- Учителю
- Презентация по казахскому языку на тему Спорт-денсаулық кепілі(5 класс)
Презентация по казахскому языку на тему Спорт-денсаулық кепілі(5 класс)
Сабақтың тақырыбы: Спорт - денсаулық кепілі
Мақсаты: Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Білімділік: Оқушыларға спорт тақырыбындағы сөздерді таныстыра
отырып, өз ойын еркін айта білуге меңгерту.
</ Дамытушылық: Оқушыларға тақырыпқа сай тапсырмаларды орындата
отырып, диалогтік сөйлеу дағдыларын дамыту.(жіктік
дұрыс жалғануын бақылау)
Тәрбиелілік: «Спорт - денсаулық кепілі» деген сөздің
мағынасын аша отырып, спортқа деген сүйіспеншілігін
арттыра отырып, дені сау азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: тіл дамыту
Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру, ізденіс
Көрнекілігі: слайд, видео
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Балалар мұғаліммен бірге «Мен қазақпын» сергіту жаттығуын жасайды.
Балалар біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар? (Балалар жауабы)
Дұрыс «Спорт» тақырыбына байланысты. Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Спорт - денсаулық кепілі» деп аталады.
Мұғалім сөзі: Спорт - белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде өтетін әрекет. Спорт жалпы алғанда физикалық мығымдығы өте маңызды болатын (жеңіске немесе жеңіліске әкелетін) әрекетті сипаттағанымен, ақыл-ой немесе құрал-жабдық сапасы да маңызды рөл атқаратын ақыл-ой спорты және мотор спортына қатысты айтылады. Адам баласы спортпен денсаулығын жақсарту, моральді және затты қанағаттану үшін,өзін-өзі дамыту үшін шұғылданады.
Олай болса балалар оқулықтағы №1 тапсырмаға назар аударайық
№3слайд Сөздікпен жұмыс (сөздерді тізбектеп оқыту, бірнеше рет қайталату)
Ал енді №2 тапсырмаға назар салыңдар
Диалог бойынша өзара сөйлесіңдер
№4 слайд
Келесі тапсырмада ережемен танысып, есте сақтау
№5 , 6 слайдтарға назар аударайық
Есім сөздердің орнына қолданылатын сөздер ЕСІМДІК деп аталады. Мысалы: мен, ол, өзім.
Енді ортаға екі оқушыны шақырамыз. (Ортаға екі оқушы шығады)
Кубизм стратегиясы бойынша № 4 тапсырманы орындайық. №7 слайд
Екі оқушының дұрыс жазған жауаптарын дәптерлеріңе жазыңдар.
(Дәптермен жұмыс).
Сергіту сәті (Дене шынықтыру пән мұғалімі)
№9, 10, 11 слайд
Келесі сөз кезегін сабағымызға қонаққа келген медбикеге берейік
«Ұлы адамдардың спорт жайлы ойлары»
№12, 13, 14 слайдтар
Енді құрметті балалар «Шатаспақ» ойыны арқылы оқулықтағы №5 тапсырманы орындайық.
№15 слайд.
Осымен сабағымызды қорытындылайық.
Рефлексия
Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Несімен ұнады?
Олай болса стикерлер арқылы өз ойларыңды білдіріңдер.
Енді әр топты және сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалаңдар. (Әр топ бір- бірін бағалайды және өз тобындағы сабаққа белсенді қатысқан баланы бағалайды)
Үй тапсырмасы: спорттың пайдасы туралы мәлімет жинап келу.
Осымен сабақ аяқталды. Назарларыңызға рахмет!