7


ЖАҢАША ОҚЫТУ- ЗАМАН ТАЛАБЫ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

ЖАҢАША ОҚЫТУ- ЗАМАН ТАЛАБЫЖАҢАША ОҚЫТУ- ЗАМАН ТАЛАБЫ

Кайболдиева Нургул Жумакелдыевна

Маңғыстау гуманитарлық колледжінің

педагогика пәнінің оқытушысы

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы



«Әрекет етудегі мақсатқа ең

алдымен өзін-өзі жетілдіру,

содан кейін айналасындағыларды

жетілдіру арқылы жетеді»

Әбу-Насыр Әл-Фараби

Соңғы жылдары елімізде экономиканың өсіп өркендеуіне орай, білім беру саласында да елеулі өзгерістер жүргізілуде. Оқытудың, тәрбиелеудің мазмұнын қоғам дамуының қарышты қадамына сәйкестендіріп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағытталған тың әдіс-тәсілдер жасалуда. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келуде. Кез-келген оқыту технологиясы ұстаздан терең теориялық, психологиялық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан -дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді.

Өйткені ұстаздық - уақыттың мағынасын, қоғамның өзгерісін терең сезініп, шәкірттердің білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған мамандық.

</ Осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Еліміздің ертеңі - бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздардың қолында» деген сөзін үнемі жадымызда сақтауымыз қажет.

Өзгермелі заманның ағымынан қалмай өмір сүру - бүгінгі күннің басты талабы. Сол талапқа сай болу үшін ұстаздар өз білімін үнемі жетілдіріп отыруы тиіс, оған қазіргі таңда мемлекет тарапынан жақсы жағдай жасалынған.

Оның бір дәлелі - «Педагогикалық шеберлік орталығында» ұйымдастырылып отырған тренерлерді дайындау курсы.

Ұлы педагог К.Ушинскийдің «Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім» дегендей заман талабына сай, ұстаздардың кәсіби білімін жетілдіруге бағытталған бұл курста менде кәсіби білімімді жетілдірудемін.

Бұл курстың мен үшін маңызы өте зор, себебі кәсіби біліктілігімді жетілдірумен қатар, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген әріптестеріммен тәжірибе алмасып, білімімді толықтырдым, тәжірибе жинақтадым.

Курстың теориялық кезеңінде бағдарламадағы жеті модульдің негізгі идеяларымен танысып, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгердім.

Жаңа бағдарламаны меңгергеннен кейін колледждегі іс-тәжірибе кезінде курстан үйренген әдіс-тәсілдерімді қолданып өткізген сабақтарыма, студенттердің, әріптестерімнің кері байланыс есебіне талдау жасай отырып, бұл деңгейлік бағдарламалар курсының маңыздылығына, тиімділігіне, қажеттілігіне көзім толықтай жетті.

Болашақта да өз тәжірибемде курстан үйренген әдіс-тәсілдерімді одан әрі жетілдіріп, студенттеріммен бірге белгілі нәтижеге қол жеткізетініме сенімдімін.











































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал