- Учителю
- Оқу сапасын арттыру мақсатында АКТ қолдану әдістемесі
Оқу сапасын арттыру мақсатында АКТ қолдану әдістемесі
Сабақ жоспарыОқу сапасын арттыру мақсатында АКТ қолдану әдістемесі
Мақсаты
Сабақта АКТ - ны пайдаланудың тиімді жолдарын меңгере отырып, тиімді ақпарат алудағы кәсіби шеберліктерді дамытады.
Оқу нәтижесі
Мұғалімдер оқу үдерісінің танымдық, аффекттік, әлеуметтік бөліктеріне негізделе отырып АКТ қолданылатын сабақ жоспарларын дайындайды. Ойлау қабілеті дамиды, материалдарды талдап үйренеді,өз ойын ауызша, жазбаша көпшілік алдында білдіреді, сыни пікір айта алады, шеберліктері дамиды. - POWER POINT бағдарламасын өз сабақтарында қолданудың тиімділгі туралы түсініктері қалыптасады.
-Бейне роликтер дайындау дағдылары қалыптасады.
Түйінді идеялар
Оқыту мен оқудағы белсенділікті жетілдіруде АКТ-ны сабақ үдерісінде қолданады
Техникалық жағынан керемет АКТ тиімді түрде қолданылмаған жағдайда белсенді емес болуы мүмкін. АКТ қолдану үш аспектіні қамту керек: әлеуметтік (оқушылар арасындағы өзара әрекеттестік), аффекттік (эмоциялық, жағымды, қызықты) және танымдық (сабақтың оқу мақсатына жетуге бағытталған).
Сабақ барысы
Жаттығулар
Мектеп тренерінің іс-әрекеті
Мұғалімдердің іс-әрекеті
Жағымды психологиялық ахуал туғызу
2 минут
Топқа бірігу.
2 минут
Миға шабуыл
10 минут
«Мотивация» көрсетілімі
Топқа бірігу үшін мектеп тренері әрбір топтың 1 мүшесін ортаға шығарып, есімі жазылған кеспелерді таңдатады. Сол бойынша топқа бірігеді.
«Біздің болашағымыз жаңа технологиялармен...» бейнебаян көрсетіледі.
Мұғалімдер көстілімді көреді.Көңіл-күйі көтеріледі.
Есімдер бойынша топқа бірігеді. Көшбасшылар анықталады.
Бейнебаянды көру арқылы сабақ тақырыбын ашады.
Топтық жұмыс 10 минут
Тапсырмаларды топтарға таратып беру
-
Туған күнге арналған слайд дайындау.
-
АКТ -ың пайдасы.
-
АКТ-ың зияны.
-
«Мәңгілік ел» бейнебаянын әзірлеу.
Бейнебаян құрастырып, көрсету үшін 7 адамнан тұратын топта жұмыс істейді.
Тапсырманы орындау үшін алдымен анимацияңыздың сюжетін ойлап табады.Тапсырма қорғалады.
Таныстырылым
10 минут
Таныстырылым: шығармашылық жұмыс.
Топтардың орындаған тапсырмалары бойынша жұмыстары қандай аспектілерді қамтыды деп ойлайсыздар.
Мұғалімдер АКТ қолдану бойынша өз бетінше орындай алатын жеке операцияларды көрсетеді. Анимация/бейнені тоқтату, қайта қосу және т.с.с.
Сұрақ-жауап.
Жоғары белсенділікті талап ететін сұрақтар
5 минут
-
Сіздердің ойларыңызша, қандай жағдайларда АКТ сыныпта аса тиімді қолданылады?
-
АКТ-ны сыныпта қолданудың қандай проблемалары бар?
• ИТ мұғалім-оқушы əрекеттестігінде ерекше функция атқара ма?
• Сыныптағы балалардың бірлескен жұмысын қолдау үшін ИТ пайдалы ресурс болып табыла ма?
Рефлексия
4 минут
«Гиббс» тәсілі бойынша рефлексия жасалады.
Кесте толтырылады
Бағалау
2 минут
Наминациялар бойынша марапаттаулар
Топтар бағаланады