- Учителю
- Открытый урок на тему Фонетика
Открытый урок на тему Фонетика
Тақырып: Фонетика
Мақсаты:
-
Оқушыларға фонетика туралы түсінік беру. Дыбыстар мен әріптер, буын және оның түрлерімен, үндестік заңымен таныстырып өту.
-
Оқушылар алған білімдерін қалыптастыру. Олардың ауызекі сөйлеу тілін, сөздік және тілдік қорларын молайту. Өз бетімен жұмыс істеуін дағдыландыру.
-
Қазақ тілін саналы, құрметпен оқып үйренуге тәрбиелеу. Пәнге деген көзқарасты, білімге күштарлықты тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру
Сабақтың формасы: жалпы сыныптық оқыту
Әдіс-тәсілдері: түсіндірмелі-сипаттамалы әдіс, оқыту-танымдық іс-ірекетті ұйымдастыру әдісі, өз бетімен жұмыс істеу, сөйлеу әдісі, жаттығу жұмыста /қима қағаздар/.
Көрнекі-құралдары: тақырып бойынша сызбалар, қима қағаздар, интерактивті тақта.
Сабақтың өту барысы
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу
2. Мемлекеттік Гимн орындау
3. Оқушыларды түгендеу
4. Сабаққа дайындығын тексеру
ІІ Жаңа сабаққа даярлығы /мақсат қою/:
1. Оқушыларға жаңа сабақтың мақсаты мен тақырыбын айту
2. Оқушыларды өту барысымен таныстыру
3. Сабақтың күн тәртібін жазу
ІІІ. Жаңа сабақ /материалды түсіндіру/:
Кіріспе сөз: Адамның тілі - дыбыстық тіл. Тіл дыбыстары болмаса, тіл өмір сүре салмайды. Егер сөз дыбыстардың тіркесі түрінде айтылмаса, тіл қатынас құралы да, пікір алысу құралы да бола алмас еді.
1. Фонетика туралы түсінік
Тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала - фонетика деп аталады. Фонетика дыбыстардың жасалу, айтылу, естілу және буын, екпін, интонация мәселелерін қарастырады.
2. Тіл дыбыстары сөз ішінде айтылады. Бір дыбыс әлденеше сөздің құрамында қайталанып қолданыла береді. Тіл дыбыстары сөйлеу мүшелері арқылы жасалады. Сөйлеу мүшелеріне өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, ауыз қуысы, мұрын қуысы, таңдай, тіл, ерін жатады.
3. Дыбыстар екі түрге бөлінеді. Олар дауысты және дауыссыз дыбыстары. Ұйғыр тілінде дауысты дыбыстар созуқ тавушлар, ал дауыссыз дыбыстар үзүк тавушлар деп аталады. Орыс тілінде олар гласные және согласные болып бөлінеді.
Ал, енді дауысты дыбыстарға тоқталамыз.
-
-
-
Ұйғыр тілінде дауысты дыбыстар қелин және инчикә, кәң және тар, ләвләшкән және ләвләшмигән болып бөлінеді. Орыс тілінде де дауыстылардың алты түрі бар: твердые, мягкие, широкие, узкие, губные, негубные.
4. Дауысты дыбыстарды қалай түсініп алғанымызды жаттығу жұмыс арқылы тексеріп көрейік. /Қима қағаздарды тарату/
Тапсырма: көп нүктенің орнына керекті дауысты дыбысты қою.
Енді, балалар, дауыссыз дыбыстармен танысып өтейік. Қазақ тілінде дауыссыз дыбыстар ұяң, үнді және қатаң болып үшке бөлінеді. Ал, ұйғыр тілінде олар жараңлиқ және жараңсиз болып екіге бөлінеді. Орыс тілімен салыстырсақ, қазақ тіліндегідей звонкие, сонорные, глухие болып үшке бөленген. Қорытып айтқанда, ұйғыр тілінде үнді дыбыстар жоқ. Бірақ ұйғыр тілінде дауыссыз дыбыстар партлиғучи және сирлаңғу болып тағы екі түрге бөлінеді екен.
-
Қатаң
б, в, г, ғ, д, ж, з
п, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ч, һ, ц
6. Енді, балалар, осы дауыссыз дыбыстар бойынша түсінгенімізді көрейік. Сенерге қима қағаздар таратылып беріледі. Ал сендер берілген тапсырманы орындап шығасыңдар.
Тапсырма /262-жаттығу/: Мына сөздерге көрсетілген жұп дауыссыздардың тиістісін жазыңдар.
7. Фонетика саласында дыбыстар мен әріптердің дұрыс жазылуын және айтылуын қадағалайтын үндестік заңы бар. Қазақ тілінде буын және дыбыс үндестігі болады.
-Егер сөз жуан болса, оған жуан қосымшалар жалғанады. Ал сөз жіңішке болса, оған жіңішке қосымшалар жалғанады. Мысалы: Оқу+шы+лар, етік+ші+лер. Бұл заңды біз буын үндестігі дейміз.
Дыбыс үндестігі болса, үш түрлі заңдылық қарастырады.
-Егер сөз қатаң және б,в,г,д дыбыстарға аяқталса, онда сөзге қатаң дыбысынан басталатын қосымша жалғанады. Мысалы: бас+тық.
-Егер сөз ұяң /б,в,г,д әріптерінен басқа/ дыбыстарға аяқталса, онда сөзге ұяң және үнді дыбысынан басталатын қосымша жалғанады. Мысалы: ауыл+ға.
-Егер сөз қатаң дыбыстарға аяқталып тұрса, сөзге дауысты дыбыстарын қосқанда, сөздің соңғы дыбыстары ұяңға айналады. Мысалы: мектеп+і=мектебі, шелек+і=шелегі, тарақ+ы=тарағы, кітап+ы=кітабы.
Ұйғыр тілінде үндестік заңы деген ұғымы жоқ. Бірақ та үзүк тавушларниң новәтлишиши деген түсінігі бар. Ол дегеніміз айтылғанда бір дауыссыз дыбыстың екінші дауыссыз дыбысқа өзгерісі.
8. Буын дегеніміз - сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлшек. Буын сөздегі дауысты дыбысқа негізделеді. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Мысалы: ба-ла-лар. Буынның үш түрі бар: ашық, тұйық, бітеу.
Ашық буын - дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталады: о-қу-шы, а-на.
Тұйық буын дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады: ат, ант.
Бітеу буын дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталады: мек-теп, бор.
-
Бітеу
о-қу-шы, а-на
мек-теп, бор
Ұйғыр тілінде буынды боғум деп атайды. Бұл тілінде буынның екі түрі бар. Олар очуқ және йепиқ буындар. Ал орыс тіліндегі буындар открытый және закрытый болады екен.
Кәне, балалар, буын және оның түрлерін қалай ұғып алғанымызды бір жаттығу орындауымен тексеріп көрейік.
Тапсырма /296-жаттығу/: өлең жолдарындағы сөздерді буынға бөліп жазу.
9. Тілдің сөйлеу нормасына тән ендігі бір фонетикалық құбылыс - екпін. Сөйлеп тұрғанда, бір дыбыс басқа дыбыстарға қарағанда күшті, көтеріңкі айтылуын екпін дейміз. Екпіннің төрт түрі қарастырылады. Ұйғыр және орыс тіліндегі екпін қазақ тіліндегі екпінге ұқсас, ережесі бірдей.
Ал енді, балалар, бір тапсырманы орындайық.
Тапсырма /348-жаттығу/: Мәтінді мазмұнына сай дауыс мәнерін сақтап оқыңдар. Қарамен жазылған сөздерге екпінді қойып шығу.
10. Сонымен, балалар, соңғы фонетикалық құбылыс - тасымал. Сөздің жолға сыймаған бір я бірнеше буынын келесі жолға тасымалдауға болады.
Мына төмендегі сөз түрлері тасымалданбайды:
- бір буынды сөздер: от, ет
- бір әріпті тасымалдау: сия, аю
- қысқартылған кісі атын оның фамилиясынан бөлу: А.Құнбаев
- қысқартылған өлшем атаулары: км, кг, см, мм
- қысқарған сөздер: АҚШ, ҚазҰУ
Өте жақсы, жарайсыңдар балалар! Бүгінгі сабағымызда сендер белсенді қатысып отырдыңдар. Сабақта алған білімдеріңді жақсы көрсеткенсіңдер. Ал, енді сабағымызды бекітейік.
IV. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру.
Бүгін сабақта фонетика бойынша алған білімдерімізді тест жұмысы арқылы тексеріп көрейік.
V. Бекіту.
1. Фонетика дегеніміз не?
2. Дауысты дыбыстардың түрлерін атаңдар.
3. Дауыссыз дыбыстардың неше түрі бар? Оларды атаңдар
4. Буын дегеніміз не?
5. Буынның түрлеріне мысал кетіріңдер.
6. тасымал туралы не білесіңдер?
VI. Үйге тапсырма беру.
1. Ережені жаттап келу
2. Кестені толтыру:
-
106 бет, тапсырмаларды орындау
-
106 бет, тапсырмаларды орындау
-
-
-
-