7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары «Шындық шыңы ақиқат»

Сабақ жоспары «Шындық шыңы ақиқат»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ жоспары

Пәні: «Өзін-өзі тану»

Тақырыбы: «Шындық шыңы ақиқат»

</<font face="Times New Roman, serif">Сыныбы: 6 сынып

Күні: 28.01.14ж

Өтетін орны: 206

Мақсаты:Оқушылардың төменгі сыныптарды шындық туралы білген ұғымдардын кеңейтіп,ақиқаттың құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік:оқушылардың адами қарым-қатынастағы бүкпесіз шынайылылық,қоршаған ортадағы шындық пен ақиқат туралы түсінік беру;

Дамытушылық:оқушылардың шыңдықты жасырмай айта алу,өтірік пен шыңдықтың ара-жігін дұрыс ажырата білу біліктіліктерін дамытуға ықпал ету;

Тәрбиелік: оқушыларды шыңшылдықты, адалдыққа, шынайылыққа тәрбиелеу.

Түрі: Дәстүрлі сабақ

Көрнекілігі: видео, музыка, слайд.

Құрал-жабдықтар: Дербес компьютер, флешка.-Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар!

-Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын.

-Көңіл-күйлеріңіз қалай?

-Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы «Шындық - шыңы ақиқат».



3 минут

3

«Тыныштық сәті»

-Ендеше, балалар тынышталып, жинақталып отырамыз. Сабағымызды ең алдымен тынығудан бастайық.Ол үшін жайғасып отырайық.



(музыка қою)



-Барлықтарың көздеріңді жұмыңдар. Сен табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестетіп көр. Сен жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсің. Жасыл шөп сенің аяғынды сипап жатқан сезімде боласың (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда (тыныштық). Сен гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесің (тыныштық). Сен өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисің ..... (тыныштық).

Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды тындайық. Алақандарыңды күннің көзіне жайыңдар..Сендердің жүректерің - сендердің кішкентай жарқыраған күндерің. Ол да күн сияқты жылытады. Сендердің күндерің сендерге жылулық береді. Өздеріңнің жақсылықтарыңмен адамдармен бөлісесіңдер. Қазір жақсылық сезімдерімізді ата-анамызға, аға-әпкелерімізге, достарымызға, келген қонақтарға, бәріне-бәріне жіберейік, жақсылық тілейік.

-Ал, енді көздеріңді ашыңдар, жымиыңдар және осы сезімдеріңді, қуаныштарыңды күні бойы сақтауға тырысыңдар.







6 минут

4

«Негізгі бөлім»





5

«Үй тапсырмасын тексеру»

«Сөздің атасы мен анасы» мәтіні бойынша сұрақтар қою:

  • Саудагер Қазыбектен нені білгісі келді?

  • Саудагердің қойған сұрағынан нені байқауға болады?

  • Неліктен шыңдықты сөздің анасы дейміз?

  • Бұл сұраққа өздерің қалай жауап берер едіңдер?







5 минут







6

«Дәйексөз»

«Шындық шырағы дауыл соқсада өшпейді»

Ғ.Мұстафин

Өз ойларыңды ортаға салып көріңдер.



(балалар жауаптары)



Иа өте дұрыс айтасыздар :



Шырақ дегеніміз отпен тең.Ол дауыл соққан сайын лаулап өрши түседі,ал шындық та сияқты ашылған сайын нақтылана береді.Сондықтан та әрқашан шындықты шыңғыртып айтудан тайынбайық. Сол кезде ғана шыңдықтың ақиқатына жетесін. Шындық адамға қажетті құндылық екенін ешқашан ұмытпаңдар.

5 минут

7

«Әңгiмелеу»







Бір күні сотта бір әйел мен ер кісінің дауы қаралды. Қазы орнына отырмай жатып-ақ, айтыс-тартыс басталып кетті. Алғашқы сөзді алған әйел еркекті нұсқап:

- Бұл кісі мені балағаттап, арымды аяққа таптады, - деп жылай бастады.

- Өтірік айтып отыр, мырза - деді ер кісі. - Мен сатқан қойларымның ақшасын санап жатқанымда, осы әйел келді де, жағдайының қиын екенін айтып, ақша беруімді сұрады. Мен ақша бере қоймағаннан соң, өзінен-өзі айқай шығара бастады.

Қазы олардың сөзі мен әрекеттеріне қарап, іштей барлығын түсінді. Бірақ, мұнысын ешкімге білдірмей, ер кісіге:

- Әйелді біресе балағаттадым, біресе балағаттамадым деп өтірік айтасың. Қане, қалтаңдағы ақшаны дереу оған бер. Немесе сені қамап тастаймын, - деп ашуға басты.

Қазының бұл әрекетіне барлығы таңырқай қарасты. Ақшаны қуана-қуана алған әйел оған алғысын жаудырып, шығып кетті. Сол кезде қазы ер кісіге әйелдің артынан барып, ақшаны қайтадан алып келуін бұйырды. Түсінбей қалған байғұс сыртқа жүгіре жөнелді. Көп ұзамай екеуі қайта оралды. Еркектің беті тырналғаны соншалық қаны сорғалап ағып тұрды. Алғашқы сөз тағы да әйелге берілді. Ол ашулы кейіпте:

- Қазы мырза! Мына оңбаған бұл жолы сіздің маған берген ақшаңызды тартып алуға тырысты, - дегенінде, қазы:

- Жарайды. Ала алды ма? - деп сұрады. Әйел ыржиып:

- Мен мына бәлеге ақшамды беріп, қарап тұрамын ба? - дегенде, қазы қатуланып:

- Ей, ұятсыз! Жазықсыз жанға жала жауып, балағаттады деп дауласасың. Ақшаны қайтармау үшін барыңды салғанша, одан да арыңды таптатпау үшін жанталаспадың ба? Дереу қайтар ақшасын өзіне!

"Өтірік сөйлеу - әдепсіздік. Ал, әдепсіздік адамды тозаққа жетелейді"









10 минут

8

«Сергіту сәті»

Оқушылар орнымыздан тұрып, бір демалып, алайық.

Мынау- менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау- басым ақылым,

Бәрін осы басқарған.

Мынау - менің оң қолым,

Мынау- менің сол қолым,

Барлық істі тындырған.





2 минут

9



















































































































































10

Шығармашылық жұмыс

















































































































































«Хормен ән айту»









5- 7 минут

















































































































































3 минут





2.Тапсырма «шындық» сөзіне ассосация





Өтірік айпауға үйретеді

















Оқушылар отырмай тұрып, бір ән шырқап алайық.

өлеңін орындайық.

11

«Үй тапсырмасын беру»

  • Оқушылар, қане, барлығымыз күнделігімізді ашып үй тапсырмасын жазып алайық.

Оқулықтың 171 беттегі «Ақиқат» мәтінін оқып, мазмұндау.

1минут

12







13

«Қорытындылау»







«Соңғы тыныштық сәтi.»













  • «Балалар, бүгінгі сабағымызда шындық жайлы сөз қозғадық, енді бәріміз тек шындық айтамыз», - деп уәде берейік. Мен сендердің уәделеріңе кәміл сенемін.

  • Ал енді, бәріміз тынышталып отырайық. Барлықтарын көздеріңді жұмыңдар да, өздеріннің істеген іс-әрекеттеріңді еске алыңдар, егер де, дұрыс істемеген жағдайлар, өтірік айтқан кездерің болса, онда келесі жолы дұрыс істеуге, тек қана шындықты айтуды ғана ойлаңыздар.



1минут









2 минут



Сау болыңыздар!









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал