7


  • Учителю
  • Негізгі және туынды еліктеу сөздер (6-сынып)

Негізгі және туынды еліктеу сөздер (6-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бекітемін:

№ 5 орта мектебінің директоры:

_______________И.Я Кумбаев



Мұнайлы ауданы №5 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Садирова Сауле Ксенбайқызының қысқа мерзімді сабақ жоспары4-сағат Негізгі және туынды еліктеу сөздер

Жалпы мақсаты:

Еліктеу сөздердің құрамына қарай жіктелуін ажырата білуге, негізгі және туынды еліктеу сөздерді айыра білуге,ойын жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже:



1.Мәтіннен еліктеуіш және бейнелеуіш сөздерді табады, олардың құрамына қарай негізгі және туынды болып бөлінетіндігін ажырата біледі.

2. Сызба бойынша ой қорытып, түйінді ой айтады, сол арқылы шешім қабылдайды.

3.Еліктеу сөздер тақырыбына қорытынды тест жұмысын жазу





Сілтеме:

1.6- сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы. С.Исаев, К.Назарғалиева, Ж.Дәулетбекова

С. 3.Мұғалімге арналған нұсқаулық

( үшінші негізгі деңгей)

4.СТО-технологиясының оқулығы

Негізгі идеялар:

Топқа бөлу, сыни ойлану, ой қорыту, өз ойларын дәлелдей алуға дағдыландыру

Сабақта қолданылатын материалдар:

Постерлер , презентация, кестелер,

интербелсенді тақта

Оқыту әдістері:

1. Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер модулі

2.Сыни тұрғыдан ойлау

3. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

4.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі. 5.Оқытуды басқару және көшбасшылық



Топтық жұмыс, жеке жұмыс, жұптық жұмыс.

Шығармашылық жұмыс

Бейнежазба бойынша сыни ойлау



Критериалды бағалау, фармативті бағалау

Оқушының өзін-өзі басқаруы



Тапсырмалар:

Постер қорғау, құрылымына қарай таладау.





Психологиялық дайындық.

Абай атамыздың табиғат лирикасына байланысты төрт мезгілге бөлу

. І топ Жаз

ІІ топ Күз

ІІІ топ Қыс

ІV топ Жазғытұры

Тақырыпқа және топтың атына сай бір шумақ өлең айтқызып ішінен еліктеу сөзді табу арқылы сабақты бастау.

Оқушылар Абай атамыздың табиғат лирикасын еске түсіріп,төрт мезгілге топқа бөлінеді және тақырыпқа сай бөлінген топтар бір шумақ өлеңін оқиды. Өлең шумақтардан еліктеу сөзді тауып, ой сергітеді. Топ ережесін шығару



Үй тапсырмасын сұрау

«Қалам столдың ортасында» әдісі (7 мин)

302- 303 жаттығуды тексеру

Әр топтан жеке жауап береді. Әр түрлі кесінділер арқылы бағалау. «Жұлдызша»-5

«Төрт бұрыш»-4

«Үш бұрыш» -3

І.Қызығушылықты ояту.

«Ой қозғау» (түрткі тастау)

ІІ. Жаңа сабақты меңгерту.

Мағынаны тану «Негізгі ойды суреттеу»

(15 мин)



Берілген сұрақтарға сыни тұрғыдан ойланып, жауап беру, мысалдар келтіру Балалар, біз еліктеу сөздің мағынасына қарай еліктеуіш және бейнелеуіш болып бөлінетінін білдік, одан басқа қандай түрі бар деп ойлайсыңдар? Мысал көрсетіледі

Мына сөздерге мән беріп қараңдар? Сөздердің түбіріне, құрамына назар аударайық, не байқадық?

Оқулықты оқиды, түсінгендерін жұпта талқылайды. І топ Постер қорғайды

ІІ топ Жұптастыру

ІІІ топ Семантикалық картаны толтыру

ІV топ Бүгінгі тақырыпты өмірмен байланыстырып, сахналық көрініс көрсету



Жұптық,топтық жұмыс жүреді. Оқушылар берілген мысалдар арқылы жаңа тақырыпты ашады. Жаңа тақырыпты жеке оқып, жұпта талқылайды. Берілген тапсырмаларды топ болып қорғайды. Смайликтер арқылы бағалау

Оқулықпен жұмыс

(10 мин)

1-топқа 307-жаттығу.

2-топқа 308-жаттығу.

3-топқа 309-жаттығу.

4-топқа 310-жаттығу

Қай топ бірінші аяқтаса сол топқа 5 ұпай, екінші аяқтаған топқа 4 ұпай, үшінші аяқтаған топқа 3 ұпай қойылады.

Оқушылар берілген жаттығу жұмысын орындайды.



Сергіту сәті Еліктеу сөздермен сипатта.

(2 минут)



1.Күлкі;

2.Қимыл,жүріс;

3.Айқай-шу;

4.Жан-жануар,жәндіктердің дыбысы;

5.Күнге шағылысу.

Оқушылар әртүрлі дыбыстарды көрсету арқылы сергіту сәтін ерекше көңіл-күймен орындайды.

ІV.Қорытынды

(5 мин)

Алған білімдерін бекіту мақсатында тест жұмысы алынады.

1.Еліктеу сөзді табыңдар:

а) ағарады ә) гүр-гүр

б) бүлдіреді в) илекте

2. Бейнелеуіш сөзді табыңдар:

а) тарс ә) жалт-жұлт б)сыңғыр в) арс-арс

3. Негізгі еліктеу сөзді табыңдар:

а)шұбартөс ә) қыңқ б)елпең в) күркіре

4. Туынды еліктеу сөзді табыңдар

а)күркіре ә) тарс б)ойна в)қыңқ

5. Туынды еліктеу сөз жасайтын жұрнақтарды табыңдар:

а)-ша, ше, -қы, -кі, -к ә)-аң, -ең, -ың, -ің, -ң

б)-ыс, -іс, -ым, -м в)-а, -е, -й, -ар, -ер, -р

6. Қажетті еліктеу сөзді тауып қойыңдар: Қарға …… етті

а)бұрқ ә)сарқ б)сарт в)қарқ



7. Негізгі еліктеу сөзді табыңдар:

а)селк ә) қисаң б)томпаң в) үлбіре

8. Еліктеу сөзді тіркесті көрсетіңдер

а)сылқ-сылқ күлді ә)емін-еркін отыр б)мыңға жуық в)әттең, естімедім-ау

9. Туынды еліктеу сөзді табыңдар:

а)тарс-тұрс ә)қисаң-қисаң б)былқ в)селк

10. Еліктеу сөзді табыңдар: Сол кезде алдынан бұрқ еткен шаң шықты.

а)сол кезде ә)бұрқ еткен б)алдынан в) шаң шықты





Оқушылар берілген тест жұмысын орындайды

Бағалау 1минут

«5» - 9 -10 балл

«4» --8 ---7 балл

«3» ---6-4 балл

«2» -0-3 балл



Оқушылар берілген критерий арқылы топта бірін-бірі бағалайды

Үй тапсырмасын беру (2 мин)

1)Еліктеу сөздерді қатыстырып жыл мезгілдеріне байланысты шағын әңгіме жазу;

2) 313 -жаттығу

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

Рефлекция

«Сабақта өзіңді бағала»

(2 мин)



Оқушыларға жеке карточкалар беріледі, карточкалардағы сөйлемдердің астын сызу арқылы оқушы сабаққа қатысын, не үйренгенін білеміз.

Сабақ Сабақта Қорытынды

1. қызықты 1. жұмыстандым 1. түсіндім

2. Қызықты емес 2. демалдым 2. Бұрынғыдан көп нәрсе үйрендім

3.Мән бермедім 3.басқаларға көмектестім 3. түсінбедім



Сабақтан алған әсерлерін астын сызу арқылы көрсетеді.

















































































Мұғалімнің жазбалары

Бүгінгі сабақты бастамас бұрын Абай атамыздың табиғат лирикасына байланысты төрт мезгілге бөлдім. Өлеңдерінен бір шумақты оқып, еліктеу сөздерді тауып, ой сергіте отырып, 4 топқа бөлдім.

Негізгі және туынды еліктеу сөздер (6-сынып)Негізгі және туынды еліктеу сөздер (6-сынып)Негізгі және туынды еліктеу сөздер (6-сынып)

Үйге тапсырма 302-303 жаттығуды жазғандарын тексеріп өткен сабақтардан сұрақтар қою арқылы бағаланды. Әр топтан жеке жауап береді. Әр түрлі кесінділер арқылы бағаладым . «Жұлдызша»-5 «Төрт бұрыш»-4 «Үш бұрыш» -3. Мағынаны тануда• Жаңа сабақты оқушыларға интербелсенді тақтадан мысалдар талдатып, сұрақ-жауап арқылы ой шақыру әдісімен бастадым. Еліктеу сөздің мағынасына қарай еліктеуіш және бейнелеуіш болып бөлінетінін білдік, одан басқа қандай түрі бар деп ойлайсыңдар? Мысал көрсетіледі

Мына сөздерге мән беріп қараңдар? Сөздердің түбіріне, құрамына назар аударайық, не байқадық? Оқушылар берілген сұрақтарға сыни тұрғыдан ойланып жауап береді.

Негізгі және туынды еліктеу сөздер (6-сынып)Негізгі және туынды еліктеу сөздер (6-сынып)

Бұл бaғдaрлaмaның негізгі зерттеушілік идеялaры сындaрлы оқыту теориясынa негізделген (Vigоtsky, 1978; Wооd,1998). Сындарлы оқытудың мaқсaты-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, aлғaн білімдерін сыныптaн тыс жерде, кез келген жaғдайдa тиімді пaйдaлaнa білуін қaмтaмaсыз ету. Мектептегі тәжірибемде бағдарламада көрсетілген негізгі ойлар мен идеяларды негізге ала отырып өткізуге тырыстым.

Бүгінгі сабағым «Негізгі және туынды еліктеу сөздер» төртінші сағаты.

Оқулықты оқиды, түсінгендерін жұпта талқылады.

Топта оқулықпен жұмыс жүргізілді. Әр топқа жаттығу жұмысы берілді. Бағдарламаның төрт модулі кіріктіріле құрылды.

Мағынаны тану кезеңінде екінші сабақтағы оқушылардан алған кері байланысты ескере келе, І топқа постер тапсырмасын бердім.

Негізгі және туынды еліктеу сөздер (6-сынып)Негізгі және туынды еліктеу сөздер (6-сынып)Негізгі және туынды еліктеу сөздер (6-сынып)

ІІ топ Жұптастыру (Сәйкестендіру ) еліктеуіш сөздермен етістікті жұптастырып сөйлем құрау берілген болатын .Оқушылар топ болып жақсы орындап шықты.

ІІІ топ Семантикалық картаны толтыру

ІV топ Бүгінгі тақырыпты өмірмен байланыстырып, сахналық көріністі өте тамаша орындап шықты.

Бұл тапсырмасынан кейін оқыту үшін бағалау жүрді. Смайлик арқылы бағалау. Тапсырмаларды орындағанда мына модульдер - сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, талантты және дарынды балаларды оқыту модулі, оқытуды басқару және көшбасшылық модулдері айқын көрінді. Соңғы тапсырма яғни тараудан алған білімдерін қорыту. Тест тапсырмасы берілді оның қорытындысы мынандай? . Тест тапсырмасынан«А» оқушы 9 балл-« 5», «В» 6 балл -«4» «С» оқушы таңқалдырды 9 баллды жинап «5» бағасын алып отыр.

Бағалау шкаласы:

«5» - 9- 10 балл (100% - 89 %)

«4» - 8- 6 балл (75% - 88 %)

«3» - 5- 3 балл (61% 75%)

«2» - 0-2 балл (60%-дан төмен)



Үлгерм

100%





















































Бір айдың ішінде барлығы сапа 92 керемет емес, дегенмен 100-пайызға болашақта міндетті түрде жетемін. Болашақта сыни тұрғыдан ойлай білетін, талантты және дарынды , көшбасшы бола білетін оқушыларды дайындау мақсатында көп жұмыстанып, тиімді әдіс-тәсілдерді, оқушының қалай оқу керектігін өзіне қажетті білімді еңсере алатындай етіп дайындау мақсатым.

Сыныптың бір айдағы жеткен жетістігі...

-Еркін сөйлеуді үйренді

-Пікір алмасу болды

- Оқушылар бір-бірін оқыта білді

Кедергілерді жеңу арқылы дамытқым келеді

  • Оқушыларды өз ережеме бағындырмау

  • Оқушылардың тілектерін орындап отыру

  • Әділ бағалау

  • уақытқа бағыну

  • Топтағы тапсырмаға салғырт қарап отырған оқушылармен жұмыс жасау

  • Әдіс тәсілді тиімді пайдалану,

  • Тапсырманы нақтылау

  • Бірінші тапсырмадан, екінші тапсырмаға ауысу





















Негізгі және туынды еліктеу сөздер (6-сынып)



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал