- Учителю
- Ашық сабақ: А. Құнанбаев Ескендір поэмасы
Ашық сабақ: А. Құнанбаев Ескендір поэмасы
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы ауданы
Қ. Сағырбаев атындағы орта жалпы білім беретін мектеп- балабақшасы
Сыдихова Аяжан Жақсығалиқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Ашық сабақ тақырыбы:
Абай Құнанбаев
«Ескендір» поэмасы
9- сынып
2015-2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы
Абай Құнанбаев «Ескендір» поэмасын талдау, кейіпкерлер бейнесі
Мақсаты
Поэманың идеясын түсіндіре отырып, идеялық- тақырыптық негізін, ой астарын түсіндіру;
Күтілетін нәтижелер
А) Поэманың идеясын аша алады;
Б) Поэмадағы кейіпкерлер бейнесіне талдау жасай алады.
В) Тарихи тұлға Ескендір мен әдеби қаһарман Ескендірді салыстыра алады.
Керекті жабдықтар
Флипчарт, бағалау критерийлері, дәйексөздер
</<span>Пәнаралық байланыс
Тарих пәні
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері
Уақыты
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Кіріспе
10 мин
Оқушылармен амандасу; сабаққа дайындықтарын тексеру;
Табыс критерийін дайындау
-
Үй тапсырмасына дайын.
-
Қысқаша мазмұн жаза алады.
-
Салыстыру жасай алады.
-
Заттық ассоциация жасай алады.
-
РАФТ стратегиясын орындай алады.
Үй тапсырмасын тексеру үшін
«Ыстық орындыққа» шақырамыз.
Жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар қоюы керек.
Мұғаліммен амандасады
Үй тапсырмасын тапсыруға шығады. Сұрақтарға жауап береді.
Тұсаукесер
5 мин
Ой қозғау: (таразы суреті). Бұл не? Сөз тіркесін немесе сөйлем айту.
-
Ойға түстім толғандым
Өз мінімді қолға алдым
-
Бойдағы мінді санасам,
Тау тасынан аз емес,- деген
Ендеше өз бойымыздағы қасиеттерімізді таразылай білейік.
Таразының бүгінгі сабақпен қандай байланысы бар деп ойлайсыздар?
Өз ойларын айтады?
Негізгі бөлім
20 мин
«Ескендір» поэмасының сюжетін алғаш рет неміс романтикалық әдебиетінің көрнекті ғалымы болған француз альберт фон Шамиссо Талмудтан алады. Шамиссодан В.А. жуковский 1844 жылы аударды. Мұнда Македонскийдің қырып-жоюы туралы жырлайды.Абай сюжетінде өзгеріс бар. Поэмада Ескендірдің аты-жөнін, әкесін, туған жері мен патшалығын, Ескендірдің ұстазы- Аистотельді қосады. «Ескендір» поэмасы 42 шумақтан тұрады.
Олай болса, оқушылар сіздерге 1- тапсырма: Поэма мазмұнын 6 жай сөйлемге сыйғызып, баяндап беріңдер.
Поэманың идеясы не? Сіздерге айтар, берер тәрбиесі қандай?
-
Бейнеролик көрсету. Жаугершілік кезеңдегісі. Тарихтағы Ескендір мен поэмадағы Ескендірді ортақтастыратын не нәрсе?
2- тапсырма. Дискуссиялық карта толтыру.
Ескендірдің әрекеті дұрыс па?
Иә Жоқ
Стикер артына жапсырылған оқушы оқиды.
3- тапсырма.
Кейіпкерлерге заттық ассоциация жасау:
Ескендір-
Тарихи кезең-
Аристотель-
Мәлімет алады
Қорытынды
10 мин
В, С деңгейіндегі оқушыларға-
Р-рөл; оқушы
А- аудитория; бүгінгі заманның тойымсыздарына, Ескендірге
Ф- форма; хат, үндеу
Т- тақырып; Қанағатсыздық қайда апарады?
А деңгейіндегі оқушыларға-
Концептуалдық кестеАдами
қасиеті
-
Поэмадан қандай ой шығаруға болады?
-
Бүгінгі күннің өзекті мәселесімен байланыстыруға бола ма?
Абайдың сөзі:
Ақылсыз өзін мақтап былжырайды,
Бойыңа өлшепсөйлесең нең құрайды.
Жақсы болсаң, жарықты кім көрмейді,
Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды?!
Бағалау: Оқушылар өздерін бағалау критерийіне сай бағалайды.
Рефлексия парағы: «Блоб ағашы»
Әр оқушы өз білім бойынша терекке өздерін орналастырады
Үйге тапсырма:
1. Поэмаға сатылай кешенді талдау;
2. Өздері тапсырма ойластырады (сурет, өлең, поэмаға өзгеріс енгізу)
Шығармашылық жұмыспен айналысады