- Учителю
- Статья,на тему Үйірме жұмыстарының қызметін ұйымдастыру
Статья,на тему Үйірме жұмыстарының қызметін ұйымдастыру
Үйірме жұмыстарының қызметін ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңында :"Қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың өзін-өзі басқаруын, шығармашылығын дамыту, олардың қабілеттерін іске асыру, қоғам өміріне бейімделуі, азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру үшін жағдайлар жасауды көздейді" -деп көрсетіледі.
Балаларға қосмыша білім беру-білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту үрдісі, үздіксіз білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі. Балаларға қосмыша білім беру жүйесі салауатты өмір салтын қалыптастыру, жеке тұлғаны өздігінен дамыту, шығармашыл, дарынды баоаоарды анықтау, оларға қолдау көрсету және қабілеттіліктерін дамыту, өскелең ұрпақ тәрбиесіне және олардың дарындылығын дамытуға, балалардың құқықтарын қорғауға назар аударуды күшейтуге бағытталған.
Еліміздегі мектептен тыс ұйымдардың қосымша білім беру және бос уақытты ұйымдастыру қызметтерінің бірнеше бағыттары бар: көркемдік-эстетикалық бағыттағы білім беру, туризм және өлкетану жұмыстарын дамыту, оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын ұйымдастыру т.б.
Қосымша білім беру, ең алдымен, балалардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыра отырып, олардың тілек-талаптарын қанағаттандыруға мүмкіндік жасау арқылы жүзеге асырылады. Қазақстанның балалар мен жасөспірімдерге қосымша білім беру жүйесі тек соңғы жылдары ғана даму жолына түсті. Оны дамыту мен жаңартудың маңызды міндеттері енегізгі және қосымша білім мазмұнын кіріктіру негізінде бірыңғай білім кеңістігін құру болып табылады.
Қазіргі заманның ағымында қосымша білім беру бағытындағы жұмыстарға барынша мән беріп, болашақ ұрпақтың тәрбиесін қамдап жүрген тәрбие ошақтарын дамыту қажет. Оқушылардың үйірмеге деген ықыласын арттыра отырып, ұлтымыздың ой-парасатын нығайту мақсатында үйірмелерге қамтумен қатар жасөспірімдердің ішінен дарынды балаларды анықтап, олардың қабілетін дамытуға жан-жақты эстетикалық тәрбие беріп, сұлулыққа, тазалыққа үйретуде қосымша білімнің қызметі аса маңызды. Оқушылар бос уақыттарында ынта мен бейімділіктеріне байланысты ерікті негізде әртүрлі үйірмелерге қатыса алады. Үйірме жұмыстарының бағдарламалары негізінен алғанда оқушылардың ынталары мен талар-тілектеріне байланысты болады. Үйірме жұмыстарының тағы бір ерекшелігі- жас шамасы әртүрлі оқушыларды қамтитындығында. Сондықтан баланы өнерге, мәдениетке, ғылымға, техникаға құштарлығын дамыту мен тәрбиелеу, уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру мақсатында балаларға арналған шығармашылық кітаптар, басылымдар қажет.
Ұлы Абайдың: "Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар, қалан",-деген қанатты сөзі өмірде әрбір адамның өз орнын тауып, тұлғалы азамат болуға жетелейді.Үйірме жұмыстарын жүргізген аз уақыт ішінде үйірмеге жақсы қатысып, белсенділік танытқан үйірме мүшелері кейін кәсіптік -техникалық бағытта, жоғары оқу орындарында өз мамандықтарын игеруде. Балалар мен жасөспірімдердің теріс жолға түспеуі үшін қосымша білім беру жұмысын тиімді ұйымдастыру арқылы оларды қызықты да тартымды ете алу және басқа да ұйымдық жұмыстарды жандандыру қажет. Оқушыларды техникалық еңбекке баулу мақсатында жұмыс жасайтын "Жас шеберлер" үйірмесінің мақсаты- еңбек түрлерімен, техникалық жобалау әдістерімен щұғылдана отырып, еңбекшіл болуға, кәсіп түрлері туралы мағлұмат алуға бағытталған.Тоқыма жұмысы арқылы олардың жұмыс кезінде бұлшық еттерінің ширауына әсерін тигізеді.
"Жас шеберлер" үйірмесінің негізгі мақсаттары:
Білімділік мақсаты:
-еңбек тәсілдерінің ерекшеліктерін, еңбек үрдісін оқушылардың меңгеруіне сай мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету;
-алған білімдерін толықтыру, саралау, жүйелеу, дағдыларды жаңғырту, белгілі әдістердің әсерін бекіту, үлгілер бойынша тапсырманы орындауға немесе іскерлікке бейімдеу;
-жұмыс нәтижесін өз бетімен бағалауға, қорытынды жасауға үйрену;
Тәрбиелік мақсаты:
-патриоттық тәрбие;
-табиғатқа саналы көзқарас;
-адамгершілік, қамқорлық;
-ұжымдық;
-тәртіптілік;
Дамытушылық мақсаты:
-ойлау;
-қимыл дағдыларын дамыту;
-қозғалыс дәлдігін қалыптастыру;
-белсенділігін, өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру;
Үйірме жұмысының міндеттері:
-жұмыс жасауды дұрыс ұйымдастырып, тиімді пайдалану, керекті материалдарды ұқыптып, өз орнымен қолдануға үйрету;
-балалардың еңбек ету іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру;
-оқушының еңбекке деген шығармашылық көзқарасын қалыптастыру;
-оқушының бойындағы басты ерекшеліктерді ескере отырып, дарынды балалармен жекелеген жұмыстар жүргізу;
-оқушылардың бір-біріне деген дұрыс қарым-қатынасын қалыптастыру;
-еңбек тәрбиесін, мәдениеті мен техника қауіпсіздігінің бастапқы элементтерін меігеруге бағыттау;
-ой-өрісін дамытып, ынта-ықыласын нығайту және мамандықты саналы түрде таңдай білуге даярлау;
-еңбек етудің қажеттілігін сезінуін, бастаған ісін аяқтап шығуда табандылық танытуын қадағалау;
Үйірме жұмысының іс-тәжірибесіне көңіл аудара болсақ, баланың шығармашылық кезеңдеріндегі танымдық мүддесінің дамуы өз шығармашылығын шыңдауға, қабілеттілігін арттыруға зор мүмкіндік береді. Мұның өзі түптеп келгенде баладан шыдамдылық пен төзімділікті қажет етіп, алдына қойған мақсатына жетуге талпынуға, шеберлікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелейді.