үшін емес,

өмір сүру үшін қажет

«Балалар білімді аңсайды, бірақ олар жансыз білім емес, жанды білімді аңсайды»

жанды білім

жансыз білім

Рухани - адамгершіліктің немесе жалпы адамзаттық құндылықтардың басқа пәндермен ықпалдасуы туралы

Биология пәнін оқыту барысында: Бағзы замандарда ата - бабамыз қызғалдақ гүлін жұлмағандығы туралы әңгімелейміз. Себебі, оларда қызғалдақты дұшпанға қарсы соғысқан батыр бабаларымыздың жерге тамған қанынан пайда болған гүл деседі. Сондай - ақ, «қызғалдақ» - қызыл + қан - дақ деген үш сөзден құралған ата. Уақыт өте келе бұл атау қысқарып қызғалдақ деп аталып кеткен деседі. Биологтардың айтуынша қызғалдақтың лас ауаны тазалайтын қасиеті бар, яғни жан дүниесі таза, рухы биік адамдар іспеттес. Расында адам қызғалдақ гүлінің арасын аралап бірнеше сағат жүрсе, бойында ерекше қуат пайда болып серпіп қалатынын сезінеді. Жапон ғалымдары арнайы микротолқын қабылдайтын аппаратпен барлық өсімдікті зерттей отырып, олардың жаны, рухы бар деген тұжырымға келді. Құтыда өсіп тұрған қызғалдақты қайшымен қырқып тастамақ болғанда, әлгі аппаратқа: Маған қауіп төніп келеді! Қауіп жақындады! Төнді! Өлдім! - деген жазу басылып шыққан. Ғалымдар гүлдің діріл қаққанын аңғарған.

Физика. Магнит өрісі

Балалардың күнделікті ойнайтын үрмелі шарларын қолымызға қолғабымызды киіп, үйкелегеннен кейін қолымызды алшақтататын болсақ, шарымыз ешқайда ұшып кетпей алақанымызға келіп жабысады. Кез - келген заттарды бір - біріне үйкелеп, соңынан бір - бірінен алшақтататын болсақ, бәрі бір - біріне тартылады.

Яғни бұдан шығатын қортынды: Рухани жақын адамдар бір - біріне ренжісіп көңілі қалып жатса да, кейіннен түсінісіп сыйластықта бола алады.

Ауаның құрамы туралы. Әр тыныс алған сайын жұтатын ауамыздың құрамын ойланып көрейік! Ауаның құрамында 21% оттегі, 78% азот, 1% басқа газдардың қосындысы бар. Ауаның құрамындағы 21% оттегінің мөлшері кішкене көбірек болғанда күн сәулелері арқылы келетін радиациялар салдарынан Жер беті тұтанып, лаулаған отқа айналып, ал аталмыш мөлшерден кішкене азырақ болғанда, оттегінің аздығынан тыныс ала алмай, бұл дүниемен қош айтысып кетер едік.

Атмосферадағы ауа үздіксіз алма - кезек табиғи жолмен тазаланып, адамның игілігіне айналады.

Жылыту эффектісі.

Толықтай жанатын өнім - фотосинтез арқылы табиғатты толықтыратын көмір қышқыл газ СО2, түзіледі. Толық жанбау өте улы газ СО тудырады. Улардың барлығында көптеген көміртегілер болады. Планетамыз адам іс - әрекетінің өнімімен және улы газдармен, адам - дұрыс емес өмір сүргенімен, зиянды дағдылар, ойлар және әрекеттер нәтижесінде көміртектердің толық жанбауынан ағзада құрылатын токсиндермен уланған.

Себеп - адамның дұрыс емес өмір сүруі, салдар - барлық планета климатын өзгеруі. Толық жалынмен жана ма немесе планетамен бірге өле ма таңдау - адамның өзінде

География пәні: Сулар мен таулар

Бұл дегеніміз судың бір - бірімен араласпайтындығы туралы айтамын. Судың адам өміріндегі тазалық символы екендігі, адамды рухани - адамгершілік тұрғыдан су арқылы жуып - тазалауға болатынын көруге болады. Данияның Скаген қаласындағы Балтық теңізі мен Солтүстік теңіздің бір - бірімен қосылған сәттегі суларының араласпайтыны туралы сурет және Құраннан дәлелдер келтіріп кетемін.

Бұл ғалымдардың ашқан соңғы жаңалықтарының бірі болып табылады.



Таулар

таудың біздің табиғатымыздағы өздерінің рөлін айтып кетеміз және "Өзін - өзі тану" пәнімен байланыстыра отырып адам мен таудың рухани - адамгершілік ұқсастығын айтамыз

Осы жоғарыда келтірілген мысалдарға байланысты қазіргі ғалымдар мынадай қорытындыға келіп отыр: Бүкіл әлемнің зердесі бар, бүкіл әлемдегі әрбір атом бөлшегінің өзіндік сана - сезімі бар. Адам ғана сана - сезімнің иесі емес, әлемдегі табиғаттың, яғни жан - жануарлар, өсімдіктер мен материяның бәрінің де сана - сезімі бар екендігі даусыз.

Әдеби көркем шығармалар өзін-өзі тану бағдарламасының мазмұндық өзегін құрай отырып, адамгершілік құндылықтарды жетілдіруге бағытталған

Шәкәрім Құдайбердіұлының «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын - адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек», - деген нақыл сөзде айтылған адамның жақсы өмір сүруіне негіз бола алатын адами қасиеттердің мәнін ұғынады.

Адамның пейілі таза, көңілі кең, мейірімі мол, әр нәрсені қанағат ынсап тұта алу қасиетінің көптігі ниетке байланысты екендігін Шәкәрімнің «Мейірім, ынсап, әділет, шыдам, шыншыл харакет - түп қазығы ақ ниет», - деген нақыл сөзі дәйектей түседі.

Мейірімді, қайырымды, сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады. Ақ ниетпен жақсылық жасау адамның ішкі дүниесінің байлығын, жан сұлулығын көрсетеді.

Еңбекпенен, өрнекпенен,

Өнер ойға тоқылса.

Жайнар көңіл, қайнар өмір,

Ар ілімі оқылса.(Шәкәрім)

«Ар түзейтін» ғылым

Ар түзейтін» ғылымның негізгі мақсатының бірі өзінің аты да айтып тұрғанындай адам психологиясын зерттеу, оның мінез-құлықындағы кемшіліктер мен кеселдерді түзету және рухани кемелдендіру болып табылады.Қазіргі психология ғылымының практикасында адамның мінез-құлықын түбегейлі түзету, жан кеселдерінен айықтыру және рухани кемелдендіру деген проблемалар шешімін тапқан емес.Ол тек «Ар түзейтін» ғылымның қолынан келетін шаруа.

Осынша өнер тауып асқан адам,

Әлемнің қиын сырын ашқан адам,

Ол түгіл өмірге де айла табар,

Өлмей жетер бірталай жасқа да адам.

Бірақ адам өз жанын танымайды,

Біледі бір өзінен басқаны адам.

Тіршілік - жоғалатын жан сипаты,

«Жаным жоқ», - деп болады масқара адам,

Жалам емес жазыпты пән деп мұны,

Не демес ойы жетпей сасқан адам.

Жанының бастан барын байқамапты,

Психолог ғылымын шашқан адам.(Шәкәрім)

Өзін- өзі танумен Этнопедагогика пәнінің (халықтық математиканың) ықпалдастығыХалықтық математика - біресе жұмбақ, біресе өлең, біресе қара сөз, біресе ертек, біресе тәжікелесу, біресе ілмек не дұзақ шешу, ұйқас табу, мақалдап сөйлеу, ұсақ заттармен өнер көрсету, сиқырлы ой айту түрінде ұшырасадыБұл халық аузындағы есептердің әдеби сипаты. Оны есептің сыртқы түрінен, сондай - ақ ішкі мазмұнынан да байқауға болады.

Бір емен, жеті терек, алты қайын,

Бұтағы толып жатыр дайым, дайым.

Ішінде шынар терек, үш қарағай,

Өңгесін айта беріп не қылайын

Математика пәнінің өзін -өзі тану пәнімен ықпалдастығы

Әлемде үлкен бір ел болыпты. Бұл елдің тұрғындары сандар екен. Олармен қатар бұл елде цифрлар да өмір сүріпті. Сандардың көптігі соншама, санасаң сан жетпейді екен. Ал цифрлар бар болғаны, он: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,0.

Сандар мен цифрлар тату - тәтті өмір сүріп жатады. Мысалы, біреу "он бес" десе, 15 саны жетіп келеді, егер оны жазу керек болса 1 және 5 цифры қатар тұра қалып, 15 деген санды жаза қояды екен.

Күндер өтіп жатады. Heгe екені белгісіз бір күні сандар цифрларға келіп:

- Біз көппіз, ал сендер бар болғаны онсыңдар. Сондықтан біз сендерден

мықтымыз, - дейді.

Цифрлар сандарға ренжіп қалады. Сонда 0 цифры басқа цифрларға:

- Мақтаншақтары жоқ басқа елге кетейік. Сандар өздері қалсын. Көрейік не істейтіндерін? - дейді.

Күндердің күнінде сандар өздеріне жаңа үйлер салады. Енді әркім өзінің есігіне нөмірін жазайын десе, жаза алмайды. Сандар өз аттарын айтып қанша айқайласа да, ештеңе шықпайды. Өйткені олардың қасында цифрлар жоқ. Сонда ғана сандар өз қателіктерін түсінеді. Сандар қаншама көп болса да цифрсыз өмір сүре алмайы екен. Сандар енді цифрларды іздеп шығады. Ақырында оларды тауып алып, кешірім сұрап, елдеріне цифрларды қайта алып келеді. Содан бері сандар мен цифрлар тату - тәтті, достықта өмір сүріп жатыр екен.

"Өзін - өзі тану пәнін басқа пәнмен ықпалдастыру" тақырыбы қазіргі кездегі өзекті мәселенің бірі болып отыр. Әдебиеттік оқу пәні мен өзін - өзі тану пәнін ықпалдастыруда "Жақсы ай мен күндей, Әлемге бірдей" деген бөлімді өткен кезде оқушылар мақалдың мазмұнын былайша жеткізіп, ойларын ортаға салды: Ай мен Күн барлық адамзатқа, тірі ағзаға ортақ. Олар ешкімді, еш нәрсені алаламайды. Жақсы адамның да шапағаты барлық әлемге бірдей. Міне, осындай тақырып, мақалдар арқылы адам бойындағы құндылықтарды біртіндеп сіңіре отырып, қалыптастыруға болады. Барлығын бір мезгілде қалыптастыруды көздемей, там - тұмдап осылай өздері ойлап жеткізе білсе, нұр үстіне нұр болар еді деп ойлаймын.

Химия пәні мен өзін-өзі тану пәнін ықпалдастыруда металдардың қасиеттерін атай отырып, оның адамның мінез-құлқымен байланысы жайлы, мысалы, "сабыр түбі сары алтын - сабырлының бәрі алтын" дей отырып жақсы мінезді адам болуға оқушыларды баулу, судың қасиетін, адам өміріндегі маңызын, ғалымдардың судың ақпаратты тасымалдағыш қасиеті, яғни, жағымды ойдың, сөздің судың құрамына қалай әсер ететіні, оның адамға әсері туралы ғылыми деректерді ұсынуға болады. Жаһандық мәселелерді шешеудің жолын қарастыру, жүзеге асыруда оқушыларға қажетті білім, тұлғалық даярлық, оның ішінде алған білімді өмірде пайдалану туралы ой бөлісуге болады.

Пайдаланған әдебиеттер: Өзін-өзі тану журналы 2011

Егемен қазақстан гезеті

Интернет беттері



















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал