7


  • Учителю
  • Документ ворд. дополнительное образование.(4 класс)

Документ ворд. дополнительное образование.(4 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Қағаздан қарға жасау



Сабақтың мақсаты



Білімділігі: оқушыларға қағаздан қарға бейнесін құрастыруды үйрету.



Дамытушылығы: қағаздан қарға бейнесін жасай білу дағдыларын

қалыптастыру, шығармашылық ой-өрісін дамыту.



Тәрбиелігі: қағаздан жапсырмалау жұмысын жасау арқылы

көркемдікке, ұқыптылыққа құстарға қамқорлық жасауға

тәрбиелеу.



Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту



Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа сәйкес қарға бейнесінің жасалу жолдары

(нұсқаулары). Қарғаға көмек ойыны, ребус, семантикалық

картасы



Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсету



Сабаққа қажетті құрал - жабдықтар: түрлі - түсті қағаз, желім, қарындаш,

қайшы

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

А) Оқушылармен сәлемдесу.

Ә) Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды алдырту.

Б) Сабаққа оқушылардың назарын аударту.

В)Топқа түрлі түсті қағаз арқылы бөліну.





Психологиялық дайындық.



Ашық болсын күніміз

Биік болсын туымыз.

Тату болып халықтар

Аман болсын балалар

-Біздің жүрегіміз қандай?

Олай болса, жүрегімізден шыққан жылуды қонақтарға сыйлайық.

(алақандарын үрлеу)



ІІ. Оқушы білімін тексеру

  • Балалар қазақ үй қандай бөлшектерден тұрады?(кереге, шаңырақ, уық, есік)

  • Осылардың барлығы неден жасалған? (ағаштан)

  • Қазақ үйдің сыртқы бөлшектерін атап беріңдер? (түңілік, киіз, арқан) Түңілік-шаңырақты жабатын киіз.

  • Арқан не үшін қажет? (қазақ үйдің киіздері, желде, боранда ұшып кетпеу үшін арқанмен байлаған)

  • Керегеге сипаттама беріңіз- киіз үйдің қабырғасын құрайтын жиналмалы, тор көз тәріздес қанаттардан тұрады.

  • Уықты кереге сипаттама беріңіз- шаңырақты жалғастырып, киіз үйдің төбесін құрайтын сырық ағаштар.

  • Шаңыраққа сипаттама беріңіз-шаңырақ шеңбер тәріздес, иілген ағашпен жалғастырылып, ортасынан күмбез тәрізденіп, бір-біріне қиылыстыра орналасқан сырық ағаштармен бекітілген.

  • Есікке сипаттама беріңіз- екі жаққа айқара ашылатын табалдырыққа бекітілген қос қанаттан, маңдайша, босағадан тұрады.

  • Ата бабаларымыз қандай аталы сөз айтып кеткен? (Киіз үй-«Атамаыз-Алаш, керегеміз-ағаш, киіз үй туырлықты, ағаш уықты қазақпыз деп айтқан»). Сонымен қатар,тарихымызда киіз үй- көшпенділердің ең бірінші сәулеттік құрылысы. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Біздің заманымызға дейінгі ғасырларда пайда болған киіз үйді біздің халық қасиетті, киелі қара шаңырағымыз деп дәріптеген. Өйткені, киіз үй қазақтың тұрағы, құтты мекен-жайы, еншісі, баспанасы, мүлкі, мақтанышы деп бағаланады.



Ребус.

-Сонымен балалар қандай сөз шықты?

Қарға.



ІІІ. Жаңа сабақтың мақсаты

-Олай болса, бүгінгі сабағымызда қарға туралы мәлімет ала отырып, түрлі-түсті қағаздан бейнесін жасауды үйренеміз.



ІV. Жаңа сабақты түсіндіру



Қарға - торғайлар отрядына жататын құс. Біздің елдің барлық аймағында кездеседі. Оның 6 туысы, 13 түрі бар. Салмағы 1,5 кг-ға дейін жетеді. Қара түсіне күлгін немесе қара қошқыл түс қосылып құлпырып тұрады. Денесінің ұзындығы 47 - 50, қанатын жайғанда ұзындығы 100 - 104 см, қанатының ұзындығы 30 см, құйрығының ұзындығы 20 см. Тұмсығының жоғарғы ұшы төмен қарай иілген. Тұмсығы қауырсынмен жабылған. Қарғалар қорек талғамайды, кейде құстардың жұмыртқаларын жарып, балапандарын да жейді. Ұясын ағаш басына кейде қамыс нуларына салады. Сәуірде ұясына 4 - 5 жасыл қоңыр дақты жұмыртқа салып, оларды аналығы 18 - 20 күн басады. Аналығы мен аталығы 30 - 35 күн ұядағы балапанын бірігіп қоректендіреді. Қарғалар кемірушілер мен зиянды жәндіктерді жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді.

Енді қарға туралы мақал-мәтелдер мен наным-сенімдерге келсек. «Қарға қарғаның көзін шұқымайды» дейді. Бұл рас енді. Осының өзі үлкен өнеге. Адамзатты татулыққа, бірлікке шақырып тұрғандай. «Қарға баласын аппағым дер...» Бұл жерде ананың баласына деген мейірім-махаббаты анық байқалады. «Күн қаңтарда қарға адым...» Басқа құстардың адымы аталмай, қарғаның адымы ұзындық өлшемі болу себебі қыстың суықтығына байланысты болса керек. «Қарға тамырлы қазақпыз» дейміз өзімізді. Мұнда да басқа құстың тамыры аталмағанына қарағанда, қарғаның тамыры тереңде екенін, ғасырлап жасайтынын, тұқымы көп екенін бабаларымыз жақсы білгенге ұқсайды. «Есік алдында қарға қарқылдаса, қонақ келеді» деген ырым да бар. Қонақжай халыққа қарға құтты құс болғаны ма сонда? Қазбалай берсек, әрине, көп екен..



Қарға баласын «аппағым» дер, кірпі баласын «жұмсағым» дер, дегендей

Жер-дүниенің патшасы Сүлеймен пайғамбар кірпі мен қарғаға былай деп бұйрық қылды.

- Сен, қарға бар! Бір түнде жер-дүниені аралап, бір жақсы сайрайтын құс тап. Бұл құсты үйдің бас жағындағы тұрған қапасқа отырғыз. Таң атқанда бұл құс мені сайраған даусымен оятсын!

- Сен, кірпі, барып жердің жүзін тінтіп, маған бір жұмсақ нәрсе тап, бұл нәрсені әкеліп, дәл менің жастығымның үстіне, бетіме таяу қой! Құс сайрағанымен оянып, қапасқа қарай бергенде, бетім бұл нәрсеге тисін, - деді.

Қарға дамыл таппай, көп жерлер аралап, құстардың сайрағанын естиді. Бұған бір де құстың сайрағаны жақпайды. Мұның ойлауынша, бұлбұл, сандуғаш һәм басқа құстар жаман сайрайтын көрінеді. Даусы жақсы құсты таба алмай, қарға сорлы қайғырды: «Енді маған өлім келеді ғой», - деп. Таң мезгілде талып, шаршап қарға ұясына қайтты, «балаларын бір көріп, амандасып кетейін» деп. Пақыр анасын көріп аш балапандар шиқылдап, қарқылдай бастады. Бұлардың қарқылдағаны қарғаға сондай жақсы, нәзік көрінді. Бұлардың қасында бұлбұл, сандуғаш әлдеқайда жаман сайрайтын көрінеді. Қарға сорлы қуанып, балаларын Сүлейменге әкеліп, мұның қапасына отырғызады.

Кірпі түні бойы дамыл таппай, жердің жүзін кезіп, жұмсақ нәрсе іздейді, іздесе де таба алмайды. Бұл да шалдығып, шаршап, үңгіріне қайтып келеді. Пақыр анасын көріп, мұның балалары алдынан шығып құшақтайды, кірпі де құшақтайды. Кірпіге балаларының денесі сондай жұмсақ көрінеді. Бұл ойлайды: «Жердің үстінде өзімнің балаларымнан жұмсақ нәрсе болмас», - деп. Көп ойламай, кірпі балаларын Сүлейменнің жастығының үстіне әкеліп қояды.

Таң атты. Қарғаның балалары қарқылдап, шиқылдай бастайды. Сүлеймен «бұл не?» деп, қапасқа қарай бергенде мұның бетіне тікенектер кіріп кетті. Қараса, қапаста қарғаның балалары отыр, жастығының үстінде кірпінің балалары жатыр.

Сүлеймен ашуланып, қарға мен кірпіні шақырып алып, бұлардың басын кесуге бұйрық қылады. Жазалы болған кірпі мен қарға «дат, тақсыр» деді. Сүлеймен «дат» берді. Екеуі бастан-аяқ қылғандарын баян етіп еді, ойға түсті. Бұл ойлайды: «Әркімдікі өзінікі-өзіне балдан тәтті, оттан ыстық, күннен жарық һәм мамықтан жұмсақ», - деп, қарға мен кірпіні босатып жібереді.





Документ ворд. дополнительное образование.(4 класс)Документ ворд. дополнительное образование.(4 класс)















Бәрін айт та бірін айт, қарғаның ерекше қабілетіне үлкен мән беруіміз керек. Оның ақылы асқан, ой өрісі дамыған құс екеніне ғалымдар тәжірибе барысында көз жеткізген. Ал қулығы адамнан өтеді. Алайда қарғаның қасиетіне келгенде дәлелденбеген тұстары көп секілді. Олай дейтін себебіміз, құстар арасында алғашқы боп қарға «Алла» деп сөйледі. Құдды намаз оқып тұрғандай. Мұндай дерек былтыр Қарағандыда және Маңғыстауда тіркелді. Сонымен қатар қарғаның ораза ұстайтынын білесіз бе? Жаз айларында, әсіресе 40 күн шілде болғанда, шіліңгір ыстықта 40 күн бойы нәр татпайды. Сонда шөлдемейді ме деп ойлап отырған боларсыз? Оның амалын өздері тапқан. Ораза тұту кезінде олар өзен жағасын паналайды. Ауыздарын аңқита ашып қойып, ағып жатқан судың ылғалымен сусындайды. Сөйтіп ашығу арқылы тұла бойына тазалық жасайды. Қарғалардың ұзақ өмір сүруінің (шамамен 300 жыл) құпиясы осында жатса керек.

Әлқисса, енді Құран-Кәрімге жүгінеміз. Қарға туралы не дейді иллаһи кітапта? Әл-Мәида сүресінің 27-32-аяттарында нақты баяндалады. Бұл оқиға баршамызға мәлім. Қабыл мен Абыл - Адам-Атаның екі ұлы. Мұсылман аңыздарында айтылғандай, Қабыл үлкені, Абыл кішісі екен. Ағасы диқаншылықпен айналысқан, ал інісі мал бағуды кәсіп еткен. Екеуі Аллаға құрбандық әкелгенде Қабылдың сапасыз бидайы қабыл болмай, Абылдың семіз қошқары қабыл етіледі. Онсыз да бірге туған сыңарын қызғанғаннан өшігіп жүрген ағасы інісін сол себептен өлтіреді. Бұл алғашқы кісі өлтіру қылмысы еді. Өлген қарғаны көміп жатқан қарғаны көргеннен соң адамды жерлеу дәстүрі қалыптасады. Сөйтіп қарға адамға алғашқы үлгісін көрсетті. «Қарға, қарға, қарғалар, Қар үстiнде жорғалар. Боран соқса қар болар, Бұтаға келiп қорғалар» деген өлең жолдары бәлкім сол замандардан қалған шығар. Әйтеуір есте жоқ.

Сарамандық жұмыс

Жұмысқа қойылатын талаптар:

1. жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін естен шығармау

2. нұсқау көмегімен жұмысты орындау.

3. түрлі-түсті қағаздан қарға бейнесін жасаймыз

Документ ворд. дополнительное образование.(4 класс)Документ ворд. дополнительное образование.(4 класс)Документ ворд. дополнительное образование.(4 класс)















Документ ворд. дополнительное образование.(4 класс)Документ ворд. дополнительное образование.(4 класс)





















Сергіту сәті

V. Жаңа сабақты түсіндіргенін сұрау.

«Қарғаға көмек беру» ойыны арқылы

Қарға алма ағашына қонып, алма теріп алмақшы болды. Бірақ , ұстаған алмасы сиқырлы екен. Сиқырлы алмаларды жинап алу үшін, сұрақтарға жауап беру арқылы қарғаға көмек көрсетейік.Документ ворд. дополнительное образование.(4 класс)Документ ворд. дополнительное образование.(4 класс)Документ ворд. дополнительное образование.(4 класс)

























Документ ворд. дополнительное образование.(4 класс)



Қарғаның қанша туысы, қанша түрі бар?

Денесінің ұзындығы қанша см?Документ ворд. дополнительное образование.(4 класс)

«Қарға баласын аппағым дер...» дегенді қалай түсінесіз?Документ ворд. дополнительное образование.(4 класс)

Қарғалардың ұзақ өмір сүруі қанша жылға таяу?Документ ворд. дополнительное образование.(4 класс)Документ ворд. дополнительное образование.(4 класс)

«Алла» деп сөйлеген қарғалар қай жерде тіркелген?Документ ворд. дополнительное образование.(4 класс)

Қарғалар қалай қоректенеді?

VІ. Жаңа сабақты бекіту

Семантикалық картасы арқылыҚарға































Мұхит















Жер, ауа











жүзеді

ұшады

жорғалайды

өсімдік

молюскалар

Қорек таңдамайды

Зығыр , мата шығарғанға

кемірушілер мен зиянды жәндіктерді</<font size="2" style="font-size:9pt;"> жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді























Бағалау



VІІІ. Үйге тапсырма:

түрлі-түсті қағаздан қарға бейнесін жасаймыз







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал