7


План урока по педагогике

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Психологияны оқыту әдістемесі» пәнін ойын технологиясы элементтері негізінде ұйымдастыру



Сабақтың тақырыбы: Оқыту процесіндегі білім беру технологиялары

Мақсаттары:

- «технология», «білім беру технологиясы», «педагогикалық технология» ұғымының теориялық негіздерін ұғындыру;

- әр түрлі білім беру технологиясының өзара іс-әрекеттің, олардың оқу-тәрбие процесінде қолданатын оқыту құралдарымен, педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесімен байланысын анықтау.

Құралдары:

Психологиялық: орнының қолайлылығы, жағдайдың жағымдылығы, ойын командасының мүшелерінің психологиялық үйлесімділігі; ойынның мақсатына және мазмұнына себептендіру; іс-әрекетті көтермелеу.

Ұйымдастырушылық: регламент, ойын алаңының даярланғандығы; рөлдердің бөлінуі және орындалуы; істің аяқталғандығы; ойыншылардың мүмкіншілігіне қарай жарыс қарқыны.

Дидактикалық: ойыншыларда белгілі бір теориялық білімдердің болуы, ұжымдық ой іс-әрекетінің, нәтижесінің көрнекілігі; схемалардың, тапсырмалардың нақтылығы, дұрыстығы, толықтығы.

Мазмұны:

1 - кезең. Ойынды өткізуге деген бағыттама және оның мақсаты (тақырыптың ойынның түрі, ережесі, регламент хабарлануы). Рөлдерді бөлу. Кезеңнің нәтижесі: командалардың ұйымдастырушылық құрылымының қалыптасуы аяқталады.

2 - кезең. Қатысушыларды психологиялық даярлау (оларды жұмыстың ойындық режиміне кірістіру үшін). Кезеңнің нәтижесі: қатысушыларды «ой шабуылына» енгізу.

3 - кезең. Ұжымдық ізденіс. Білім беру технологиясының құрылымын және оларды практикада қолданудың алгоритмін моделдеу.

1. Ойындық алаң: негізгі педагогикалық терминдердің сөздігі: топта жұмыс істеуге деген сұрақтар: мұғалімдерді тестілеудің нәтижесі: жазатын құралдар, қағаздар.

2. Топта жұмыс істеуге деген сұрақтар: білім беру технологияларына және олардың мектепке енгізілуіне деген қатынасыңызды білдіріңіз. Таңдап алған білім беру технологияның құрылымын моделдеңіз (анықтаңыз, сипаттаңыз): сол технологияны практикада қолданудың алгоритімін жасаңыз.

Кезеңнің нәтижесі: білім беру технологияның моделін, оларды қолданудың алгоритмін жасау, командалар арасындағы пікірталасқа даярлық.

4 - кезең. (3 кезеңмен бір уақытта) шағын зерттеу, «семинарға қатысушылар - білім беру технологиялары туралы» (тест).

Кезеңнің нәтижесі: семинарға қатысушылардың және ойыншылардың білім беру технологиясы туралы пікірлерін салыстыру. Шағын зерттеудің нәтижесін шығару.

5 - кезең. Команда арасындағы пікір талас (әрбір команда: өз пікірі, құрылымы, алгоритмі. Басқа команданың қатысушылары - оппоненттер: сұрақ қояды, ақыл кеңес, ұсыныстар айтады).

6 - кезең. Релаксация (демалыс сәті) жағдай (шығармашылық тапсырмалар):

1. Мәселенің (технологияның) мәнін көрсететін текстісі бар өлеңді таңдаңыздар.

2. Эмблеманың суретін салыңыз.

3. Өлең шығарыңыз.

4. «Өз» технологияңыздың мәніне сай эпиграф таңдаңыз.

Нәтижесі

7 - кезең. Нәтижесін шығару. Рефлексия (өзін-өзі тануы)

- топтағы жалпылау;

- аяқталмаған сөйлем әдісі;

- эксперттік топ-пікірі.

Кезеңнің нәтижесі: өз ұсыныстармен, жадығаттармен шығу.

Ойынның ережесі

1. кезең. Ойынның нақты мақсаттары анықталынады. 6 адамнан тұратын 3-5 команда ойнайды. Командаларды қалыптастыру принципі- мектепте көбіне қолданып жүрген білім беру технологиялары бойынша. Бұл технологиялар: дамыта оқыту, топтық оқыту, деңгейлеп оқыту, проблемалық оқыту, ойын технологиялары т.б.

Ойын барысында әрбір топ мыналарды анықтайды: жетекшіні, ол топтағы жұмысты ұйымдастырады, міндеттерді бөледі, топ мүшелерінің жұмысын үйлестіреді, жалпылайды, әрбір кезеңде жұмыстың нәтижесін шығарады.

Сарапшыны, ол ойын барысында мұғалімдер үшін «өз» технологиясының жағымды және жағымсыз жақтарын анықтайды т.б.

Қалған ойыншылар кешенді функцияларды орындайды: теоретик, практик, аналитик т.б.

Ойынға қатысушылар - стол айналасында отырады. Регламент келісіледі. Ролдерді бөлуге командаға 1 минут уақыт беріледі.

2. кезең. Ойын режиміне енгізу қатысушыларды психологиялық даярлау.

3. кезең. «Ой шабуылы» - топтағы жұмыстар.

Ойын алаңында - топта жұмыстар.

Ойын алаңында - топта жұмыс істеуге қажеттінің бәрі бар. Білім беру технологиясына байланысты алдын-ала дайындалған сұрақтар бойынша әрбір команда талдау жұмысын, ойларын даярлайды. Топтағы жұмысқа - 20 минут беріледі.

Сұрақтар

1. Білім беру технологияларына өзіңіздің қатынасыңызды білдіріңіз. Сіздің пікіріңізше олардың қайсысын мектепке қолдану қажет?

Бірінші сұраққа тапсырмалар:

а) сіз таңдаған білім беру технологиясының құрылымын моделдеңіз (анықтаңыз, сипаттаңыз);

б) практикада сол технологияны қолданудың алгоритмін жасаңыз.

3. Білім беру технологиясын қолдану жолында қандай кедергілерді көріп тұрсыз?

4. кезең (қатар жүреді). Топтар жұмыс істеп жатқанда шағын зерттеу жүргізіледі: талқылайтын мәселе бойынша пікірлерін айтады.

Сұрақтарға жауап беру сұралынады (15 минут)

1. Білім беру технологияларына өз қатынасыңызды көрсетіңіз. Сіздің пікіріңізше олардың қайсысын мектепке қолдану қажет?

2. Оқыту технологиясын қолдану - оқушы мен мұғалімге не береді?

3. Мектепте оқыту технологиясын қолдану жолында қандай кедергілерді көріп тұрсыз?

Зерттеуді қысқаша өңдеу - 10 минут (эксперттік кеңес)

Сол уақытта жетекшілер топтарға кеңес береді. Топтарда талқылау аяқталғаннан кейін ойынның 3 кезеңінің сұрақтары бойынша жұмыс жүргізіледі.

5. кезең. Командалар арасындағы пікірталас.

Ең алдымен пікірталасқа сарапшылар шақырылады - талқылау үшін 1 минут берілді. Сұрақ (кез-келген топқа), ақыл-кеңес, ұсыныстар. Команда 1-2 сұрақты басқа командаға бере алады.

</ 6. кезең. Релаксациялық (демалыс сәті) жағдай командаларға шығармашылық тапсырмалар берілді: Талқылайтын мәселенің (технологияның) мәнін көрсететін мәтіні бар өлең шығарыңыздар.

  1. Эмблема салыңдар ...

  2. Эпиграмма жасаңдар ...

  3. Сөз ..., эпиграф және т.б.

Тапсырманы даярлау - 5 минут. Содан кейін әрбір команда өздерінің нәтижелерін хабарлайды. (2 минут). Шағын зерттеудің нәтижесі шығарылады, эксперттік кеңес - сөз алады.

7. кезең. Ойын нәтижесін шығару. Рефлексия. Ойынның нәтижелері шығарылады:

а) сөйлемді аяқтау әдісі (кері байланыс беті);

б) ойынның мақсатынан шығарып лидердің, топтың жұмысын жалпылау;

в) эксперт кеңесінің қорытындысы;

г) жетекшілердің қорытындылауы.

Ойынның нәтижесінде білім беру технологияларын білуде және пәрменді қолдануға байланысты ұжымдық ұсыныстар қабылданады:

- мұғалімдерден шығармашылық топ құру;

- әдістемелік бірлестіктерге білім беру технологиясын қолдану тәжірибесін жалпылау.

Алдыңғы қатарлы педагогикалық практика білім беру технологияларын мектеп практикасына енгізу көбіне педагогикалық ұжымның мәдени-білім беру дәрежесіне және психологиялық ұмтылыс күйіне тікелей байланысты екенін көрсетіп отыр.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал