7


  • Учителю
  • Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті Көлік

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті Көлік

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Күні:

Білім беру саласы: Қатынас, Шығармашылық

Бөлімдері: Көркем әдебиет, Сурет

Тақырыбы: Көліктер «Троллейбус», «Көлік»

Мақсаты: Балаларды көлік түрлерімен таныстыру.Жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру.Жолда жүру тәртібін сақтауға тәрбиелеу.

Түрі: Кіріктірілген сабақ.

Типі: «Тәй-тәй» технологиясы

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,әңгімелеу,көрнекілік

Сөздік жұмыс: баған, аспалы, сым жол,

Көрнекілік: көлік түрлері, суреттері, Бағдаршам, жол белгілері,

Билингвальды компонент: Бағдаршам-светафор, көліктер-тронспорт, баған-столба,Балалар шеңберге тұрып, бір-бірлеріне жақсы тілектер айтып, жылы лебіздерін білдіреді.

Тәрбиеші балаларға көліктің түрі көп екенін айтады. Алыс жолға, саяхатқа шыққанда қандай көліктермен жүреміз?

Балалар шеңберге тұрып, бірге айтады, сұрақтардың жауабын тыңдап, толықтырып отырамын.



Тыныштық сәті: баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмып, көз алдарына саяхатқа қалай шығатындарын елестетеді. Жеңіл көлікпен аялдамаға жетеді. Аялдамадан автобусқа мінеді.Вокзалдан пойызға мініп, портқа жетеді. Кемемен жүзіп отырып әуежайға, әуежайдан ұшаққа отырып демалатын жерге де жетеміз. Көзімізді ашамыз.Қандай сезімде болдыңдар?

Дәптермен жұмыс:

М.Әлімбаевтің «Троллейбус» өлеңімен таныстыру.

Бағанаға ілінген,

Аспалы сым жолы бар,

Көшелерде жүгірген,

Троллейбус жолығар,

Сым жолымен зулайды,

Басқа жаққа бұрмайды.

-троллейбусқа мініп көрдің бе?

Сергіту сәті:

Белгі бойынша балалар орталықтарға бөлініп отырады.

-1.Ғылым орталығы:-балалар сурет бойынша әңгіме құрастырып айтады. «Троллейбус»өлең жолдарын жаттайд.

2.Өнер орталығында-балалар түрлі-түсті бояулармен безендіріп өздеріне ұнаған көліктерінің суреттерін салады.

Д\О. «Жолдан өте білесің бе?»

Шарты: балалар екі топқа бөлінеді. Көліктер, жаяу жүргіншілер. Бірінші топ көліктерге мінеді,ал екінші топ жаяу жүргіншілер. Бағдаршам, жол белгілеріне қарап, жолдан өтуі керек.

Белгі бойынша балалар орталықтарын ауыстырып отырады.

Алған әсерлерімен бөлісіп айтады.























Өлең жолдарының мазмұнымен түсіндіріледі, сұрақтарға жауап беріптарын толықтырып отырамын.





Қимылмен келтіріп тұрады.





Әр орталықтың балалары берілген тапсырмаларын орындауға кірісіп кетті.









Ойынның шартын орындай отырып қызыға ойнады.











Қорытынды

Сұрақ-жауап әдісі арқылы алған білімдерін пысықтау. Жұмбақ шешу: -Төбесінде ебелек,

Ұшады өзі керемет

-Табанында жолы бар,

Төбесінде қолы бар





  • «Тікұшақ»



  • «Трамвай»

Күтілетін нәтиже:

Білуге тиіс: балалар көлік түрлерін танып,ажырата білу.

Талапты болу: сурет бойынша сөздерден сөйлем құрастыру, әңгімелеп айтуға үйрету.

Қолынан келеді: көліктің суретін үлгіге қарап сала біледі.









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал