7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары Аялай біл, сен деп соққан жүректі

Сабақ жоспары Аялай біл, сен деп соққан жүректі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ жоспары



Пәні: «Өзін-өзі тану»

Тақырыбы: «Аялай біл, сен деп соққан жүректі!»

</<font size="4">Сыныбы: 7 сынып

Күні: 30.01.14ж

Өтетін орны: 206

Уақыты:

Мақсаты:

Білімділік: жанында жүрген жақын адамдарды отбасы мүшелері, құрбы-құрдастар, достар сыйласуға, құрметтеуге үйрету.- адамдардың бір-біріне деген мейірім - шапағатының мән-мағынасын түсіндіру;

Дамытушылық: жаныңда жүрген жақын адамдарға деген сүйіспеншіліктерін дамыту;

Тәрбиелік: жаныңда жүрген жақын адамдарды сыйлай, қадірлей білуге тәрбиелеу.

Түрі: дәстүрлі сабақ

Көрнекілігі: музыка, слайд.

Құрал-жабдықтар: дербес компьютер,бейнебаян, флешка.













- Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар!

- Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын.

- Көңіл - күйлеріңіз қалай?

- Бүгінгі сабақта барлығы түгел ме?

- Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы «Аялай біл, сендеп соққан жүректі! .



2 минут

3

«Тыныштық сәті»

  • Балалар, көздеріңді жұмып денелеріңді бос ұстаңдар.

(баяу әуен қосылады)

Әлемнің жарығын

Сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін

Жинадың сен маған.

Сен бердің құстардың

Қанатын самғаған.

Балалық құштарым

Өзіңе арнаған.

Қайырмасы:

Әлдилеп, аялап

Өсірген жемісін.

Самал жел, сая бақ

Құшағың мен үшін.

Есейіп кетсем де,

Мен саған сәбимін.

Көңіліңді көктемдей

Көзіңнен танимын.

Өтеуге борышым,

Анашым, жан сырым.

Іздедім сен үшін,

Әлемнің асылын.

Әлемнің байлығын.

Сыйлар ем, кеш мені.

Сыйлар ем ай, күнін,

Қолыма түспеді.



3 минут

Негізгі бөлім

6

«Жаңа ақпарат»

Жаныңда жүрген жақын адамдарға жүрек жылуын жеткізе біл. Айнала қоршаған адамдар, отбасы мүшелері, құрбы - құрдастар, достар арасындағы сыйластық, құрмет.

Адамдардың бір- біріне мейірім - шапағаты.

Жаныңдағы жақын адамдарды сезіне біл, оларды аялай біл. Әрбір қарым - қатынасты ізгі ниетке құрған жағдайда ауызбіршілік сақталып жүректер үйлесімділік табатыны сөзсіз.

Қолданылатын сұрақтар:

«Аялау», «қадіріне жету», «қадірін білу» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

Айналаңдағыларға қалай қуаныш сыйлауға болады деп ойлайсың?

Басқаларға көмегің тиген жағдайда қандай сезімге бөленесің?

Айналаңдағы адамдардың жақсылығын, мейірімін сезіп, байқап, бағалайсыңдарма?

5 минут

7

«Бейне - материал»

  • Оқушылар, тақтаға назар аударыңдар!

Қазір біз бейне-материал көреміз мұқият назар аударыңдар!

  • Адамгершілік

  • Атамекен

  • Асыл аналар

  • Достық

  • Махаббат

Бейнематериалдар көрсетіледі.

15 минут

8

«Шығармашылық жұмыс»

- Оқушылар, қане 5 топқа бөлінейік. Бөлініп болсақ,

1. Адамгершілік

2. Атамекен

3. Асыл жандар

4. Достық

5. Махаббат осы тақырыптарға байланыстыалдарыңдағы ватмандарға өздеріңнің ойларыңды түсіріңдер.

Сурет салуларыңа да болады.

Болсақ, тақтаға шығып, қорғауларыңды сұраймын.

  • Жарайсыңдар!

14 минут

9

«Сергіту сәті»

  • Оқушылар, денемізбен ойымызды жинақтау үшін сергіту жаттығуын жасайық. Орнымыздар тұрайық.



Мынау- менің жүрегім,

Мынау- басым ақылым,

Бәрін осы басқарған.

Мынау - менің оң қолым,

Мынау- менің сол қолым,

Барлық істі тындырған.

Бәрі осыдан басталған.



1 минут

10

«Үй тапсырмасын беру»

  • Оқушылар, қане, барлығымыз күнделігімізді ашып, үй тапсырмасын жазып алайық:

  1. «Аялай біл, сен деп соққан жүректі» тақырыбына сурет салу.

  2. «Аялай біл, сен деп соққан жүректі» тақырыбына өлең шығарыңдар .

3 минут

11

«Бағалау»

Бүгінгі сабағымызға белсене қатысқан оқушыларға алғыс ретінде мына күлегештерді сыйлаймын.

1 минут







12

«Тыныштық сәті»

  • Оқушылар, «Адамгершілік» атты бейнебаянға назар аударайық, барлығымыз еркін отырайықшы.

  • Өздерің көргендеріңдей адамдарға көмектессеңдер оның артықшылығы жоқ, керісінше пайдасы көп. Сол жасаған жақсылықтарың алдарыңа келеді.

1,5 минут

1133

«Қоштасу»



Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды, келесі кездескенше сау болыңыздар!



30секунд







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал