7


  • Учителю
  • Бухгалтерлік баланс және оның кәсіпорынды басқарудағы рөлі

Бухгалтерлік баланс және оның кәсіпорынды басқарудағы рөлі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бухгалтерлік баланс және оның кәсіпорынды басқарудағы рөлі



Тараз қаласы, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

Экономика және бизнес факультеті, « Есеп және аудит» мамандығы

ІІІ курс студенті

Болсынбек Мұхаммед Болсынбекұлы



Есеп беру мәліметтері ұйым қызметінің тиімділігін бағалау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады, тағы да ол сол ұйымның экономикалық талдауы үшін де пайдаланылады. Сонымен бірге есеп беру өндірістік келесі жоспарлауы үшін де қажет, сондықтан есеп беру ең сенімді және өз мезгілінде болуы керек. Бұнда өткен кезеңдегі мәліметтер арқылы есептік көрсеткіштермен салыстырушылық қамтамасыз етілуі тиіс.

Өндірістердің нарықты экономикалық қатынастарға өтуі меншіктік және кәсіпкерлік қызметтері түрлерінің әртүрлі формаларда көруін қажет етеді. Вексельдік айналымдар жаңадан жасалынады, акциялар мен басқа құнды қағаздар пайда болар, қаржыландыру мен несие берудің принциптері өзгереді, шет ел валюталары мен операция жасау шеңбері кеңейеді. Осыларға байланысты алдыңғы қатарлы Батыс елдер мен халықаралық стандарттардың тәжірбиелері арқылы біздің елімізде көп жылдар бойы қолданып келген бухгалтер есебімен есеп беру күштері жүйесінде өзгерісінің болуына күшті қажеттілік пайда болды. Орталықтанған жоспарлы экономика кезінде бухгалтерлік ақпараттар негізінен жоғарыда тұратын ұйымдар (Басқару және министрлік) үшін яғни солар үшін бухгалтерлік ақпараттар жиналды және қорытынды анализ жасалынды, негізінен ресми адамдар үшін қызмет етті. Ал қазіргі жағдайдағы қаржылық есеп беру- инвесторлар мен серіктестіктерді тарту үшін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен жақын арадағы перспективалары туралы құрылтайшылар мен акционерлерге ақпарат беру үшін горизонтал пайдалану мақсат еткен.

Қаржылық есеп беру ақпаратты сырттай пайдаланушылар, яғни мүдделі қызыққан заңды және жеке тұлғалар арқылы пайдаланылды. Сонымен бірге жабдықтаушылар, сатып алушылар, нағыз және күшті кредиторлар, несие мекемелері, салық және статистикалық органдар, сонымен бірге өзінің ұйымындағы экономикалық талдау үшін пайдаланылады. Мұның нәтижесінде бухгалтерлік есептер басқару жоспарлары мен саясат туралы қызмет ететін тұлғаларды қажетті ақпараттармен қамтамасыз етеді және бұл ұйымдарға жұмыс сітейтін тұлғалардың жалпы мақсаттарымен міндеттеріне сәйкес әрекет қызмет етуіне жағдай жасайды.

Бұның барлығы есеп пен есеп берудің мақсаттарын кәсіпорын дәрежесінде конкреттендіруге жағдай жасайды, мұның нәтижесінде жалпы алғанда бағаларын анықтауға мүмкіндік жасалынады.

  1. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі анықталынады, яғни кәсіпорынның несиелік борышты қамти алатындығы, өтімділігі, т.б. анықталынады.

  2. Рентабельділігі белгіленеді.

  3. Шаруашылық қызмет шеңберінде жұмыс істейтін тұлғалардың жауапкершілік дәрежесі анықталынады. Өндіріс құрал- жабдықтарымен жұмыс күшін пайдалануда оның жауапкершілігі бағаланады.

Бұл мақсаттардың барлығына тек ақпараттық моделдендірудің көмегі арқылы арқылы жетеді. Еңкөбірек жалпы модем болып кәсіпорынның мүлкін қорғайтын, оның міндеттемелері мен қорларын белгілі бір кезеңдерде сақтайтын бухгалтерлік баланс болып табылады.

Бухгалтерлік есеп беру статистикалық мәліметтерді салыстыру үшін қоғамдық дәрежеде пайдаланады, сонымен бірге ол бюджетімен болған өзара байланыстар үшін де пайдаланады.

Бухгалтерлік есеп беру негізінде инвестициялық ресурстарды бөлу туралы өзгерген шешімдерді, региондардағы экономикалық ссаясатты анықтайды, сонымен бірге қоғамның кейбір мүшелерінің әлеуметтік жағдайына шаруашылық процестердің әсерін белгілейді.

Бухгалтерлік (қаржылық) есеп беру- бұл белгілі бір көрсеткіштер жүйесінде көрінген бухгалтерлік есептік қортыланған мәліметтердің жиынтығы. Ол шаруашылыққ процестердің, міндеттемелердің және қаржылық нәтижелердің мүліктік жағдайын талдау үшін пайдаланылады.

Бухгалтерлік ақпаратқа ең жоғары дәрежедегі анықтық тән нәрсе, себебі ол күрделі және құжаттармен жабдықталған барша жетілген шаруашылық операцияларға сүйенеді, оның мәліметтері материалдық инвентаризациялармен бекітіледі.

Бухгалтерлік баланс методологиялық спенификасымен айрықша мақсаттарымен, мәліметтерді пайдалану сипаттарымен ерекшеленеді. Бухгалтерлік баланс мәліметтері негізінде белгіленген формалар бойынша,бюджеттермен бюджеттен тыс қорларға түсетін салықтар бойынша есептер жасалынады.

Бухгалтерлік баланста ешқандай тазартып өшіру мен түзетілген орынға жол қойылмайды. Жіберілген қателерді түзету жағдайында оған сәйкес түсініктеме беріледі: есепке қол қоятын тұлға түзетілген күні мен айы көрсетіліп, оны бекітеді.

Бухгалтерлік есепке болған үздіксіз талаптардың бірі- нарықтық экономикада барша қызыққан мүдделі пайдаланушылар үшін оның анықтығы болып есептелінеді.

Бухгалтерлік (қаржылық) есеп беру мәжбүрлі міндетті аудиторлық тексеруге жіберілуі тиіс және ол тәуелсіз аудитор арқылы оның дұрыстығы дәлелденеді.

Бухгалтерлік баланс- кәсіпорындарда, мекемелерде есептесу процесінің соңғы кезеңі болып есептелінеді. Бұнда кәсіпорынның мүліктік және қаржылық жағдайы есеп беру кезеңіндегі (ай, квартал, жыл) шаруашылық нәтижелері ұлғаю қортындысымен бейнеленеді.

Министрліктер, ведомоствалар және тағы басқа шаруашылық басқару органдары өзінің қарамағын кәсіпорындар мен мекемелер бойынша жалпы қортынды бухгалтерлік есеп беруді жасайды. Барлық кәсіпорындар мен мекемелер үшін жылдық есеп 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде есептелінеді. Бухгалтерлік есеп беруде берілген барша ақпараттар синтетикалық және аналитикалық есеп мәліметтеріне негізделеді. Есеп беруге байланысты негізгі талаптарға мыналар жатады: Шаруашылық қызметтердің анық болған нәтижелерін шын және дәл көрсету, барша көрсеткіштерді бір- бірімен қатал байланыстыру болып табылады. Есеп беруі және баланс сатыларын бағалауды бұрмалау мемлекетке қарсы әрекет деп қаалады және кәсіпорынның басшылар мен бас есепші бұл істегі айыптылар амалдағы заңдылықтарға сәйкес жауапкершілік жүктетіледі.

Бухгалтерлік есептегі қателерді түзету оған қол қоятын тұлғаның қолымен расталынады және түзетілген күні мен айы көрсетіледі.





Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



  1. Артеменко В. Г., Беллендир М. В. Финансовый анализ. М- 1997 г

  2. Астахов В.П. Теория бухгалтерского учета Москва 1999г.

  3. Әбдіхалықов Т. Ә. Аудит және бухгалтерлік есеп. Оқу құралы- Алматы- Қаз университеті 2000ж

  4. Бюллетень бухгалтера 2002,2003г.

  5. Дүйсенбаев К.Ш. "Аудит и анализ в системе управление финансами" Алматы "Экономика" 2000ж.

  6. Дүйсенбаев К.Ш. "Анализ финансового положения предприятий" Учебное пособие Алматы 1998ж.

  7. Күлімжаев К К. Бухгалтерлік есеп принциптері. Оқу құралы Алматы Экономикс- 2003ж





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал