- Учителю
- Халкым менің қонақжай 2 кл
Халкым менің қонақжай 2 кл
Мектеп: №10 ЖББОМ
Мерзімі: ________________
Класс: 2 «А», «Ә», «Б», «В», «Г»
Тақырып: Халқым менің қонақжай
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: дұрыс ой, жанашырлық, сыпайылық
Сабақ: № 27
Мұғалім: А.Б.Рысқұлова
Оқушылар саны:Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының қонақжай екендігін еске түсіре отырып дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Сабақтың міндеттері:
-
Оқушының ішкі ойын кеңейте отырып дұрыс ой салу;
-
Ұлттық рухқа деген жанашырлық қасиетін дамыту;
-
Оқушыларды әдептілікке тәрбиелеу.
Ресурстар: оқулық, дәптер,
(аудио, видео жазбалар, плакатқа салынған сурет, кубик)
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Оқу құралдарына назар аудару. 5 Т ережесі
ІІ. Тыныштық сәті
"Нұрға бөлену"
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау
-
27-сабақ, 101- бет. «Қонақасы» мәтінін оқу.
-
Жұмыс дәптері: 26-сабақ, 37-бет. 1-тапсырма
-
Алаш деген кім?
-
Алаш данышпанның неше ұлы болды?
-
Алаш данышпан балаларын не үшін жинады?
-
Қонақ деп кімді айтамыз?
-
Қонақ күтуден қандай жақсы қасиеттер көрінеді?
-
Сенедер қонақжайсыңдар ма?
</<font face="Times New Roman, serif">Сабақ барысын талдау
ІV. Дәйек сөз
Жақсы қонақ - құт, береке
Халық даналығы
-
Ұлдар 2 рет, қыздар 2 рет
-
Барлығы қосылып 1 рет айтады.
V. Мұғалімнің сыйы «Қонақжайлық белгісі»
(Ел аузынан)
Сыртан келген мейманға
Сәлем беріп, қол алсаң,
Бірінші еткен құрметің.
Түсіңіз деп түс беріп,
Шылбырына оралсаң,
Екінші еткен қызметің,
Есік ашып енгізіп,
Көрпе төсеп құп алсаң,
Үшінші еткен қызметің.
Мейман риза болмағы,
Құрметпен үйге қонғаны.
Қонақжайлық сол - дағы!
-
Сырттан келген мейманға ең алдымен не істеу керек?
-
Қонақ алдында қанша қызметің бар екен?
-
Қонақжайлық дегеніміз не?
-
Құрмет көрсету дегенді қалай түсінесіңдер?
-
Қонақ күту сендерге ұнайды ма?
-
Қонақжайсыңдар ма?
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз солға бір,
Бұрыламыз оңға бір.
Біздер тату баламыз,
Гүл - гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз.
VІ. Шығармашылық жұмыс (жеке)
-
Әркім қонақ келгенде ұсынатын дастархан мәзірлерін суреттесін және кімдерге, қалай ұсынатындарыңды айтыңдар.
VІІ. Топпен ән айту. «Қазақы дастарқан»
(Ел аузынан)
VІІІ. Үйге тапсырма
-
28-сабақ, 102- бет. «Қонақ келгенде» жаттап келу.
-
Жұмыс дәптері: 27-сабақ, 38-бет. 1-тапсырма
Бүгінгі сабаққа белсене қатысқан оқушыларға алғыс айтамын!
Жинаған -дар санына қарай марапаттаймын!
Соңғы тыныштық сәті
-
Тыныштық... Тыныштық бар жерде... Тыныштық бүкіл әлемде...
-
Рахмет балалар, сау болыңыздар!