- Учителю
- Менің сүйікті ісім (3 класс)
Менің сүйікті ісім (3 класс)
Мектеп: №10 ЖББОМ
Мерзімі: 23, 28 - 09. 2016 ж
Класс: 3 «А», «Ә», «Б», «В», «Г», «Д»
Тақырып: Менің сүйікті ісім
Құндылық: Дұрыс іс-әрекет
Қасиеттер: Еңбек сүйгіштік, сүйіспеншілік, табандылық
Сабақ: № 4
Мұғалім: А.Б.Рысқұлова
Оқушылар саны:Сабақтың мақсаты: Балалардың "еңбек" құндылығы мен еңбексүйгіштік адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
-сүйікті іс туралы түсініктерін қалыптастыру .
-еңбек ету іскерліктерін дамыту.
-еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Ресурстар:
(құралдар,материалдар)
оқулық,дәптер,әр түрлі іспен айналысқан балалардың суреті.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Оқу құралдарына назар аудару.5 Т ережесі Кеудемізді тік ұстап,аяғымызды айқастырмай қолымызды тіземіздің үстіне еркін қойып,денемізді босатып,көзімізді жұмып жағымды әуен сазымен тамаша ойға берілеміз.
Нұрлы аспаннан күлімдеген күннің жылы шуағы сіздің жан дүниеңізді жылытып, жүрегіңізге шуақ шашып тұр.Күннің нұры қолға барды, қолдарыңыздың саусақтары ыстық сезім ұялатты,қолдарыңнан шығып денеңді аралап аяғыңа жетті.Аяғың нұрлы жолға бастады.Аяғыңнан шығып нұр шуағы көзіңізге барды.Көздеріңіз тек жақсылықты көруде,көзден шыққан нұр шуағы түйсікке барады,түйсікте жағымды ойлар түзейді.Күннің нұры барлық адамдарға жылылық сыйлауда.Күннің нұры өзіңізге оралды.Сіз күн нұрындасыз.Сіз нұр сәулесісіз!
ІІ. Тыныштық сәті
"Нұрға бөлену"
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Дәптермен жұмыс.Әңгіме мазмұны бойынша Білім мен өмірді салыстырмалы тұрғыда жазып талдау. Білім туралы коллаждарын жинап талдау.
</<font face="Times New Roman, serif">Сабақ барысын талдау
ІV. Дәйек сөз
«Сүйіп істеген іс шаршатпайды» Халық мақалы
-
Ұлдар 2 рет, қыздар 2 рет
-
Барлығы қосылып 1 рет айтады.
V. Мұғалімнің сыйы.
-
Сүйікті іс дегенді қалай түсінесіңдер?
-
Сендердің сүйікті істерің бар ма?
-
Сүйікті іспен шұғылдану өздеріңе не үшін қажет?
Балалардың жауаптары тыңдалып болғаннан кейін сүйікті іс туралы мағлұмат беру.
Әрбір адамның ұнататын сүйікті ісі болады. Бірі ән салуды, екіншісі би билеуді, үшіншісі гүл өсірумен шұғылданса, келесісі кітап жинаумен айналысуы мүмкін. Кесте тоқу - біреудің сүйікті ісі болса, қолөнер бұйымдарын жасау - екіншісінің, тағамдар даярлау -үшіншісінің, үй жануарларын күту -төртіншісінің сүйікті ісі болуы да мүмкін. Сол іспен шұғылданғанда адамның бойында ерекше ынта , жігер, қызығушылық, сүйіспеншылык сезімдері артады. Сүйікті ісі адамға қанат бітіріп шығармашылыққа жетелейді.Сүйікті іс үлкен жетістіктерге қол жеткізеді, сондықтан бос уақыттарыңды сүйікті істеріңе арнауға тырысыңдар.
А.Қайырханованың «Өнерлі балалар» әңгімесін оқыту.
1. Ата-аналар, ұстаздар балаларға не үшін риза болды?
Сергіту сәті.
Апам үшін күнде мен, (әндете)
Отынға ағаш жарамын. (ағаш жарғандай)
Су құямын гүлге де, (гүлге су құйғандай)
Дүкенге де барамын. (қолдарына сөмке ұстап жүру)
Сыпырамын үй үшін, (сыпырғандай)
Жуам ыдыс-табақты. (ыдыс жуғандай)
Жылай қалса бөпемді, (бөпені ұстағандай)
Жұбатамын ойнатып. (қолдарын шапалақтайды)
VІ. Шығармашылық жұмыс (топтық жұмыс)
Оқушыларүш топқа бөлінеді.Үш топқа үш түрлі дәйексөз беріледі.Дәйексөздің айтылуына мән беріп,өз пікірлерін айтады.
1 топ. «Ерекше іс істесең, ел таңырқайды» Қ.Айнабеков
2 топ. «Сен істі сүйсең, іс саған бас иеді» Халық мақалы
3 топ. «Әрбір істі жақсы істеу үшін оны жақсы көру қажет» М.Горкий
VІІІ. Үйге тапсырма
-5-сабақ, Ана қтялы мәтінін оқу..
-Дәптермен жұмыс
«Мен сүйікті ісіммен шұғылданғанда...»
Бүгінгі сабаққа белсене қатысқан оқушыларға алғыс айтамын!
Жинаған -дар санына қарай марапаттаймын!
Соңғы тыныштық сәті
-
Тыныштық... Тыныштық бар жерде... Тыныштық бүкіл әлемде...
Рахмет балалар, сау болыңыздар! - Балалар, бүгінгі сабақта сүйікті іс жайында әңгімілестік. Сүйікті іс адамды көптеген жақсы қасиеттерге баулитынын білдік. Сүйікті іс адамды ұлы мақсаттарға жетелейді. Сондықтан да айналаңды сүйсінтер, өзіңе бақыт сыйлар сүйікті ісің болсын. Ол еңбекпен келеді.