- Учителю
- Өзімді өзім танумен өсіп келемін (3 класс)
Өзімді өзім танумен өсіп келемін (3 класс)
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: №10 ЖББОМ
Мерзiмі: 2, 3, 6, 8 - 09.2016 ж
Тақырып: Өзімді өзім танумен өсіп келемін! Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: сүйіспеншілік,адамгершілік,мейірімділік.
Мұғалiм: Рысқұлова А.Б Класс:5 а,ә,б,в, Оқушылар саны:
Сабақ мақсаты:
Өзін-өзі тану сабақтары арқылы адам өзін, қоршаған ортаны тани алатындығы жөнінде ақпарат беру.
Міндеттері:
-Сүйіспеншілік арқылы дұрыс әрекеттің мәнін ұғындыру.
-Қайырымдылық қасиеттерін дамыту.
-Мейірімділікке тәрбиелеу.
Ресурстар:
Интерактивті тақта,дәптер,
оқулық.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену» Амандасу. 5Т
Үй тапсырмасын тексеру:
Өзін-өзі тану сабақтарында не үйрендіңдер?
Өзіңе, өзгеге, табиғатқа құрмет дегенді қалай түсінесіңдер?
Өз бойыңда қандай қасиеттер болғанын қалайсың?
Сабақ барысын талқылау:
Дәйексөз. Дүниедегі ең оңай нәрсе- біреуге ақыл айту,
Ең қиыны - өзіңді - өзің түсіну. Әл-Фараби
Мағынасын оқушыларға түсіндіру.
Абайдың қара сөздерінен берілген үзіндіні оқып, сқрақтарға жауап аламын.
Адам -анадан туғанда есті болмайды: п, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды танидағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады...
...егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айны бір өзіңнен өзің есеп ал!
-
Абай атамыздың «Өзіңнен өзің есеп ал» деген сөзін қалай түсінесіңдер?
-
Есті болу үшін адамға қандай қасиеттер керек?
Мәтінмен жұмыс. «Таным тағылымы»
Аңыз әңгіме
Ертеде екі данышпан өмір сүріпті. Біреуі өз шәкірттеріне: «көп затты танып білу үшін қиындықтарды жеңе білу керек, шыңға өрлеп, биік асудан өтіп үйрену қажет», дейді екен. Ол өз шәкірттерін адам аяғы баспаған құзды шыңдарға апарып, биік асулардан, тар соқпақтардан өтуге үйретеді.
Екіншісі болса: «ақылды адам шыңға өрлемейді, оңай жолын іздейді», - деумен жалықпайды. Ол өз айтқанынан қайтпайды. Шәкірттерімен шыңды айналып, жеңіл де оңтайлы жол іздеуден танбайды.
Алғашқылары қиындықты жеңе отырып, өмірден көп нәрсеге үйренеді, өздерінің мүмкіншіліктерін, қабілеттерін дамытып, шыңды бағындырады. Сөйтіп, айналасындағыны алыстан көруді үйренеді. Соңғылары қиындықтан қаша жүріп, асуды айналып өтеді, жолда не іліксе, соған риза болады. Олар тек жанындағыны ғана көргендеріне мәз болады.
Өзіңді, өмірді танып білу үшін қиындықтан жасқанбай, «тар жол, тайғақ кешуден» тайсалмау керек.
-
Алыстан көруді үйренді дегенді қалай түсінесіңдер?
-
Сендер танымның қай жолын таңдар едіңдер?
Өлеңді жаттатқызу:
Адам - ғалам ғажайып жеке дара
Жан құмары - ізденген мәңгі сана
Өзіңді өзің танысаң - істің басы
Түзеген өз ғаламын болған дана Әл-Машани
Адами қасиеттердің не екенін тез түсіну үшін ой, сөз бен істің толық үйлесімі қажет. Ой, сөз бен іс жүрек, бас, қол сияқты біртұтас болуы тиіс. Сайып келгенде, сіздің жүректегі ой, сөз бен істегі нәрсенің бәрі толық үйлесімде болуы тиіс.
Өзін-өзі тану өмірдің мәнін түсінуге, қарым- қатынас жасау кезінде жақсы мен жаманды ажыратуға көмектеседі.
Өзін- өзі тануға үйрене отырып, адам өзімен қоршаған ортамен үйлесімді, жарастықта өмір сүруге талпынады. Ол адамдардың өз мүмкіндіктерін дұрыс пайдалануға, өз қабілеттерін шыңдауға көмектеседі.
Үй тапсырмасы. №2-сабақ «Менің мінезім қандай?» эссе
Соңғы тыныштық сәтi.