- Учителю
- Сабақ жоспары қазақ тілі 5 сынып тақырыбы:Денсаулыққа пайдалы кеңестер. Септік жалғауларын қайталау
Сабақ жоспары қазақ тілі 5 сынып тақырыбы:Денсаулыққа пайдалы кеңестер. Септік жалғауларын қайталау
5 сынып. Қазақ тілі
Касабаева Жазира Назаркызы
қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Қарағанды қаласы
Сабақтың тақырыбы: Денсаулыққа пайдалы кеңестер. Септік жалғауларын қайталау
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып септік жалғауларын қайталау арқылы , сауатты жазуға, таза сөйлеуге үйрету;
б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамытуқызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру;
в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге, денсаулыққа дұрыс қарауға бағыт бере отырып, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жұптық ,шығармашылық жұмыстар
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, тақта, наутбук
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, биология
Күтілетін нәтиже: пайдалы кеңестер туралы айта білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен амандасу , психологиялық орта кеңістігін құру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Дәрігердің қабылдауында сөйлесу құрастыру.Жұппен жұмыс. Септік жалғауларын қайталау.
ІІІ. Жаңа сабақ
1 - тапсырма. «Денсаулыққа пайдалы кеңестер» бойынша шығармашылық жұмыс.
презентацияларын оқып, қорғайды
Пайдалы кеңестерден кейін тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер беремін, дәптерге жазамыз
Жан ауырса - тән азады,
Қайғыбасса - жан азады.
Денсаулық - зор байлық.
Денсаулық - зор байлық.
Бас аманда мал тәтті,
Бас ауырсажантәтті.
Деніңсауболса,
Жарлымындеме.
Жолдасыңкөпболса,
Жалғызбындеме.
Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтынжолізде.
Тазалық - саулықнегізі,
Саулық - байлықнегізі.
Ауру желменкеліп, терменшығады.
Сырқат - төнжарасы,
Қайғы - жанжарасы.
Сергіту сәті
2 - тапсырма. Берілген тапсырмаларды әр оқушы өз компюторында жасайды. Бағалау парағы арқылы бір-бірінің жұмысын тексереді.
Настя мен Лиза осы сөздерге байланысты әңгіме, қалғандары сөйлем құрастырады.
Әйгілі теле жүргізуші Мая Веронскаяның пайдалы кеңесі
Қазақстан телеарнасының пайдалы кеңестерін тыңдайық
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту
Денсаулықты қалай сақтауға болады?
Қандай кеңестер есіңде қалды?
V. Үйге тапсырма
Берілген мақал -мәтелдерден 5 жаттау
VІ. Бағалау бөлімі
</ Сабаққа қатысы бойынша бағалау