7


  • Учителю
  • Жас Лингвист үйірмесінің бағдарламасы

Жас Лингвист үйірмесінің бағдарламасы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

























«Жас лингвист» үйірме жұмысының бағдарламасы



5»Б» сынып



























Құрастырған: Жөлекеш М.Ж.

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің 1санатты мұғалімі































































«Бекітемін» «Келісемін» «Қаралды»

№226 гимназия директоры: Оқу жұмысы жөніндегі орынбасары: Бірлестік отырысында



Қ.Көмекбай Н.Балғараева Б.Аймағамбетова

Хаттама№

« » -----------2016 ж « » -----------2016 ж « » -----------2016 ж













«Жас лингвист» үйірме жұмысының бағдарламасы











Мұғалім: Жөлекеш Мирамкүл Жеткербайқызы



Мектеп: Б.К.Мергенбаев атындағы №226 гимназия



Сынып: 5-Б



Сағат саны: 4,5.( Екі аптада 9 сағат)















































Түсінік хат



Егеменді ел азаматын тәрбиелеудегі тіл мамандарының бірден бір алдына қойған міндеті - оқушыны тіл мәдениетіне байланысты теориялық білім бере отырып, оны өмірде орынды қолдана білуге баулу болып табылады.

Тіл мәдениетін қалыптастырудың жолы - тілдің халықтық қасиетін ауыз әдебиеті үлгілері, көркем әдебиеті арқылы бала бойынша сіңіру. Оқыған шығармасы бойынша ойын көркем етіп жеткізуге білу де-тіл мәдениетін меңгерудің бірден бір шарты. Әрбір оқушы өз халқының,ана тілінің мұрагері болуға тиісті.

Тіл тазалығына, сөйлеу шеберлігіне қазақ халқы ерекше мән берген. Ғылым-білім дегендерден алыс жүрген замандардың өзінде де тіл өнерін - өнердің өнері, «Өнер алды - қызыл тіл» деп бағалаған. Асылы, жақсы сөзді жанына азық ете білген, атқан оққа тоқталмаса да жүйелі сөзге бас иген, орнын тапқан екі ауыз сөзді ер құнымен теңестірген бір халық болса, ол қазақ халқы болар.

Оқушылардың тілінің жұтаңдығы мен тіл мәдениетінің төмендігінің өзіндік себептері бар. Олардың ең негізгілері: 1) жалпы білім беретін мектептердегі жазбаша сөйлеуге жаттықтыру, тіл дамыту жұмыстарынын жүйесінің жасалынбауы; 2) жазбаша сөйлеу жұмыстарының мазмұны, мақсаты мен міндеттерінің нақтыланбауы; 3) мектептердегі бағдарлама, оқулық оқу құралындағы жазбаша тілін дамытуға байланысты материалдар көлемінің теориялық жағынан да тәжірибелік жағынан да анықталмауы; 4) жазбаша тіл дамытуда басшылыққа алатын оқушылардың сөйлеу икемділіктерін дамыта оқыту зерттеу мен тәжiрибелердiң қазіргі күн талаптарына сай болмауы.

Теориялық және тәжірибедегі маңызы: Оқушылардың жазбаша сөйлеу әрекеті мен оның түрлерін дамыту тілді қатысымды-танымдық тұрғыдан меңгерудің сапасын арттырып, әдістеме ілімін теориялық жағынан байытады.

Мектеп оқушылырының тиянақты білім алып, біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыруды мақсат етіп қоя отырып, оларды ойлауға үйрету, өз бетінше білімдерін толықтырып, жаңа білімдерді игеру тәсілдерімен қаруландыру, алған білімдерін теориялық және тәжірибелік мәселелерді шешуге саналы түрде қолдана білу сияқты ақыл-ой белсенділігін де дамыту.

Ұсынылып отырған үйірме жұмысының бағдарламасы /5-сыныпқа аптасына 4,5сағаттан/ барлығы 76 сағатқа арналып жазылған.







































«ЖАС ЛИНГВИСТ» үйірме жұмысының мақсаты:



Сөйлеу, тіл мәдениеті машықтарын меңгерген, коммуникативтік біліктілігі артқан, логикалық ойлауы өз деңгейіне сәйкес дамыған, мәдениетті сөйлеуге бейімделген оқушыны тәрбиелеу және қазақ тілі сабақтарында ақпараттық,тілдік қарым - қатынасты дамытып, өзінің ана тілі-қазақ тілін сапалы меңгерген тұлға қалыптастыру.



Міндеті:

Сөз адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, байыптылығын, ақыл-парасатын көрсететінін ұғындыру

Сөйлеу мәдениетіне қай уақытта болса да ерекше мән бергенін, қай халық болса да қатты бағалағанын түсіндіру

Сөйлеу мәдениеті сөйлеуші адамның ішкі жан дүниесінің тазалығына да, сөз өнеріне де қатыстылығын ескере білу

Сөзге шешен адам мәдениетті әрі шебер сөйлей білу керек екеніне түсінік беру. Мәдениетті, ой-өрісі жоғары, өмірге сенімді, адал адамдардың сөйлеу тілі де жоғары болуға тиістілігін аңғарту

Тіл - адамның ішкі жан дүниесінің айнасы екенін ұғындыру.



Күтілетін нәтиже:

-5 - сынып оқулығы бойынша берілетін тақырыптар бойынша білімдері артады

- Тіл мәдениетін меңгерген, коммуникативтік біліктілігі артқан, логикалық ойлауы өз деңгейіне сәйкес дамыған оқушы қалыптасады-

Ұлттық мәдениетін құрметтей білетін, рухани адамгершілігі мол, отансүйгіш азаматы болып қалыптасуына ықпал жасалады.



Оқушылар білуге тиісті:

-Лексикалық ,грамматикалық нормаларды жас ерекшелігіне сай білу.

- Жалпы халыққа бірдей жиі қолданылатын сөздері тануы;

- Қосымшаларды таңдап, талғай жалғай білуі;

- Сөйлем мүшелерін орнымен қолдана алуы;

- Сөз тіркесінің өзіне тән белгілерін білуі;

- Фонетика туралы толық мәлімет,сатылай кешенді талдау жүйесін қолдана алу



Оқушылар жасай алуға тиісті:

- өз ойын көркем,айшықты жеткізе білу

-жазба жұмыстарды сауатты жаза алу,өз пікірін жеткзіп ,дәлелді сөйлеуге машықтандыру.

-жазба жұмыстарын сауатты ,көркем жаза алу

-талдау жұмыстарын орыындай алу

-зерттеу жұмыстарына бағдар,жоспар құра білу,

-ұлттық -танымдық ұғымдарды ұтымды қолдана алу



Пәнаралық кіріктіру: әдебиет,тарих,логика



Уақыт көлемі: аптасына 4,5сағат.Екі аптада 9 сағат



Үйірмені ұйымдастыру формалары: зияткерлік ойын,хабарлама қорғау,сөздіктермен зерттеу жасау,дөңгелек үстел, практикалық -жаттығу жұмыстары



Үйірмені аяқтау формасы: «Үздік жас лингвист» зияткерлік ойын



Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі: игерілді,игерілмеді



Үйірме жұмысына арналған жоспардың 5-сыныптағы базалық білім мазмұны



«Жас лингвист»аптасына 4,5 сағаттан, барлығы 76 сағат берілген.



Үйірме жұмысының базалық білім мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды:



1.. «Кіріспе»: Ана тілің-асқар шыңын (1 сағат).Тіл мәдениеті,сөз зергері болу мүмкіндіктері туралы ақпараттар

2. Білімдіден шыққан сөз. (1 сағат).

Қазақ білімпаздары туралы,айтылған даналық ойларына мән беру,жинақтау,сырын ұғыну

3.Қызықты қазақ тіл әлемі. (1 сағат).

қазақ тілінің басқа тілден айырмашылығы. Тілші ғалымдардың тіл туралы пікірлері

4.Әдеби тіл және мәтін ойдың берілу формалары.Сөйлем құрау жүйесі (1 сағат).

1) қазақ тілінде «әдеби» сөзі «әдебиет» деген сөздің негізінде жасалып, қалыптасқандығы.

Әдеби тілдің сөйлеу тілінен жоғары тұрған көркем тіл екендігі, халықтың бәріне бірдей ортақ әрі

бәріне бірдей түсінікті болып келетіндігі. Әдеби тіл екі түрлі формада өмір сүреді, олар: ауызша

және жазбаша тіл;

2) «Мәтін». Мәтіннің «байланысу, бірігу» деген мағынаны білдіруі. Мәтіндер бойынша жазба

әдеби тіл мен ауызша әдеби тілдің ерекшеліктерін аңғарту. Мәтіннің түрлері. Ауызекі сөйлеуге

қатысты мәтіндер, ондағы тақырыптық ерекшеліктер. Оның берілу формалары, сөйлем құрау жүйесі.

Мәтіннің құрылысы;

5.Мәтін және сөз мағынасын білу мәні . (2 сағат).

«Жазбаша мәтіндер». Тақырыбы, негізгі идеясы. Ойдың берілу тәсілдері: әңгімелеу,

баяндау, сипаттау, талқылау, мінездеу және т.б.

6.Ауызша және жазбаша сөйлеу тілі (2 сағат).

Мәтіннің құрылысы. Абзац. Сөйлем. Сөйлемдердің

байланысы. Әр абзацтағы, әр сөйлемдегі тірек сөздер.

7.Эссе жазу талаптары. (2 сағат).

. Эссеге қойылатын талаптар:

- тақырыпты білу, айтылатын ойды жоспарлау;

- айтылатын ойға эпиграф пен дәйексөздер таңдау;

- тақырыпқа қатысты өлең шумақтарын, нақыл сөздерді орнымен пайдалана білу;

- ойдың жаңашыл, еркін, шынайы болуына баса мән беру;

- оқыған адамға ой тастайтындай, пікір тудыратындай болу керек;

- ең бастысы өз ойыңды дәлелді, шынайы, нақты жеткізуге дағдылану.

8.Балалар журналындағы айдарлар. (2 сағат).Тақырыптарына талдау жасау.балалар журналындағы айдарлардың авторлары,тілі мен жазылу формаларына

9.Қызықты ,күлкілі әрі қысқа мақал-мәтелдер. (2 сағат). Мақал мәтелдердің айырмашылығы мен қолданылу сипаты,брейн рейн сипатында ұйымдастыру.

10.Тіл білімінің тұлғалары (2 сағат) Зерттеу жұмыстарына хабарлама жасау.

11.Нақыл-өсиет сөздердің шындығы . (1 сағат). Нақыл сөздердің көркем сөйлеудегі маңызы.есте сақтау мүмкіндіктерін нақыл сөздерде қолдана алу

12.Сөздіктерден үйренейік! (1 сағат).Лексикография туралы түсінік.Сөздіктермен жұмыс жасау тәртібі.

13.Практикалық талдау жұмыстары. (2 сағат). Сатылай кешенді талдау жұмыстарының ерекшелігі,талдау сауаттылықтары.

14.Көру диктанты (1 сағат).Жазба жұмыстардың ,көру диктанты ,шығармашылық тапсырмалар.

15.Қазақ дәстүрлі мәдениетінің анықтамалығы.(3 сағат).ұлттық дүниетанымын қалыптастыруда қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің алатын орны.

16.Шешендік сөздер-көркем ой жеткізудің құралы (2 сағат).шешендік сөздердің құрылысы,авторлары мен толғаулар сипаты

17.Логикалық тест тапсырмалар (1 сағат).білім-білік дағдыларына арналған логикалық тест тапсырмалар.

18.Менің сүйікті шығармам. (2 сағат). өлең, проза,драма көркем шығармаларды оқу,тіл мәдениеті

19.Сөз сырыңа үңілсем. (2 сағат). Сөз мағынасы.Абай «Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы» өлең құрылысы

20. «Лексика» (2 сағат).Қазіргі қолданыстағы сөздердің қолданылуы

21«Сөз және оның мағынасы. (2 сағат).Түсіндірме сөздікпен 50 сөзбен жұмыс жасау.

22.Есімдер сыры,жер-су аттарының тарихы . (2 сағат). Этимолгия мен халықтық этимолгиялық көріністер

23.Сөздің тура және ауыспалы мағынасы.Полисемия. (2 сағат).

Сөздің атауыш мағынасы тура мағына деп

аталатындығы. Сөздің тура мағыналары толық мағыналы дербес сөздердің бәріне де қатысты

болатындығы. Бірнеше лексикалық мағынасы бар сөздердің алғашқы, бастапқы мағыналары тура

мағыналары болса, кейінгі мағыналары ауыспалы мағыналары болып табылатындығы;

«Көп мағыналық». Тіліміздегі байырғы сөздер жаңа мағыналар жасауға ұйтқы болатындығы.

Олар бұрынғы тура мағынаның үстіне жаңадан бір не бірнеше қосымша, яғни туынды мағыналарға ие

екендігі. Көп мағыналы сөздердің екі я одан да көп мағынасы болатындығы. Бұлардың бір сөз

табына қатысты екендігі. Көп мағыналы сөздердің бір негізден шығатындығы;

24.Көркем шығармалардағы ауыспалы мағыналы сөздер (2 сағат). .Сатылай кешенді талдау Ауыспалы мағына» деген ұғымның екі түрлі ұғынылатындығы: жүре келе пайда болған

кейінгі атауыш мағынаны да білдіретіндігі және сөздің көркемдеп қолданудан сөйлеу үстінде туатын

«жаңа» мағынасын да білдіретіндігі;

25. Сөздердің мағыналық топтары. Ауыз әдебиеті үлгілеріндегі көрінісі. . (2 сағат). Омоним сөздердің анықтамасы. Омоним сөздердің көп мағыналы сөздермен ұқсастығы және айырмашылығы. Омонимдердің бір сөз табынан да, әртүрлі сөз

26.Табу . «Эвфемизмдер мен дисфемизмдер». (2 сағат). Халықтың наным-сенімі мен салт-дәстүріне байланысты кейбір зат-құбылыстардыңатауын тура айтуға тыйым салынған сөздер екендігі. Қазақ тіліндегі табу сөздердің туу себептері;Эвфемизмдер ойды бейнелеп, көркемдеп жеткізудің тәсілі

екендігі. Эвфемизмнің табу сөздерден айырмашылығы, қолданылу жағдайлары. Дисфемизмнің

анықтамасы, оның эвфемизмге қарама-қарсы құбылыс екендігі. Қолданылу жағдайлары, әдеби тілге

жатпайтындығы. Дисфемизмдердің көркем шығармада ұнамсыз кейіпкерлердің тілінде ұшырасуы;

27.Фразеологизмдер (тұрақты тіркестер)». (2 сағат). Тұрақты тіркестердің өзіндік ерекшеліктері: екі

не одан да көп сөздерден құралатындығы, бір ғана мағына білдіруі, құрамындағы сөздердің орын

тәртібінің тұрақты болуы, даяр қалпында жұмсалып, сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін

атқаратындығы.

28.Мінездеме жазу.Тұрақты сөз тіркестерін қолдана алу шеберлігі. (1 сағат).

Фразеологизмдердің ойды әсерлі берудегі мәні. Тұрақты тіркестердің синонимдік

баламалары болатындығы. Тұрақты тіркестердің ойды көркемдеп, әсерлі жеткізудің құралы екендігі.

29.Фонетика» (2сағат):Тіл дыбыстары.қазақ әліпбиінің тарихы.) «Фонетика». Фонетиканың қарастыратын мәселелері. Тіл дыбыстары туралы жалпы ұғым. Тіл дыбыстарының сөз мағынасымен арақатынасы. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары;

«Қазақ әліпбиі». Қазақ әліпбиінің құрамы және әріптер ретін білудің мәні. Әліпбидегі

әріптер атауының тілдік жүйеге сәйкес аталу ерекшелігі (әріп атауы - ты, сы, ый, ұу, ыл және

т.б.);

30.Дауысты және дауыссыз дыбыстардың емлесі. (2 сағат). Дауысты дыбыстардың өзіндік белгілері: үннен тұратындығы, созылып айтылатындығы, буын құрайтындығы. Орфоэпиясы бойынша бір сөздің ішінде дауысты дыбыстардың қатар тұра алмайтындығы;Дауысты дыбыстардың жіктелуі». Дауысты дыбыстардың сөйлеу мүшелерінің қатысына қарай жіктелуі: а) тіл қатынасына қарай: жуан, жіңішке; ә) ерін қатынасы қарай: еріндік, езулік; б)жақ қатынасы қарай: ашық, қысаң болып бөлінетіндігі. Қазақтың төл сөздеріндегі дауысты дыбыстардың негізінен не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болатындығы. Дауысты дыбыстардың емлесі. Ашық дауысты дыбыстардың жазылуы. Қысаң дауысты дыбыстардың жазылуы. Еріндік және езулік дауысты дыбыстардың жазылуы;Қазақтың төл сөздеріндегі дауыссыз дыбыстардың қолданысы, сөздің басы мен соңында қолданылу ерекшеліктері; Басқа тілден енген сөздердің жазылуы». б, в, г, д әріптерінің емлесі; қосарлы дауыссыздыбыстарға аяқталған сөздердің емлесі;

31.Буын.Тасымал. (2 сағат). «Буын». Буынның анықтамасы. Буынның түрлері: ашық буын, тұйық буын, бітеу буын«Тасымал». Сөздерді тасымалдау тәсілдері. Қазақ тілінде сөздер айтылуы бойынша буынға

бөлінетіндігі, ал жазылуы бойынша тасымалданатындығы;

32.Шығармашылық диктант (1 сағат).

33. -35 Үндестік заңы» (5 сағат). . Буын және дыбыс үндестігінің мәні. Сингармонизм заңының қазақ тілініңхалықтық сипатын танытатындығы. Қазақ сөздерінде буын үндестігінің сақталуы тілдік заңдылық

екендігі. Сөз құрамындағы дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан не жіңішке болып келетіндігі

(мысалы: балалар (балалер емес); үйлер (үйлар емес). Еріндік, езулік дауыстылар арасындағы

үндестік: о-ы, ө-і, ұ-ы, ү-і әріптерінің емлесі. Тіл және ерін үндестігінің орфоэпиялық

нормаларды сақтаудағы маңызы;буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар, олардың емлесі;

Дыбыс үндестігі». Дыбыс үндестігі - қазақ тілінің тұрақты сипаты. Сөз қолданысындағы

дауыссыз дыбыстардың өзара үндесетіндігі, дауысты дыбыстардың дауыссыз дыбыстарға әсер

ететіндігі; «Ілгерінді ықпал». Оның ерекшелігі, қолданылатын орындары; «Кейінді ықпал». Оның ерекшелігі, қолданылатын орындары; «Тоғыспалы ықпал». Оның ерекшелігі, қолданылатын орындары;

сөз құрамындағы, сөз тіркестеріндегі дыбыстардың үндестігін сақтап айтудың тіл

мәдениетімен байланысы;

36.Сатылай кешенді талдау жұмыстары. (2 сағат).

37. «Орфоэпия және орфография». (2 сағат). Сөйлем құрамындағы сөздерді, сөз тіркестерін, мағыналы

бөлшектерін дұрыс айту мен дұрыс жазудың нормалары. Олардың тіл мәдениетіне қатысы, қолданылатын

орындары. Орфоэпиялық және орфографиялық нормалардың арнаулы сөздіктерде берілуі. Оларды

пайдалану тетіктері;

38.Емлесі қиын сөздермен жұмыс. (2 сағат). Сөздердің дұрыс жазылуы дара сөздер мен күрделі сөздер, бірікккен сөздер мен тіркесті сөздер.

39.Сөз тұлғасы.Түбір мен қосымша (2 сағат). Сөздің жасалуы туралы: сөздердің түрлі жолдармен жасалатындығы. Жұрнақ арқылы,мағыналарының өзгеруі, тіркесуі арқылы жасалуы;

Сөздердің лексикалық тәсіл арқылы жасалуы». Сөздердің морфологиялық тәсіл арқылы

жасалуы. Сөздердің синтаксистік тәсіл арқылы жасалуы;

40.Дара және күрделі сөздер. (2 сағат) қазақ тіліндегі негізгі сөздер түбір сөз және туынды сөз болып бөлінетіндігі; түбір күйінде тұрып жаңа лексикалық мағынаға ие болған сөздер. Олардың көп мағыналық

пен омонимге қатыстылығы;Біріккен сөз,тіркесті сөз,қос сөз,қысқарған сөздер

41.Мұқағали жырларындағы күрделі сөздермен жұмыс. . (2 сағат) «Бірігу арқылы жасалған жаңа сөздер. Түбірлердің қосарлануы арқылы жасалған жаңасөздер. Түбірлердің тіркесуі арқылы жасалған жаңа сөздер». Бірігу, қосарлану, тіркесу жолыменжасалған сөздердің де туынды сөздердің қатарына жататындығы: мағыналық тұтастығы, сұрақтары,қолданылуы.

42.Сөз таптары туралы туралы түсінік. (2 сағат)қазақ тіліндегі сөз таптарының жіктелуі.қолданылуы мен ерекшеліктері

43.Көмекші сөздер.қолданылу сипаты. . (2 сағат) Көмекші сөздердің атауыш сөздерден айырым белгілері. Қолданылу ерекшеліктері.

44. «Үздік Жас Лингвист» зияткерлік ойын

Жыл бойы өткен тілдік тақырыптар мен пайдаланған оқу материалдары бойынша әртүрлі топқа

жататын сөздердің мағыналық реңктерін ескеріп, әңгімелеу, баяндау, сипаттау, мінездеу, талқылау

бағытында мәтіндер құрату. Балалардың жас ерекшелігі, қызығушылығы мен қабілетіне сәйкес мынадай

тақырыптар ұсынылады: отбасы, сынып, дос-жаран, табиғат, ауыл, қала тұрмысы, өнер, тұрмыс-салт,

әдет-ғұрып және т.б.__































«Жас Лингвист» үйірмесі

5»Б» сыныбына арналған үйірме жұмысының күнтізбелік жоспары



Ана тілің-асқар шыңын



1



2

Білімдіден шыққан сөз.



1



3.

Қызықты қазақ тілі әлемі</</p>



1



4

Әдеби тіл және мәтін ойдың берілу формалары.Сөйлем құрау жүйесі



1



5

Мәтін және сөз мағынасын білу мәні.



2



6

Ауызша және жазбаша сөйлеу тілі.



2



7

Эссе жазу талаптары.



2



8

Балалар журналындағы айдарлар. Тақырыптарына талдау жасау.



2



9

Қызықты,күлкілі әрі қысқа мақал-мәтелдер.Брейн рейнг



2



10

Тіл білімінің тұлғалары. Зерттеу жұмыстарына хабарламалар даярлау



2



11

Нақыл-өсиет сөздердің шындығы



1



12

Сөдіктерден үйренейік!



1



13

Пракикалық талдау жұмыстары. Сатылай кешенді талдау

2



14

Көру диктанты



1



15

Қазақ дәстүрлі мәдениетінің анықтамалығы



3



16

Шешендік сөздер -көркем ой жеткізудің құралы



2



17

Логикалық тест тапсырмалар



1



18

а) Менің сүйікті шығармам (өлең)

б) драма

в)проза

2



19

а) Сөз сырына үңілсем (сөз мағынасы)

ә) Абай «Өлең - сөзің патшасы, сөз сарасы» (өлең құрылысы)

2



20

Лекиска-қазақ тілінің ерекше саласы.Қазіргіқолданыстағы сөздердің қолданылуы

2



21

Сөз және оның мағынасы.Түсіндірме сөздікпен жұмыс

2



22

Есімдер сыры,жер-су аттарының тарихы.



2



23

Сөздің тура және ауыспалы мағынасы.Полисемия.



2



24

Көркем шығармалардағы ауыспалы мағыналы сөздер.Сатылай кешенді талдау



2



25

Сөздердің мағыналық топтары.Омоним.Синоним.Антоним.

Ауыз әдебиеті үлгілеріндегі көрінісі

2



26

Табу.Эвфемизм мен Дисфемизмдер

Тіл мәдениетімен сабақтастығы

2



27

Фразелогиялық сөз тіркестері. Сөз тіркестерін жаттайық.

2



28

Мінездеме жазу. Тұрақты сөз тіркестерін қолдана білу шеберлігі.

1



29

Фонетика Тіл дыбыстары. Қазақ әліпбиінің тарихы



2



30

Дауысты және дауыссыз дыбыстардың емлесі.



2



31

Буын.Тасымал



1



32

Шығармашылық диктант



1



33

Үндестік заңы.



1



34

Дыбыс үндестігі

2



35

Буын үндестігі



2



36

Сатылай кешенді талдау жұмыстары.



2



37

Орфография және Орфоэпия.



2



38

Емлесі қиын сөздермен жұмыс



2



39

Сөз тұлғасы,Түбір мен қосымша



2



40

Дара және күрделі сөздер.



2



41

Мұқағали жырларындағы күрделі сөздермен жұмыс



2



42

Сөз таптары туралы түсінік.



2



43

Көмекші сөздер.Қолданылу сипаты.



2



44

«Үздік жас лингвист» зияткерлік ойын



1











Пайдаланылатын әдебиеттер:



1. Ш.К.Бектұров «Қазақ тілі» «Атамұра» 2006

2. Қ.Ибрагимов «Қазақ тілі әдістемесі» «Шың-кітап» 2007

3. «Қазақ тіліне арналған дидактикалық тапсырмалар»

4. Ж.Жеткізген «Қазақ тілі грамматикасы» Алматы «Кітап» 2007

5. Р.Сыздықова «Емле және тыныс белгілері»

6. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналдары

7. «Жайық ұстазы» газеті

8. А. Байтұрсынов: «Әдебиет танытқыш»

9. М. Томанов: "Қазақ тілінің тарихи грамматикасы" А-1988 ж.

10. Абай,Мұқағали жырлары

11.Қазақ дәстүрлі мәдениетінің анықтамалығы.А.Құралұлы.

12. Ш.К.Бектұров «Қазақ тілі» «Атамұра» 2006

13 Қ.Ибрагимов «Қазақ тілі әдістемесі» «Шың-кітап» 2007

14 Ж.Жеткізген «Қазақ тілі грамматикасы» Алматы «Кітап» 2007

15 Ақын-жазушылар шығармаларының жинағы

16 Б.Тоғысбаев, А.Сужикова «Тарихи тұлғалар» Алматы,2006

17 Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы,2005

18 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы, 2008

19 Қазақтың би-шешендері

20 Газет, журнал материалдары

21 А. Байтұрсынов: «Әдебиет танытқыш»

22 . Мақал - мәтелдер жинағы

23 . Диалектологиялық сөздік,Түсіндірме сөдік

24. 5- сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы.

























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал