- Учителю
- Тренинг «Арнайы білім берудегі М. Монтессори педагогикасының балаларға айналадағы заттық орта туралы түсініктерін қалыптастыру» тақырыбы: «Таң қалмаңыз»
Тренинг «Арнайы білім берудегі М. Монтессори педагогикасының балаларға айналадағы заттық орта туралы түсініктерін қалыптастыру» тақырыбы: «Таң қалмаңыз»
Облыстық балалар оңалту орталығының
ІІ санатты дефектолог маманы
Менлибаева Майра Баймагамбетовна
Тренинг
«Арнайы білім берудегі М. Монтессори педагогикасының балаларға айналадағы заттық орта туралы түсініктерін қалыптастыру»
Тақырыбы: «Таң қалмаңыз»
Мақсаты: а) Білімділік: Балаларға судың қасиеті туралы түсінік беру.
Балаларды ұжымдық шараларға қатысуға,
педагогтың ұсынысы мен талабын тындай,
түсіне білуге және оны орындауға үйрету.
ә) Түзете - дамытушылық: Балалардың зейінін, ойлау және есте
сақтау қабілеттерін, жалпы және ұсақ қол
қимылдарын дамыту. Сөздік қорларын молайту,
эксперимент пен зерттеуге қызығушылығын
арттыру.
б) Тәрбиелік: Балалардың бір-бірімен жылы қарым-қатынастыққа
тәрбиелеу.
Ұқыптылыққа, тазалыққа, жинақылыққа, ойын- тапсырмалар арқылы балаларды өз бетінше жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Көрнекі-құралдар: компьютер
Көрнекіліктер: ыдыстар, ойыншықтар, слайд, суреттер
Әдіс - тәсілдер: Қызығушылықты ояту, ой қозғау, сұрақ - жауап, көрсету, түсіндіру.
Тренинг ережесін қабылдау:
-
Жұмыс барысында тыныштықты сақтаймыз.
-
Жұмыс аяқталған соң орын жинастырамыз.
-
Достық қарым-қатынасты сақтап бір-бірімізге көмектесу.
Тренинг барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: «Сылдырлайды сылдырмақ»
Балалар бірінің артына бірі тұрып, шеңбер бойымен жүреді, музыкамен залға кіреді.
«Бір сызықтың бойымен жүру»
ІІ. Психологиялық сәт
Жылулық шеңбері:
-
Балалар бір-біріміздің қолымыздан ұстап үлкен шеңбер жасайық.
Үнтаспадан судың сылдыры естіледі.
Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолынды жу.
Жуынсаң сен, әрдайым,
Таза бетін, маңдайың,
Тазалықтың досы -
Су дегеніміз осы.
ІІІ. Негізгі бөлім:
«Су» тақырыбында әңгімелесу.
Балаларға ыдыстағы суды көрсетіп, оның қасиетіне тоқталып өтеді.
-
Балалар, мынау не?
-
Судың түрлі қасиеттері бар, мысалы су ағады, қар болып жауады, мұз болып қатады, теңіз болып толады.
-
Мінекей, балалар, сондықтан да суды сиқырлы деп атаймыз.
-
Суды иіскеп көрейікші, иісі бар ма?
-
Иісі жоқ.
-
Балалар су аққанда қандай дыбыс болады?
-
Сылдырлаған
-
Су қандай?
Суды шыны ыдысқа құйып, ыдыстағы су арқылы бір затты көруді ұсынады.
-
Зат көріне ме?
-
Су мөлдір, заттар көрінеді.
-
Су құйылады, су сұйық.
-
Балалар, суды ұнемдеп пайдалану керек. Барлық тіршілік иелері суды қажет етеді. Адамдар, жануарлар, өсімдіктер, жәндіктердің бәрі де сусыз өмір сүре алмайды.
-
Су мөлдір, иіссіз, сұйық зат.
Тілді жаттықтыру
У-у-у - мөлдір су
Ойыны: «Батады-батпайды»
Шарты: Балалардың қолдарына екі зат беріледі, қай зат суда батады - батпайды айту керек.
-
Тамаша
Ойыны: «Шариктерды кім, тез аулайды?»
Шарты: Су құйылған ыдыста көп шариктер бар, балалар тесік қасық арқылы шариктерды аулайды.
-
Жарайсыңдар
ІІІ. Сергіту сәті:
Толқындар толқиды бір,
Толқындар толқиды екі,
Толқындар толқиды үш,
Толқындар орындарында тоқтаңдар.
</<img
src="/prepod/_bloks/pic/kveavti-007.jpg" align="left" hspace="12" width="140"
height="106" border="0" alt="Тренинг «Арнайы білім берудегі М.
Монтессори педагогикасының балаларға айналадағы заттық орта туралы
түсініктерін қалыптастыру» тақырыбы: «Таң қалмаңыз»">
Ойыны: «Суды бір ыдысқа екінші ыдысқа құю»
Шарты: Балалар суды бір ыдысқа екінші ыдысқа құю - поролон губка және резинке груша арқылы.
Ү. Қорытынды
-
Осы ойындар арқылы балалардың зейіні, есте сақтау, көру және ойлау қабілеттері дамиды.
ҮІ. Қоштасу шеңбері: «Бізде кім жақсы?»
Балалармен шеңбер бойымен отырып, «Бізде кім жақсы?» деп әр баланың атын айтып, қайталайды.
-
«Біздің Камила жақсы қыз, біздің Камила әдемі қыз!»
Бала «Сау бол» деп , шырақты үрлеп сөндіреді.