- Учителю
- Конспект урока Моя профессия - моя гордасть 10 класс
Конспект урока Моя профессия - моя гордасть 10 класс
«Глазунов орта мектебі» ММ
Ашық сабақ
10-сынып
Сабақтың тақырыбы: Мамандығым мақтанышым
Өткізген:Сарбаева А.А.
Сынып -10 «А»
Пән : қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы : Мамандығым мақтанышым
Білімділік мақсаты : Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып,
болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп,
қызығушылықтарын арттыру.
Дамытушылық мақсаты : оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып,
болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын
тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік мақсаты : Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру,
мамандық таңда білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың типі: қайталау
Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған
карточка, слайд көрсету.
Әдісі: Тест тапсырмалары, карточкалармен жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Үйге берілген тапсырманы тест бойынша тиянақтау.
1. Зат есімді табыңыз.
А) Ұлттық
В) Төрт
С) Қызыл
Д) Немере
Е) Кетті
2. Құрамында жинақтық сан есімі бар мақал-мәтелді көрсетіңіз.
А) Ас - адамның арқауы.
В) Еңбек ер атандырар.
С) Күшіне сенбе, адал ісіне сен.
Д) Туған жердей жер болмас.
Е) Ағайын - алтау, ана - біреу.
3.Омоним бола алатын сөзді көрсетіңіз
А) Сары
В) Бір
С) Ара
Д) Алматы
Е) Су
4.Сын есімді табыңыз
А) Жетеу
В) Айнадай
С) Қолөнер
Д) Қоғам
Е) Көрді
5.Мақал-мәтелдің жалғасын табыңыз
Жақсы сөз - .......
А) Жылан інінен шығады
В) Қызыл тіл
С) Тілден
Д) Жарым ырыс
Е) Атылған оқ
6. Одағай сөзі бар сөйлемді табыңыз
А) Ісің өнімді болсын, Қуат
В) Сірә, мен ертең сізге барармын.
C) Үлгілі үйдің ұл-қызы ұялмайды
D). О, бәрекелді, мынау қандай ер еді !
E) Алматы-Республикамыздағы ең үлкен қала.
7. Үстеуді табыңыз
А) Жетеу
В) Айнадай
С) Бүгін
Д) Қоғам
Е) Көрді
8. Туынды сын есімді белгілеңіз.
А) Гаухарды
В) Тар
С) Ақ
Д) Атақты
С) Кең
9. Сан есімді табыңыз
А) Бағалау
В) Бесеу
С) Тәрбиелеу
Д) Сұлу
Е) Өшу
10. Өздік есімдікті табыңыз
А) Сендермен
В) Мен
С) Олар
Д) Біз
Е. Өзім
Сабақтың тақырыбымен таныстыру
ІІ. Мамандығым мақтанышым
Суреттер бойынша жұмыс
Мамандығым мақтанышым (мәтінмен жұмыс)
Тыңдаймыз, оқимыз, сөйлейміз
Мамандық жайында ой толғау
Бұл кезеңде әр оқушы жеке саяхатқа шығып өмірден түйген ойларын, білімдерін ортаға салып, ой - пікірлерін айтады.
Тополова Даринаның пікірі: Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ қандай
мамандық болмасын оның өзіндік талаптары болады. Мамандықтың кез -
келгенін игеруге икемділік қажет, бұл жай күнелту немесе тамақ
асырау емес, үлкен өнерді, жақсы шеберлікті қажет ететін нәрсе.
Меніңше жақсы маман болу үшін ең алдымен өзің таңдаған мамандықты
сүюің керек, сол мамандықтың қыры мен сырын жете меңгеруің керек.
Сондай - ақ мамандықты таңдаған кезде өзіңнің ыңғайыңа қарай өз
жолыңмен қызмет етсең өз басыңа да, елге де үлкен пайдаң тиері
сөзсіз. Өзінің бейімділігі мен қабілетіне қарай маман болған
адамның жұмысы да өнімді, берекелі де болмақ. Ж.Аймауытов
айтқандай, өмірде өз мақсаттарымызға жету үшін қабілетімізге қарай
мамандықты таңдай білейік.
Гутова Әсел: Менің ата - анам қарапайым адамдар. Біздің жанұямызда
жалғасын тапқан отбасылық кәсіп бар деп айтуға болмайды. Мен заң
қызметкері болуды қалаймын. Себебі елімізде болып жатқан көптеген
жағдайлар менің де жүрегімді сыздатады. Ашылмай жатқан қылмыстар,
сыбайлас жемқорлық, кейбір әділетсіздіктер т.б.
Багитов Арлан: Менің пікірімше адам өзін белгілі бір мамандыққа
дайындауды мына уақыттан бастау керек деп ашып айту қиындау сияқты.
Әрине кейбіреулер ес білгеннен бір мамандықты ұнатып осы
мамандықтың иесі боламын деуі мүмкін, ал енді біреулер жағдайына
қарай ата - анасының немесе бір жанашырының ықпалымен мамандық
таңдауы мүмкін немесе ата бабасынан келе жатқан мамандықты таңдауы
мүмкін ғой. «Тапқыр болсаң тауып көр» (мамандыққа сәйкес
қасиеттерді табу).Төмендегі қасиеттер қай мамандыққа сәйкес келеді,
дұрыс жауапты бағыт сызығымен байланыстыр
Тренер----------- тапқыр
Дәрігер---------- әділ
Мұғалім--------- өте ақылды
Журналист----- шыдамдылық
Механизатор----өз мамандығын жетік білу
Құрылысшы------ой - өрісі жоғары
Заң қызметкері---мейірімді
Өнер иесі-----------мәдениетті
Егер осы маман иесі болсам! (ситуациялық шешу) ХХI - ғасыр
адам өмірінің әртүрлі саласына жаңалықтар енгізіп қанай қоймай,
жаңа мамандықтарды да ала келді.
Ситуациялық жағдаяттар
ІІІ.Тапсырма:
Сіздің мамандығыңыз психолог сыныпқа келдіңіз.Оқушылардың көңіл
күйі әр түрлі қалай ажыратасыз?
Жауабы: 1. Бейжай 2. Өшпенділік 3. Көңілді 4. Өте ашулы. 5. Уайым
6. Жасырын қуаныш 7. Нашар көңіл 8. Ашулы 9. Өте қуанышты 10. Терең
қайғы 11. Ұнатпау 12. Қайғы
ІҮ. Тапсырма
Егер мамандық иесі болсаң не істер едің: (ситуациялық шешу)
Дәрігер. Ауырған адам сізге келіп, қойған диагнозбен келіспейтінін
айтты. Сіздің шешіміңіз?
Мұғалім жайлы әңгіме «Жүрексіз нені түсінеміз?» сабаққа ата - ана
қатысып отыр. Үй тапсырмасын сұрадыңыз, ешбір оқушы дайын емес. Не
істер едіңіз?
Журналист. Жазған мақалаңыз кейбір жандарға ұнамай, сізге
ескерту жасады, қорқытты. Не істер едіңіз?
«Білімді мыңды, білікті бірді жығады» (білім сайысы)
І топ.
1. Тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала (фонетика)
2. Тіліміздегі сөздердің жиынтығы (лексика)
3. Жеті ата (әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат)
4. Сөйлемнің құрамына қарай неше түрі бар? (2)
5. Етістікті тіркеске мысал келтір (үйден шықты)
6. Қазақ тілінде неше сөйлем мүшесі бар? (5)
7. Байланысу тәсілдері қанша? (4)
ІІ топ.
1. Сөз таптарын зерттейтін сала (морфология)
2. Сөз тіркестері мен сөйлемдерді зерттейтін сала (синтаксис)
3. Есімді тіркеске мысал келтір (әдемі көйлек)
4. Жай сөйлемнің неше түрі бар? (7)
5. Байланысу түрлері нешеу? (5)
6. Жеті жоқ (аспанда тіреуіш жоқ, жерде өлшеуіш жоқ, таста тамыр
жоқ, тасбақада талақ жоқ, аллада бауыр жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда
өт жоқ)
7. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай неше түрі бар? (4)
Мамандық керек адамға (Тополова Д, Гутова Әсел ) жоба
дайындау.Адам баласы ХХ-ғасырда қажетсінбеген, тіпті
естіп-білмеген түрлі мамандықтар пайда болуда.
Ол негізінен, ақпараттық технологиялардың ұшқыр дамуына, қызмет
көрсету және саладағы еңбекті жіктеу ережесінің түрленуіне
байланысты. Төменде келтірілген мамандық атаулары бірнеше жыл бұрын
қолданыста болмаған, олардын атын естігенде қазіргі күннің өзінде
"Сонда, ол маман немен шұғылданады?" деген сауал туындайды. Бірақ
даму жолына түскен компаниялар бүгінде осындай мамандар үшін өз
мекемесінде "орын әзірлеп" жүр. Сонымен, жаңа ғасырдың жаңа
мамандықтарына тоқталайық:
Тізімде келтірілген мамандықтар нарықтағы жұмыс түрлерінің
бірсыпырасы ғана. Әрі анықтама қысқаша ғана берілген. Шын мәнінде,
айталық, девелопердің жұмысы тек жоба жасап, оны сатумен ғана
шектелмеуі мүмкін. Логистик те солай.
Бірақ бұл тізімдегі мамандықтарға деген сұраныс күннен-күнге артып
келе жатқаны анық.
Дегенмен, бірқатар мамандықтардың атауы жаңа болғанымен, функциясы
өзгерген жоқ. Мысалы, Javascript-программист мамандығы бұған дейін
жай ғана веб-программист деп аталатын. Бұрынғы бастықтар - менеджер
болып шыға келді. Еден жуушылар - хаус-киперге айналды.
Соған қарамастан, жаңа мамандықтардың басым бөлігі нарықтық
экономиканың өз күшіне мініп, IT саласының ілгері дамуына
байланысты пайда болған, тың кәсіптер. Компьютер алдында отыратын
қызметшілердің табысы жүргізуші, механик, кенші сияқты мамандық
иелерінен әлдеқайда көп. Оның үстіне, денсаулығын тәуекелге
тікпейді.
Алайда жаңа мамандықтардың да кемшілігі бар. Жүйкеге түсетін салмақ
пен стресс орасан. Ұдайы ойланып, жаңа тәсілдер табу қажет.
Жүйке ол - бұлшық ет емес. Оны жоғалтсаң, қайта қалыпқа келтіру
оңай емес.
5 жолды өлең құрастыру . Мұғалім, журналист 1-2 топтарға кәсіби мамандық иелері туралы
1.Алатаяқ ұстаған,
Жол тәртiбiн нұсқаған.
Өмiрiңдi күзеткен,
Ысқырығы күштi адам. (Полиция қызметкері) . Суретте слайдтан
шығады.
2. Жасыл желек көгалда,
Бiрде артқа,
Бiрде алға,
Желаяқ көп бала,
Таласып жүр бiр шарға. (Футболшылар)
3.Жолының көп азабы,
Сондадағы тынбайды.
Жаңалықты жазады,
Көпшiлiктi тыңдайды. (Журналист)
4.Шың басына өрмелеп,
Күнге ұмтылар дөңгелек. (Альпинист)
5.Төл өсiрiп момақан,
Уыз iшкен қоймалжың,
Бiлсең айтшы, балақан,
Еңбегi зейнет кай малшы? (Қойшы)
6.Өскен шашты жаратпайтын,
Қайшысы бар жалақтайтын. (Шаштараз)
Бекіту: Кім боламын? шағын эссе жазу
Үйге тапсырма беру: Мамандыққа байланысты шығарма,
10сұрақ тест