7


  • Учителю
  • Классный час на тему Кітапхана - білім ордасы

Классный час на тему Кітапхана - білім ордасы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Қармақшы аудандық оқушылар үйі



























"Кітапхана- білім ордасы"

(кездесу кеш)





Ұйымдастырушы: "Ағылышн тілі" үйірмесінің жетекшісі Г.Болатбекова









































Жосалы кенті

2014 жыл



"Бекітемін"

"___"_______ 2014 жыл

Аудандық оқушылар үйінің

басшысы: Н.Наурызбаева







Аудандық оқушылар үйінің "Ағылшын тілі" үйірмесінің ұйымдастыруымен

өтетін "Кітапхана-білім ордасы" атты кездесу кешінің

Ж О С П А Р Ы:



Мақсаты: Оқушыларға кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру. Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу мәнерін дамыту. Кітапты сүюге баулу, күтіп ұстау ережелерін білу.

Өтетін орны: Аудандық оқушылар үйі



Өтетін уақыты: 30.10.2014 ж. сағ.16.00-де



І . Ұйымдастыру кезеңі

1. Кіріспе сөз

2. Қонақтармен таныстыру



ІІ. Негізгі бөлім



1. Әдеби монтаж

2. «Кітаптар мұңы» көрініс

3. Кітап ұстау ережесімен танысу

4. "Кітаптарға қойған ескерткіштер" фотокөрініс





ІІІ. Қорытынды бөлім



1. Қонақтарға сөз беру

2. Қорытынды сөз









"Ағылшын тілі" үйірмесінің жетекшісі: Г.Болатбекова



















Аудандық оқушылар үйінің "Ағылшын тілі" үйірмесінің ұйымдастыруымен

өтетін "Кітапхана-білім ордасы" атты кездесу кешінің

СЦЕНАРИЙІ:

Мақсаты: Оқушыларға кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру. Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу мәнерін дамыту. Кітапты сүюге баулу, күтіп ұстау ережелерін білу.

Жүргізуші: Армысыздар құрметті, оқушылар, әріптестер және қонақтар! Бүгінгі біздің "Кітапхана- білім ордасы" тақырыбында кездесу кешімізге қош келдіңіздер! Бүгін біз кітапхана, кітап туралы әңгіме қозғамақпыз. Кешіміздің мақсаты жас оқырманның кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, әдеби кітаптарды оқуға баулу. Оқушыларға кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру.



Ойшылдар мен білімпаздар мекені.

Бәріңе аян кітапхана екені

Кітаппен дос болуға баулитын

Кітапханашы мұнда қызмет етеді.



Өмір мәні өнер менен білімде

Құштар болсаң көп құмартып білуге,

Қарсы алып сені дәйім күлім деп,

Жөнін айтып жол нұсқайды білімге- дей келе, бүгінгі кешіміздің қонақтарымен таныс болыңыздар:



1) Абай Құнанбаев атындағы аудандық кітапхана директоры: Қаниева Күлшара апай

2) Абай Құнанбаев атындағы аудандық кітапхана кітапханашысы: Қарашаева Ақкүміс

3) Балалар кітапханасының кітапханашысы: Алмұратова Айгүл апай



Жүргізуші:



Білесің бе, кітап білім ұясын,

Келесің мұнда, өмірге азық жиясың.

Оқып біліп, зерттеп көріп санаңа,

Терең білім, ой маржанын құясың.

Дейді ойшылдар" Кітап - білім бұлағы"

Кітапхана сол кітаптар тұрағы.

Көп үйреніп көп оқыған баланың

Анық тағы білімпаз болып шығары.



Кітап - біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз, өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де, басқа ғылым кереметтері де, талай оқиғалардың куәсі, талай жаңалықтардың көзі -осы кітаптар. Рухани білімнің, мәдениеттің ауадай қажеттілігі, маңыздылығы ешқашан мәнін жойған емес.





Адам баласы сол байлықтың көзін «Кітап» деген құдіреттен тапты. Ғылым мен техника, жоғары технология дамыған XXI ғасырда да бәрінің бастау алар қайнар көзі - кітап.Ендеше кітап біздің рухани қазынамыз дей келе кезекті әдеби монтажға береміз.



1-оқушы: Адамның досы - кітап, өмір кілті,

Тең келмес оған жиған дүние мүлкі.

Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,

Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.



2-оқушы: Тұрады басын құрап әріп неден,

Басталған білім басы әліппеден.

Қарасаң шалқар теңіз, түпсіз мұхит,

Оқысаң кітап сырын алып неден.



3-оқушы: Кітапты оқымайды сыйламаған,

Білімге жанын жанып қинамаған.

Өсірген кімнің болсын ой-өрісін,

Сол кітап тек ақылшы күнде маған.



4-оқушы: Түлекті тәрбиелер кітап - мектеп,

Өседі сол кітаптан бұлақ көктеп.

Молайтып ақылыңды сан еселеп,

Береді білім нәрін кітап көктеп.



5-оқушы: Кітаптар-бейне жапырақ,

Жырлайтын сырын өмірдің.

Оқисың кейде жаттап ап,

Көтеріп күйін көңілдің.



6-оқушы: Айдың шалқар кейде бір,

Кітапты тұнған көл дерсің.

Ауадай қажет бейне бір,

Татпасаң нәрін шөлдерсің.



Жүргізуші: Кітап жинап, түптеймін, жыртылмасын,

Мұқабасын бүкпеймін, қырқылмасын.

Таза болсын беттері, кірлемесін,

Көрген кісі кітабың кір демесін.



Келесі кезекте «Кітаптар мұңы» атты көріністі тамашалаңыздар.

Автор: Мектептің отын қоймасына біреу бір құшақ кітаптар әкеліп тастады. Беттерін шаң басқан бір топ оқулықтар қайда келдік дегендей жан - жағына көзін сығырайта ашып, көршісін түртті.

Математика: Ей, тұрсаңшы! Қайда келдік, тірісің бе өзі?

Ана тілі: Ой, мазамды алмашы, бүйткен тіршілігі құрысын. Бұданда парақтарымның жыртылып, желмен ұшып кеткені жақсы еді ғой.

Математика: Не болып қалды? Жалғыз сенің басыңа келді деймісің бұл қасірет. Біздің де көрген қорлығымыз аз емес. Биылғы оқу жылын зорға аяқтап шықтық. Басыңды көтер, жөн сұрайық. Кімсің өзің? Сыртың бүп - бүтін ғой?

Ана тілі: Сыртымды қайтесің? Сыртым бүтін, ішім түтін. Ана тілі оқулығы боламын. Мен үшін қагшама адамдар еңбек етті. Кім үшін? Балалар оқысын, сауатын ашсын, адам болсын деген ізгі ниет еді ғой бәрінікі. Мен де қолымнан келгенше өз бойымдағы білімімді бердім.

Сонымен күнім не болды? Сорыма қарай Адырбай деген баланың қолына түсіп (бір күрсініп) о - ой өткен күнім есіме түссе, сай - сүйегім сырқырайды.

Қазақ тілі: Бәріміз де сол, мұңдас болдық досым. Мен Сотқарбай деген баланың кітабы боламын. Әдепті оқулық болып мектеп табалдырығын аттағаныма қуанышты едім. Оным көпке бармады. Ол парақтарымды жыртып алып, кептер жасап, ұшырып ойнағанда қой демеді ғой, анау үлкен ағасы.

Бейнелеу: Ей, е-ей! Біздің Артықбай көзімізді бақырайтып қойып, суреттерімді бастырып, бетімді шимайлады.

Бірақ шындығын айтқанда әркім өз дүниесіне ұқыпты болуы керек қой!

Математика: Енді бізді қайтер екен?

Қазақ тілі: Жинап - жинап, отқа тастайды.

Бәрі қосылып: Отқа тастар!!!

Математика: Мүмкін, бір кәдеге жаратар. Түптеуі мүмкін.

Дүниетану: Иә, түптесе мына сені түптер, жалаңаш бізді қайтсін. Жұртқа көрінуге ұялып, бір бұрышта отырған жоқпыз ба?

Бейнелеу: Тұрыңдар, достар! Сыныпта «кітаптар емханасы» бар емес пе? Жүріңдер, кітап дәрігеріне барып көрінейік.

Қазақ тілі: Иә, достар! Келер жылы ұқыпты оқушының қолына түсейік!

Дүниетану: оқулықтың қадірін білетін жақсы оқушылар көбейе берсін!



Кітапты пайдалану ережесін бізге Арай оқушымыз айтып береді, мұқият тыңдаймыз.

1. Кітапты тек таза қолмен алуға болады.

2. Беттерін қатты басуға болмайды, одан кітап парағы түсіп қалады.

3. Кітаптың арасына дәптер, қалам салуға болмайды, одан мұқаба бүлінеді.

4. Парақты бүктеме, кітап баулығын пайдалан

5. Тамақ ішкенде кітап оқымау керек.

6. Кітап бетін қалам немесе қарындашпен сызуға болмайды



Қазір интерактивті тақтаға назар аударып, әлемнің әр түрлі қалаларында кітапқа қойған ескерткіштерді тамашалайық.





Жүргізуші: Кітаптарды таза етіп сақтаған,

Оқырманға бар білгенін ақтарған.

Аянбайды әрқашанда ел үшін,

Кітапханашы ел үмітін ақтаған.



Оқышыларымыздың қонақтарға дайындаған сұрақтарына кезек берейік.

1) Кітапханашы мамандығын неліктен таңдадыңыздар?

2) Кітапхананың қызметін шетелдік азаматтар пайдалана ала ма?

3) Қолдағы кітаптардың мерзімін қанша рет ұзартуға болады?

4) Оқырмандарға пайдалануға қанша дана кітап пен журналдар беріледі?

5) Әдебиеттерді пайдалану мерзімі қанша күн?

6) Ең кішкентай оқырмаңдарыңыздың жасы нешеде?

7) Кітапханада бір қызық оқиғаңызды әйтып берсеңіздер?

"Ұлылар ұлағаты" атты ойын ойнайқ.

Оқушыларға айтар тілектеріңіз болса айтып өтсеңіз

Қорытынды:

Мұғалім: Кітапхана - кітаптардың ордасы,

Білсең кітап - нағыз жол басшы.

Біздің ғасыр білімділер ғасыры,

Деп айтқанды Нұрсұлтандай Елбасы.



Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің кезекті жолдауында «Қазақстан әлемінің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарынан лайықты орын алу үшін өзінің мәдениеті мен ғылымын, білімі мен білігін, рухани байлығымен елімізді айдай әлемге паш ете білу керек»,- деген еді. Олай болса, құрметті қонақтар, Ұстаздармен бірге отырып балаларыңыздың кітап оқуға ынтасын арттыру мақсатында жұмыс істейік. Кітаппен дос болайық, кітапхана оқырмандары көбейе берсін! Бүгінгі кешіміз өз мәресіне жетті. Уақыттарыңызды бөліп, келіп қатысқандарыңызға көп рахмет!











































Аудандық оқушылар үйінің "Ағылшын тілі" үйірмесінің ұйымдастыруымен өткен "Кітапхана-білім ордасы" атты кездесу кешінің

АНЫҚТАМАСЫ:

Мақсаты: Оқушыларға кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру. Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу мәнерін дамыту. Кітапты сүюге баулу, күтіп ұстау ережелерін білу.

30.10.2014 жылы Аудандық оқушылар үйінде "Ағылшын тілі" үйірмесінің ұйымдастыруымен "Кітапхана-білім ордасы" тақырыбында кездесу кеші болып өтті. Кешке арнайы Абай Құнанбеав атындағы аудандық кітапхананың директоры Қаниева Күлшара және сол кітапхананың қызметкері Қарашаева Ақкүміс, балалар кітапханасының кітапханашысы Алмұратова Айгүл шақырылды. Үйірме мүшелерінің қатысуымен әдеби монтаж орындалды. "Кітаптар мұңы" атты көрініс қойып, оушылар кітаптарды пайдалану ережесімен танысты. Балалар қонақтарға өздерінің дайындаған сұрақтарын қойды. Интербелсенді тақтада қонақтарға әлемнің әр түрлі қалаларында кітапқа қойылған ескерткіштерінің фотокөрінісі көрсетілді. Үйірме мүшелерімен "Ұлылар ұлағаты" атты ойын ойнатылды. Ойын барысында оқушылар Абайдың өлеңдерін оқыды. Кешке қатысқан қонақтар оқушыларға тілектерін айтып, жақсы сұрақ қойған оқушыларға сый ретінде кітаптарды табыстады. Үйірме жетекшілері кешті жақсы деп бағалады.



Кездесу кешке қатысқан мұғалімдер:

1) Аудандық оқушылар үйінің басшысы: Наурызбаева Нұршат

2) "Ақ қауырсын" үйірмесінің жетекшісі: Манасова Құралай

3) "Сән-тігін" үйірмесінің жетекшісі: Аяшова Мейраш

4) "Жас тілші" үйірмесінің жетекшісі: Райымбаева Мөлдір

5) "Шешендік өнер" үйірмесінің жетекшісі: Жаудатова Перизат

6) "Гүлдер" үйірмесінің жетекшісі: Зұлыпхарова Майра



Анықтама беруші: Г.Болатбекова









Классный час на тему Кітапхана - білім ордасыКлассный час на тему Кітапхана - білім ордасы







Классный час на тему Кітапхана - білім ордасыКлассный час на тему Кітапхана - білім ордасы



Классный час на тему Кітапхана - білім ордасыКлассный час на тему Кітапхана - білім ордасы





Классный час на тему Кітапхана - білім ордасы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал