- Учителю
- Урок по английскому языку Young polyglot
Урок по английскому языку Young polyglot
Аудандық оқушылар үйі
(сайыс сабақ)
Ұйымдастырушы: "Ағылшын тілі" үйірмесінің жетекшісі Болатбекова Гүлжан
Жосалы кенті
2016 жыл
"Бекітемін"
"___"_______ 2016 жыл
Аудандық оқушылар үйінің
директоры: Н.Наурызбаева
Аудандық оқушылар үйінің "Ағылшын тілі" үйірмесінің ұйымдастыруымен
өтетін "Young polyglot" атты сайыстың
Ж О С П А Р Ы:
Мақсаты: оқушылардың қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінен алған білімдеріне жалпылай шолу жасау, қайталау жұмыстарын жүргізу.
Оқушылардың танымдық қабілетін, ой-өрісін дамыту, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту.
Оқушыларды ұлтаралық ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Ағылшын, қазақ, орыс тілдеріне деген қызығушылығын арттыру.
Өтетін орны: Аудандық оқушылар үйі
Өтетін уақыты: 08.01.2016 ж. сағ.16.00-де
І . Ұйымдастыру кезеңі
1. Қазылар алқасын сайлау
2. Ойын шартымен, кезеңдермен таныстыру
ІІ. Негізгі бөлім
1. Таныстыру
2. Мақал- мәтелдер
3.Жұмбақтар
4. Ребус
5. Түстер
ІІІ. Қорытынды бөлім
1. Қорытынды сөз
2. Жеңімпаздарды марапаттау
"Ағылшын тілі" үйірмесінің жетекшісі: Г.Болатбекова
Аудандық оқушылар үйінің "Ағылшын тілі" үйірмесінің ұйымдастыруымен
өтетін "Young polyglot" атты сайыстың
СЦЕНАРИЙІ:
Мақсаты: оқушылардың қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінен алған білімдеріне жалпылай шолу жасау, қайталау жұмыстарын жүргізу.
Оқушылардың танымдық қабілетін, ой-өрісін дамыту, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту.
Оқушыларды ұлтаралық ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Ағылшын, қазақ, орыс тілдеріне деген қызығушылығын арттыру.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, мұғалімдер, оқушылар! Елбасы жолдауында «Тілдердің үштұғырлылығы жөніндегі мәдени жобасын» ұсынған болатын. Сіздермен бірге тілдерді қалай меңгеріп жүргенімізді білу мақсатында бүгінгі «Полиглот» ойынын бастайық.
1. Таныстыру
Pupils: Our team is "_______".
1) Blue is the ocean. 2) Red, red is an apple. 3) Brown, Brown is mud,
Blue is the sky. Red is a cherry. Brown is toast,
Blue are the blueberries Red is rose Brown is chocolate,
I put into the pie. And a ripe strawberry. And a Sunday roast.
2. Мақал- мәтелдер
-
Балалар өмірдің … (гүлі, flower, цветы)
-
Суға салса батпайды, …. (от, fire, огонь) салса жанбайддды
-
Жоқ жомарттың ….. (қолын, рука, hand) байлайды.
-
Шаш ал десе, ….. (бас, голова, head) алу.
-
Иесі жоқ …. (Үй, дом, house) жетім
-
100 теңген болғанша 100 ….. ( дос, friend, друг) болсын
-
Батыр туса ел ырысы, ___ жауса, жер ырысы. (жаңбыр, дождь, rain)
-
Ел жаусыз болмас, жер ____ болмас. (тау, гора, mountain)
-
--- рет піш, бір рет кес. (семь,жеті, seven)
3.Жұмбақтар
Жүргізуші: Ойынымыздың 3-бөлімінде оқушыларға жұмбақтар жасырылады, жауабын үш тілде айту керек. Бірінші қол көтерген топ жауап береді.
Тақия толған сөк,
Таң атқанда жоқ. (жұлдыздар, звезды, stars)
Айдалада ақ отау
Аузы, мұрны жоқ отау. (жұмыртқа, яйцо, an egg)
Тұрады ылғи сөреде,
Іші толы өнеге. (кітап, книга, а book)
Везёт, а не лошадь,
Летит, а не птица,
Жужжит, а не пчела. (самолёт, ұшақ, a plane)
Упадет - поскачет,
Ударишь - не плачет. (мяч, доп, а ball)
4. Ребус
PIE-Тәтті нан-пирог COCK-Қораз-петух
5. Түстер
-
Pink 4.blue
-
Yellow 5. red
-
Green 6. white
Жүргізуші: Осымен біздің бүгінгі ойынымыз аяқталды. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін алғыс айтамыз. Сау болыңыздар!
Аудандық оқушылар үйінің "Ағылшын тілі" үйірмесінің ұйымдастыруымен
өткен " Young polyglot " сайыстың
АНЫҚТАМАСЫ:
Қаңтар айының 8 күні Қармақшы аудандық оқушылар үйінде оқушылардың қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінен алған білімдеріне жалпылай шолу жасау, қайталау жұмыстарын жүргізу. Оқушылардың танымдық қабілетін, ой-өрісін дамыту, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту. Оқушыларды ұлтаралық ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Ағылшын, қазақ, орыс тілдеріне деген қызығушылығын арттыру мақсатында " Young polyglot " сайысы болып өтті. Сайысқа "Red", "Brown", "Blue" атты 3 топ қатысты. Ойын бес кезеңнен тұрды. Сайыс шарты бойынша интербелсенді тақтада көрсетілген тапсырмаларды қатысушылар дұрыс және жылдам орындау керек болатын. Әр топ өздерін ағылшын тілінде таныстырып шықты. Екінші кезеңде сайыскерлер мақал-мәтелдердің жалғасын дұрыс тауып, жауаптарын үш тілде айтып ұпайларын көбейте білді. Содан соң жұмбақтардың жауаптарын ағылшын, орыс, қазақ тілдерінде айтып өтті. Төртінші кезеңде интербелсенді тақтада көрсетілген ребустарды шешті. Соңғы кезеңде әр топқа боялмаған суреттер берілді. Суретте ағылшынша жазылған түстер белгілі бір санмен белгіленген болатын. Оқушылар түрлі түсті бояулармен түстердің атауларын шатастырмай бояп шықты.
Сайысты қорытындылай келе "Brown " тобы І орынға, "Blue" тобы ІІ орынға, " Red" тобы ІІІ орынға ие болды. Барлық қатысушылар аудандық оқушылар үйінің дипломдарымен марапатталды.
Анықтама беруші: Болатбекова Гүлжан
Аудандық оқушылар үйінің "Ағылшын тілі" үйірмесінің ұйымдастыруымен
өткен " Young polyglot " сайыстың
ХАТТАМАСЫ:
Қаңтар айының 8 күні Қармақшы аудандық оқушылар үйінде оқушылардың қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінен алған білімдеріне жалпылай шолу жасау, қайталау жұмыстарын жүргізу. Оқушылардың танымдық қабілетін, ой-өрісін дамыту, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту. Оқушыларды ұлтаралық ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Ағылшын, қазақ, орыс тілдеріне деген қызығушылығын арттыру мақсатында " Young polyglot " сайысы болып өтті.
Сайысқа "Red", "Brown", "Blue" атты 3 топ қатысты. Ойын тоғыз кезеңнен тұрды. Сайыс шарты бойынша интербелсенді тақтада көрсетілген тапсырмаларды қатысушылар дұрыс және жылдам орындау керек болатын. Сайысты қорытындылай келе "Brown " тобы І орынға, "Blue" тобы ІІ орынға, " Red" тобы ІІІ орынға ие болды. Барлық қатысушылар аудандық оқушылар үйінің дипломдарымен марапатталды.
Сабаққа қатысқан мұғалімдер:
Аудандық оқушылар үйінің әдіскері Әбдіреева Айгүл
"Би" үйірмесінің жетекшісі Жетпісбаева Жадыра
"Көркемөнер" үйірмесінің жетекшісі Сериева Сәуле
"Тілашар" үйірмесінің жетекшісі Таңқыбаева Алтыншаш
Сабақ соңында сабақ талқыланды. Барлық мұғалімдер өздерінің ұсыныстарын, пікірлерін айтып жеткізді. Сабақты " жақсы" деген бағаға бағалады.
Хаттама беруші: Болатбекова Гүлжан