- Учителю
- Аналар мерекесіне арналған сценарий (2 сәбилер тобы)
Аналар мерекесіне арналған сценарий (2 сәбилер тобы)
2 кіші топтарға арналған аналар ертеңгілігінің сценариі:
</ Ертеңгілік барысы:
Әдемі әуен басталады.
Әуеннен кейін балалар отырады. Жалқаубек әуеніне залға Жалқаубек кіреді.
Жалқаубек: Ештеңе де істегім келмейді. Залдың ортасына есінеп жатады.
Жүргізуші: Ойбай, сен кімсің?
Жалқаубек: Мен Жалқаубекпін. Неменеге әдемі киініп алдыңдар? Барыңдар, маған ұйықтауға кедергі жасап тұрсыңдар.
Жүргізуші: Біз кетпейміз. Өйткені біздің балалар аналарын мерекемен құттықтауға жиналды. Керісінше, сен бізге кедергі жасап тұрсын. Бар үйіңе анаңды мерекемен құттықта.
Жалқаубек: Анам мені қуып жіберді. Өйткені мен жалқаумын, еңбекті ұнатпаймын.
Жүргізуші: Ал біздің балалар өте еңбекқор, олар қазір аналарына арнап тақпақ айтып береді. Тұр! Біздің балаларымыздан үйрен.
Жалқаубек: Жарайды. Тыңдайын.
Тақпақтар
Жүргізуші: Көрдің бе. Біздің балалар өте еңбекқор.
Жалқаубек: Жарайды. Ал сендер ән айта аласыңдар ма?
Жүргізуші: Әрине. Қазір біздің балалар аналарына арнап ән айтады.
«Нұрын төккен мама»
Жалқаубек: Жылайды. Сендер сондай еңбекшіл екенсіңдер. Тақпақ айтасыңдар, ән де айтасыңдар. Ал мен болсам осындаймын. Арқадағы бүкірін көрсетеді.
Жүргізуші: Жалқаубек, сен неге бүкірейіп жүресің?
Жалқаубек: Мені ормандағы сиқыршы бүкірге айналдырды. Маған аналарына көмектеспейтін балалар ұнамайды деді. Енді мен осындай мәңгі-бақи қалам. Тағы да жылайды.
Әдемі әуенге Ару көктем кіреді.
Ару көктем келе жатып: Жоқ, қалмайсың, Жалқаубек. Сен жалқау болмасаң, мен саған көмектесемін.
Жүргізуші: Салеметсіңбе, Ару көктем.
Ару көктем: Сәлеметсіңдер ме, балалар, қонақтар. Мені таңыдыңдар ғой.
Балалар: Иә.
Ару көктем: Ал, Жалқаубек, еңбекқор боласың ба?
Жалқаубек: Иә, енді мен айтқан нәрсені орындап отырамын.
Жүргізуші: Олай болса балаларға ойын әзірле .
Жалқаубек: Жарайды. Мен бір ойынды білемін. Оның аты «Әжемнің жібі».
Ойын шарты: Екі баладан шығып ойнайды. Балалар жіпті алып, оны тез орау керек. Кім бірінші орайды, сол жеңімпаз аттанады.
Жалқаубек: Ару көктем, мен қазір анамды мерекемен құттықтап келемін.
Ару көктем: Жарайды бара ғой.
Жалқаубек кетеді
Жүргізуші: Ару көктем, сен жайғасып отыр. Ал балалар мерекені жалғастырып тақпақ айтып береді.
Келді көктем күннің,
Күлімдейді гүлің.
Алтын ойлы Анам,
Мерекеңіз бүгін!
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті аналар!
Анаң болса қасында,
Басқа бақыт не керек.
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет
Ана деп ән салам,
Ауылға бүкіл жар салам.
Қуанту үшін анамды,
Күнде күнде «бес» алам.
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір-бірден
Аналарға сыйлаймыз.
Солнышко, солнышко, ласковое солнышко!
На ребяток посмотри, нам веснушки подари!
За окошком песенка целый день слышна,
Кто придумал песенку? Солнце и весна
Барлығы: Ерке күн-ау, ерке күн,
Жарқыра, жарқыра!!!!!
«Ерке күн-ау, ерке күн» әні
Ару көктем: Тамаша! Ал мен сендерге бір ойын алып келдім. Ойынның аты
«Модница»
Ойын шарты: Үстелдің үстінде помада, заколка жатады. Кім тез анасын модницаға айналдырады.
Жүргізуші: Ару көктем, ойнын керемет болды. Тамаша ойнадық. Ал енді қыздарымыздың биін тамашалайық.
Көктемгі гүлдер биі
Ару көктем: Шапалақтайды. Қыздарыңыз аналарына және маған көктемгі көңіл күйді сыйлады. Рахмет.
Жүргізуші: Біз тек қана аналарымызға емес, сонымен қатар әжелерімізге тосынсый жасадық. Кәнеки, балалар, ортаға шығып әжелерімізге ән айтып береміз.
«До чего у бабушки» әні
Әуенмен Жалқаубек кіреді.
Ару көктем: Жалқаубек, әдемі болып кетіпсің ғой.
Жалқаубек: Иә, мен енді ақылды болдым, еңбек етемін. Үйге барып анама гүл сыйладым, үй жинауға көмектестім.
Ару көктем: Жарайсың Жалқаубек. Жақсы істерін үшін сиқыршы сенің бүкірінді алып тастады.
Жүргізуші: Олай болса балаларымыздың ағылшын тіліндегі тақпақтарымызды тыңдайық.
Ағылшын тілінде тақпақтар
Ағылшын тілінде ән.
Ару көктем: Жалқаубек көрдің бе, балалар қандай дарынды. Ағылшын тілінде әдемі сөйлеп, ән айтады.
Жалқаубек: Иә тамаша, мен де сендер сияқты енді тақпақ айтып, ән айтып, би билеп жүремін. Сендерге би билеп берейін бе?
Ару көктем: Билей аласын ба? Билей аламын. Бірақ сендер күлмендер.
Музыка жүреді. Жалқаубек кішкене билейді, құлайды. Қайтадан тұрып билеп, құлайды.
Бәрі күледі.
Жалқаубек: Күлмендер деп сұрадым ғой сендерден.
Ару көктем: Сен сондай қызық билесең, қалай күлмейміз.
Жүргізуші: Жалқаубек, сен біздің балалардан үйрен. Міне саған жастық. Жастықты береді.
Жалқаубек: Жатайм ба?
Жүргізуші: Жастық тек қана жатуға арналған деп ойлайсын ба. Сен қазір еңбек етесің. Жастықпен біздің балаларымыз би билейді. Олармен бірге билеп, үйрен.
Жалқаубек: Жарайды.
Би «Губки бантиком»
Жалқаубек: Уфф. Керемет биледік. Шынымен де жастықпен билеу күшті екен.
Ару көктем: Ал, жарайды, балалар, мерекелерің тамаша өтті. Ал менің кететін уақытым келіп қалды! Өзімнің анам мен әжемді мерекемен құттықтауым керек. Ал мынау гүлдер сендерге, себеттен гүлдерді алады. Мына гүлдерді ана мен әжелеріне сыйлаңдар.
Сау болыңдар, достарым!
Балалар: Сау болыңыз, Ару көктем!
Жалқаубек: Ару көктем, тұра тұрыңыз бірге барайық. Мен сізбен ақылдасқым келеді. Анама гүлден басқа тағы бір сыйлық сыйлайын деп едім. Қандай сыйлық сыйлауға болады? Және сиқыршыға жолды көрсетші, мен оған рахмет айтқым келеді.
Ару көктем: Жүре ғой, Жалқаубек. Екеуіміз анаңа сыйлық таңдап, сиқыршыға сені жақсы қалыпқа айналдырғаны үшін рахмет айтамыз.
Екеуі әдемі әуенмен кетеді: Қош болыңдар, балалар.
Балалар: Сау болыңыз!
Жүргізуші: Мерекеміз өз соңына жетті. Балалар, сендерге бүгінгі мереке ұнады ма? (Иа). Маған да ұнады. Бірақ бізге топқа барып демалу керек. Сендерге барлықтарына үлкен рахмет, сендер бүгін ерекше ақылды болдыңдар. Жалқаубекте енді сендер сияқты ақылды болғысы келеді. Құрметті ата-аналар, осымен біздің бүгінгі мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Ана-әжелерімізді көктем мерекесімен құттықтай отырып денсаулық, бақыт тілейміз. Балаларымыз дайындаған сыйлықтарды қабыл алыңыз!
Көңілді әуенмен балалар аналарына гүлдер мен сыйлық сыйлайды.