7


  • Учителю
  • Тәжірибедегі рефлексия курсынан кейінгі ойлар. Эссе

Тәжірибедегі рефлексия курсынан кейінгі ойлар. Эссе

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Менің курстағы оқуымнан кейінгі түйген ойым

ХХІ ғасыр білім және ғылым ғасыры. Бұл ғасырды әлемдік заманауи стандарттарға сай өркендейтін кезең деп білеміз.Ұлы көшбасшы Н.Ә.Назарбаев «Ұлттық бәсекелестік қабілеттілігі-ең алдымен оның білімділігімен өлшенеді» - деп атап көрсете отырып, елімізде білім беру ісіне ерекше назар аударады. Қазіргі таңда ұстаздар қауымына қойылып отырған талап күшті.Ұстаз ең алдымен білімді ақпараттық құралдарды жетік меңгерген, үнемі өзі үшін ізденуі қажет. Адам баласы шын мәнінде білімді болуы үшін үш қасиетті: жан-жақты білім, ойлауға дағдыланғандығы, және сезім қажет. Әрбір оқушының өн бойына осы қасиеттерді сіңіріп, жаңашыл үрдіспен еңбек ететін болсақ,бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыра аламыз. Мен өз іс тәжірибем мен білім беру тәсілдерімді өзгерту арқылы оқушыларымның да білім алуға деген көзқарастарының өзгергендігін байқадым және де алдағы уақытта «Тиімді оқыту» бағдарламасының жалғасын тауып, әрі қарай жетіле түсуім үшін нақты мақсаттар мен нәтижелі іс- әрекеттер керек екенін түсіндім. Кез-келген білім бағдарламасының табысты орындалуы мұғалімге байланысты. Оның кәсіби шеберлігі нысаналы бағдарламаны да, оқу жоспарларын да , биік деңгейге жүзеге асыруға ықпал ете алады, ал кәсіби дәрменсіздігі істі құлдыратады...» делінген Қазақстан республикасы орта білім беру жүйесі дамуының мемлекеттік тұжырымдамасында.

Сондықтан, мен болашақ мектеп тренері ретінде мұғалімге тән педагогтық қарым - қатынас әрекетінің мәні мен мазмұнын ашып, ұстаздарды табысты оқуға жетелеуім қажет. Басқа мамандық иелеріне қарағанда мұғалім мамандығы ерекше, ол әрдайым үлкен аудитория ішінде және көпшілік көз алдында.«Әлемнің өзгеруін қаласаң, сол өзгерудің алғашқысы өзің бол» деген тұшымды ой тастаған Махатма Гандидың пікірі маған ой салды. Осы «Тәжірибедегі рефлексия» курсына оқуға келгеннен бері менің өзімде өзгерістер бола бастады. Бағдарламаның түйінді идеялары мен мазмұны мұғалімдердің тиісті сапылық деңгейге қол жеткізуіне бағытталған. Ол сапслық деңгей Мұғалім өзін кәсіби тұрғыдан ой толғауға қабілетті, өзінің оқыту және оқу тәжірибесін өзгертуге дайын маман ретінде таныту үшін қажет. Бағдарламаның жетекші мақсаты әрбір ел үшін маңызды болып табылатын рухани, мәдени және адамгершілік құндылықтардың негізінде жастарды өз елінің мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу; екіншіден - жастарды жылдам өзгеріп жатқан әлемде өзіне сенімді және табысты болуға мүмкіндік беретін дағдылары мен түсініктерін дамытуға, өмірлік оқиғаларда өз білімдерін қолдануға ықпалын тигізетін сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді қамтитын мұғалімдерді дайындау.

Біздің елімізде білім саласында болып жатқан оң өзгерістерге көз жүгіртсем, мектептің қазіргі атқаратын қызметі - білім беру арқылы шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Қазақстандық мектептар енді жалпыға арналған білімнен білім әркімге өмір бойы үлгісіне көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етуді мақсат етеді. Жаңа-әдіс тәсілдерді ендіруде ұлттық құндылықтарымыз ешқашан да назардан тыс қалмауы керек. Себебі ғасырлар бойы қалыптасып, қазақ елінің өсіп-өркендеуіне ұлттық құндылықтың маңызы өте жоғары деп білемін. Қазақтың тиым сөздерінің өзі тұнып жатқан тәрбие мен философия емес пе? Қай ел болмасын өзінің даму жолында әлемдік даму деңгейі жоғары елдердің озық идеялары мен табысты реформаларынан үлгі ала отырып, тәжірибе алмасу арқылы өз құндылықтарын сақтай отырып, инновациялық озық үлгілерді қабылдайды. Мен де өз елімнің патриоты ретінде осы бағдарлама бойынша оқуға келгелі бері көп ойланамын. Қайткенде мектеп жұмысы нәтижелі болмақ? Жас буынның талаптары мен қажеттіліктеріне сай оқыту үшін не істеу керек? деген мәселелер көп толғандырады.

Дәстүрлі сабақ беру барысында оқушылардың білімді тек механикалық есте сақтау арқылы игеріп отырғанын, сондай-ақ алған білімі жаттанды болды, мән-мағынасы терең меңгерілмей, келешекте тиімді пайдалана алмайтынын мойындауымыз керек. Сондықтан да оқытудың қай түрін алсақ та оның оқушының қажеттілігіне негізделуіне басты назар аударуымыз керек деп санаймын. Оны жүзеге асыру үшін әрине мұғалім шеберлігі қажет. Мұғалім өз пәнін терең меңгеруі оның ең алғашқы қыры, кәсіби шеберлілігін үздіксіз ұштай,шыңдай түсуі екінші қыры болмақ. Үшінші қыры - мұғалімнің тілді меңгеруі - тіл шеберлігі. Сөзді жетесіне жеткізе сөйлей білудің өзі - өнер. Себебі, тіл - тәрбие құралы.Төртінші қыры - байқағыштық сезімі - көрегендігі.Бесінші қыры - әр жүректі білім шұғыласымен нұрландырудың ең тиімді, ең төте жолын таба білетін жасампаздығы. Алтыншы қыры - жан - жақты дарындылығы. Жетінші қыры - үздіксіз, тынымсыз ізденімпаздығы. Сегізінші қыры - үлгі-өнегесі, мұғалім мәдениеті немесе педагогикалық әдеп-этикасы деуге болар еді. Себебі, мұғалімнің келбеті - сыртқы мәдениеті, қарым-қатынасы, өзін-өзі басқаруы, бақылауы, сөйлеу мәдениеті, үздіксіз жаңарып, өзгеріп, үнемі жаңа сипатқа ие болып отыруы мұғалімдік мамандықтың ең басты этикалық сапалық белгісі. Осы жайтты ағылшын ағартушысы Уильям Уордтың «Жай мұғалім хабарлайды,Жақсы мұғалім түсіндіреді,Керемет мұғалім көрсетеді,Ұлы мұғалім шабыттандырады.» деген сөздері арқылы түсіндіруге болады.



Ричард Дарант анықтаған «үздік» сабақтың алты белгісінің бірі - оқушылардың табысқа қол жеткізуі. Сабаққа қызығушылық білдірген және белгілі мақсатты көздеген оқушылар табысқа қол жеткізеді және өзінің белгілі бір нәтижеге қол жеткізе алғанын сезіну баланы одан әрі ынталандырып, мақсатқа ұмтылуға жетелейді. Жақсы нәтижеге жету үшін әр ұстаз өз сабағында түрлі интерактивті әдіс-тәсілдерді көбірек қолдануы тиіс және әр қолданылған әдістің нәтижесіне үнемі сараптау, талдау жұмыстарын жасап тұруы қажет деп ойлаймын. Оны жетілдіру мектеп тренерлерініңде шеберлігіне байланысты болатынын түсіндім. «Жетістікке тез жетемін деп есеп жасама және аз табысқа елікпе. Асықсаң - мақсатыңның орындалуы қиындайды, азға қанағаттанып қоя салсаң үлкен жетістікке жете алмайсың» деген Конфуций.

Бұл жерде айта кететін тағы бір мәселе бар: мұғалім өзгеру керек, оқушы өзгеру керек, сабақ өзгеру керек дегенмен, мектеп саласын басқару жұмысын кей кезде ұмытып тұрғандаймыз. Жаңа нәрсені басқару да жаңаша болуы тиіс. Егер сыни тұрғыдан ойлау қабілеті дамыған оқушыларды қалыптастырғымыз келсе, жаңашыл идеяларға ұмтылуымыз керек. Және сапалы әрі табысты оқытуды жүзеге асыру үшін өз тәжірибемізде сындарлы оқытуға бағытталған тәсілдерді кеңінен қолдануымыз керек. Бағдарламаның түйінді идеялары мен мазмұны мұғалімдердің тиісті сапалық деңгейге қол жеткізуіне бағытталған. Ол сапалық деңгей Мұғалім өзін кәсіби тұрғыдан ой толғауға қабілетті, өзінің оқыту және оқу тәжірибесін өзгертуге дайын маман ретінде таныту үшін қажет.

</ Мен мектеп тренері ретінде өзім де заманауи әдіс-тәсілдерден құралақан болмауым керек деп санаймын. Қазіргі мектепке қойылатын талапты ғана біліп қоймай, түсінуім де қажет, қолдануым да,үйретуім де керек. Басқаша айтқанда кез келген мұғалімнің орнына сабақ бере алатындай, мұғалімге үйрете білетіндей деңгейде дағдыларымды дамытуда әліде ізденемін . Сондықтан мен оқыған курс жаңарудың бастамасы деп қабылдаймын. Заман ағымынан қалып кетпеу үшін, көшбасшылық міндетті лайықты орындау үшін кәсіби білімімді үнемі шыңдап отыру қажеттілігін түсіндім. Осыны ойлай келе, курстан алғаным көп деп санаймын. Бүгінгі оқу - ертеңгі күннің азығы деп балаға үнемі айтушы едік, мәнін енді түсінгендеймін... Өзімді дамыту және басқаларды дамыту, басқару стилінде инновациялар енгізуді толық мәнінде түсіне білу курстың мен үшін бергені көп. Бағдарлама әдістерін өз мектебімде енгізіп, оқушыларға жоғары сапалы білім беріп,олардың өзгеріске бағытталған жақсы нәтижелерге қол жеткізуіне барынша жағдай жасайтын ұстаздарды дайындау. Бағдарламаны оқудың бірінші кезеңінде тренерлердің үйретуімен жаңа әдіс-тәсілдерді, мұғалім білім әкелуші роліне оқушының өзін қойып,оқушыға білім беру емес,оқушыны білім ала білуге үйретуді танып білдім, практикалық кезеңде сындарлы оқытудың мәнін түсіне отырып, өзімнің педагогикалық тәжірбиемді оқушының алған білімі келешекте өзіне азық боларын негізге алып жетілдірдім. «Ізгі кісінің жанында үш қателікке жол беріледі; сөйлемейтін кезде сөйлеу - асығыстық, сөйлеуге тиіс кезде сөйлемеу - бұл тұйықтық және әріптесінің бет-әлпеті өзгеруіне қарамай сөйлеу - көрсоқырлық. Ізгі кісі өз абыройына сай емес іс туралы ойламайды. Ізгі кісі көп сөйлеуге ұялады, ал іске келгенде тойымсыз болады. Біреулерге баға бергіш адамды жетілген кісі деуге болмайды. Ізгі кісінің оған уақыты жоқ. Ізгі кісі тапшылықта да өзін сақтайды, қиындықта ұстамды келеді, нашар адам босаңсып кетеді. Ізгі кісі өзіне талапшыл. Нашар кісі өзгеге талапшыл. Адамгершілігі мол кісіде мына бес қасиет болуы керек: кісіге шын құрмет, кең пейілдік, шыншылдық, зеректік, мейірбандық. Біріншісі- жарымсақтануға жол бермейді, Екіншісі - барлығын бағындырады, үшіншісі - адамдардың көңіліне сенім ұялатады, төртіншісі - жеңіске жетуге мүмкіндік береді, бесіншісі- адамдарды басқаруға мүмкіндік туғызады» деген Конфуций сөімен қортындылағым келді.





ОҚО, Арыс ауданы,Арыс қаласы ББ қарасты Аққала жом

«Тәжірибедегі курс» тыңдаушысы Казыбаева Гульмира Бекбосыновна



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал