7


  • Учителю
  • Поурочный план на казахском языку на тему Адам және Отан (9-сынып)

Поурочный план на казахском языку на тему Адам және Отан (9-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Өзін-өзі тану сабағының жоспары



Мерзiмі ______

Мектеп: Екпетал мектеп - балабақшасы

Мұғалім: Күзембаева Лира Рахатқызы

Тақырыбы : Адам мен Отан № 29 сабақ

Сынып : 9 Оқушылар саны: 8

Құндылық : сүйіспеншілік

Қасиеттер: ізгілік, риясыз қызмет ету, мейірімділік.



Сабақ мақсаты: Адамға Отанның маңыздылығын ұғындыру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1.Оқушыларда ізгілік қасиетін қалыптастыру

2.Риясыз қызмет ету қабілеттерін дамыту.

3. Өз-өзімізді мейірімділікке тәрбиелеу.



Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi: Сәлемдесу. 5Т

2.Тыныштық сәтi.

«Күн нұры» (5 мин)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

3.Үй тапсырмасын тексеру

29-сабақ. 139- бет Ж.Аймауытовтың «Қартқожа» романынан үзіндісімен танысып келу

- Туған жердің қадірін қай кезде білеміз?

- Туған жерінің артығын қай кезде біледі?

- Адамға Отаны, атамекені, туған жері неліктен ерекше әсер етеді?

* Отанға деген сүйіспеншілікті қалай танытасың?

*Отанға өзіңнің қосып жатқан үлесің бар ма?

* Өзің туған, өскен, тұрған жеріңе қосқан үлесің туралы не айта аласың?



Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз.

Сүйіспеншілік - баға жетпес құндылық.

Л.Толстой

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу.

Бәріміз қосылып айту



Дәптерге жазып алу

5. Әңгімелеу. «Батырдың көз жасы» атты видеороликтен үзінді

* Бейнеролик кім туралы?

* Қанат Исламның армандаған арманы не болды?

*Қанат Ислам Отанына атамекеніне оралды ма ?



*Отанға деген Риясыз сүйіспеншілікті сен қалай түсінесің?

*Біреудің қуанышына өз қуанышыңдай қуана алдың ба?

*Сен Отанға деген сүйіспеншілігінді қалай білдіресің?

Баяндау.

Оқушылардың жауаптарына назар аудару

6. Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмыс.

«Ізгілік» және «Мейірімділік» топтарына бөлу (жүрекге, жұлдызшалар арқылы)



1.«Сүйіспеншілікке толы-Қазақстан!»,

2.«Сүйіспеншілікке толы-Ойылым!» тақырыбында жоба қорғау.





7.Топпен ән айту.

«Атамекен» әні

Сөзі: Қ.Мырзағали

Әні: Е.Хасанғалиев

Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем

Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем

Маңдайымнан сипап өткен самалды

Қазағымның алақаны деп білем

Қайырмасы

Қайда жүрсем атамекен

Көкейіңде жатады екен

Күннің өзі қимай оны

Ұясына батады екен

Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем

Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем

Күннің нұрын айдың аппақ сәулесін

Қазағымның махаббаты деп білем

Қайырмасы

Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем

Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем

Асқар тауын аспаныммен астасқан

Қазағымның мәртебесі деп білем



Қайырмасы

Музыкалық әуенмен жолдау

8.Үй тапсырмасы.

30-сабақ 141 беттегі Ш.Мұқашеваның «Отан» шығармасын оқу.

Дәптердегі 29 сабақтың 1-тапсырмасын орындап келу



Үй тапсыр-масы туралы мәлімет беру

9.Сабақтың соңғы тыныштық сәті:

- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

- Енді көздеріңді аша қойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал