7


  • Учителю
  • Қанипа Бітібаеваның шығармашылығы - жоспар

Қанипа Бітібаеваның шығармашылығы - жоспар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала













































Оқырман конференциясы











Өткізген кітапханашы: Тыныбаева А





Кештің мақсаты: Баршамыздың сауатымызды ашып ,білім нәрімен сусындатып,өмірге қанат қақтырған-ұлағатты ұстаз Қанипа Бітібаеваның өмірімен шығармашылығымен таныстыру.

Көрнекілігі: Ұстаздың суреті,кітап көрмесі,ұстаздар туралы қанатты сөздер,слайдтар көрсету.



Кітапханашы: Кіріспе сөз

Мұғалімдер көп болғанымен, нағыз ұстаз деген атауға ие боларлық адамдар санаулы ғана. Ал, нағыз ұстаз есіміне лайық жандардың бірі - Шығыс Қазақстан облысының орталығында орналасқан Жамбыл атындағы мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Қанипа Бітібаева.

«Алты алаштың басы қосылса, төрдегі орын мұғалімдердікі» деген сөзді Мағжан Жұмабаев тегін айтпаған. Бүгінгі оқырман конференциясы өз ісіне жан-тәнімен берілген, бүкіл ғұмырын қасиетті қазақ тілін дамытуға арнаған, әдебиеттің арын қорғап, намысын жыртуға жұмсаған қайталанбас тұлға «Қазақтың Хан-апасы» атанған ардақты да аяулы Ұстаз, жаңашыл тәлімгер, қайтпас, қайсар, қажырлы қайратты Қанипа Бітібаеваға арналады.

Жүргізуші:



Өлең «Алтын Адам»

Алтын Адам

Қанағат ап қиялдың қанатынан

Асуында арманның таң атырған.

Ұлылық та ұлағат ұясында

Жанартаудың тасынан жаратылған.

Қанипа бұл, шыбыны шырқыраған,

Сай-сүйегі сау жүріп сырқыраған.

Аузын ашса,Алтайдың самалы есіп,

Жұпар иісі Сайханның бұрқыраған.

Қанипа бұл торғайдай шырылдаған,

Ұлты үшін жан сөлін сығымдаған.

Тораңғыдай тамырын терең тартқан,

Сексеуілдей дауылға жығылмаған.

Қанипа бұл, тәлімді жетелеген,

Асқарына білімнің төтелеген.

Алатаудай абырой жинаса да,

Биіктемей жүреді бетегеден.

Қаипа бұл, бет-жүзге қарамайтын,

Сөзбен өлшеп, санамен саралайтын.

«мың өліп, мың тірілген қазағының»

Тағдыры тек жүрегін жаралайтын.

Шалғайына оралып шалағай күн,

Қораласа кей кезде нала-қайғы.

Аруақтанып кететін Қанипа бұл,

Қарсы біткен бұтағы қарағайдың.

Тас бұлақтай санасы сарқыраған,

Ақ айдындай жүрегі жарқыраған.

Көктемедей көңілі мөлдіреген,

Табиғаттың тумасы-Алтын Адам !

















С. Ғабдуллаұлы

«Алтай асу» жинағы. Алматы 2002 ж.









Жүргізуші;

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылында 1945жылы 1- майда дүниеге келеді.Үйдегі 9 баланың тұңғышы,Атасы-Бітібай мен әжесі - Насиханың еркесі, «әжесінің сарысы» атанады.Туған анасын «тәте»,әкесін- аға- дейді.Балалық шағынан үзінді тыңдасақ.

Оқушы;

Мен бала күнімнен өте сезімтал болып өстім.Әрі сөз жанды едім.Кейде өтірік ұйықтаған болып ,үлкендердің әңгімесін тыңдап жататынмын.Ондай бақытты сәттер,әсіресе,әжем тірі кезінде жиі болатын.Мені ол жанынан бір елі шығармайтын.Той дейсіз бе, айт дейсіз бе,қонаққа бару ,қонақ күту ме, мен әйтеуір оның жанындамын.Көлеңкесіндей қасынан кетпеймін.Ал үлкендер әңгімелесе бастағанда ғана апам; «Бар,қазір келем, жата бер»,- дейді.Қазір кетем деймін де өтірік ұйықтап қалам.Әжем ұйықтап қалды дей ме ары қарай мені қозғамайды.Үлкендердің әңгімесін кейде түсінемін, кейде түсінбеймін.Сөйтіп жатып расында ұйықтап кететінмін.Ерке өстім.13-ке келгенге дейін не бір кәсе шайып,шашымды өзім тарап көрмеппін.Қысқарта айтқанда, «ақ дегенім алғыс,қара дегенім қарғыс»еді.Не ойласам соны тура айтып тастайтынмын.Тәтті, дәмді менің аузымда,тәуір көйлек менің үстімде,айтқандарымның бәрі жөн, істегендерімнің бәрі дұрыс.Мектепке әжем апарады , әжем алып қайтады.Мені сабақтан,үзілістен қашан шығады деп,кішкене аққұманға құйған шайы мен тәтті шелпегін орап алып мектеп алдында тосып отыратын.Қонаққа баратын да мен,кеш жатып , кеш тұратын да мен,әйтеуір бір үйдегі бар «коммунизм» менің басымда болатын.Әжеме әбден бауыр басқан мен ол қайтыс болғаннан кейін нағыз жетім күйіне түстім.

Жүргізуші;

Бір кездегі еркетотай , ерке қыздың соғыстан бір көзінен айырылып мүгедек болып оралған әкесі-Омарғали мен 9- баланың анасы Әзиннің баласына деген алғысын тыңдайық.

Шешесі; «Тұңғышым болғандықтан шығар, сені өмірге әкелу маған оңай тимеді.қатты келген толғақтың жан азабына шыдамай, аласұра жүгіріп түзге шыққам,сен аппақ қардың үстіне түсе қалдың,күн аяз болатын, суықты сездің бе, әлде есі шыққан маған солай естілді ме, білмеймін,әйтеуір «шар»еткен дауысың дүниені жарып жібергендей көрінді маған,ұл екен деп ойладым, сол ұл болмай қалған қыздың арқасында не ішем , не жеймін демедік,көлегіміз бүтін,тамағымыз тоқ еді.бауырларыңды аяғынан тік тұрғыздың жетім,жесір дегізбедің .Еңбегіңнің арқасында талай жетістіктерге жеттік.Өз еңбегің мен тапққан еңбек ақыңды да өзің алмаушы едің. Әкеңнің басын сүйедің , атын бүкіл Одаққа естірттің,тәуба құдай, аллаға ризамын.»

Әкесі; «Алғашқы еңбек ақыңды маған плащ,шляпа, ботинка алып келгенде, соғыстан жарақат алып ,соқыр болып қалған көзімнен аққан жасқа ие бола алмадым.Бұл ,әрине қуаныштың жасы еді.Қызымның менктепті кілең беске,иститутты қызылға бітіріп өз степендиясымен күн көріп, бізден бір тиын да ақша сұрамадың.Өз табандылығыңның арқасында арманыңа жеттің. Мен бақыттымын.Талабыңа нұр жаусын.»

Әкесі қызының талай жетістіктерге жетіп,Қазақтың Қанипасы атанғанын білмеді .Өмірден ерте озып жүре берді.

Жүргізуші;

11- жылдық мектепті кілең беске аяқтап.қаржы тапшылығынан оқуға бара алмай Қанипа Бітібаева ауылда механизатор болып жұмыс істейді.Келесі жылында Семейдегі қазіргі Шәкәрім атындағы педагогикалық институтқа түсіп,қызыл дипломмен аяқтайды.Ең алғаш еңбек жолы Жетіарал ауылында туып- өскен жерінде басталады.Оқу-ісінің орынбасары, «Армандастар» ансамбіліне жетекші, «Жас қалам» әдеби драмасын жүргізеді.36- жылғы еңбегінде 12 жыл Ленин мектебінде өтті. Жамбыл гимназия интернатында 26-жыл еңбек етті.Ұстаздың ұстаздық туралы пікілерін тыңдасақ.

  1. оқушы

студенттік кезімде; студент гоголь кітапханасынан шықпаушы едім. Мен ғана емес, көп студенттер солай істейтін. Оқымаған кітабымыз қалмайтын. Мен үшінші курсты бітірер жылы шетел әдебиеті бойынша мұғалімнің оқыңдар деп берген 50 шығармасының 46-сын жазғы демалыста оқып бітірдім.одан шеккен зәбірім жоқ.қайта ұстазымыздың бұл талабына рахмет,Бальзак, Байрон, Скотт,Манн,Мопассандарды оқыдым.оқуға да, театрға да,көңіл көтеруге де уақыт табатынбыз.Радио,теледидар алдын бермеуші едік.Енжарлық жоқ еді,оттай лапылдап тұрушы едік,өте тәртіпті болдық.ұстаздыққа сүйіспеншілдікпен келдік.Содан да болар, бәріміз жақсы ұстаз болдық.

  1. оқушы

1968 жылдан бастап мектеп пен оқушы менің ең басты ойлайтыным, ең басты жұмысым болды.өмірімнің мәні де,сәні де бақыты да, махаббаты да солар.бар жан-тәнімен беріле еңбек еттім.Әр сабағым-«іштен шыққан шұбар жыландай» болды. Баламен бірге қуанып,баламен бірге ренжіп, оларға тек сабақ беруші ғана емес,ұстазы да,анасы да,досы да, сырласы да қамқоры да болуға тырыстым.бір сабақты ерініп,енжарлықпен беріп көргенім жоқ.соны көңіліме медеу тұтамын.күндіз-түні мектепте болушы едімүйірме жүргізем,қосымша сабақ өткізем,оқушылармен көркем шығарма талқылаймын. Міне осылдай 36- жылдай өмірім осылай өтіп келеді.

  1. Оқушы;

«Егер бұ л күндері Қазақтың Қанипасы,ұстаздықтың Хан апасы атанып жүрсем, «ұстаз» деген әулие мамандыққа ие болсам, осындай биіктердің барлығының ең алғашқы іргетасын ата,әжем,әке-шешем қалаған екен.үміттерін ақтадым ба,армандаған биіктеріне шыға алдым ба,өсиеттерін орындадым ба, оны кесіп-пішіп айта алмаймын, айтатыным алдымдағы наным,үстімдегі жейдем маңдай терімнің арқасында келгені,шыққан биігім мен алған атақтарым да сол ащы маңдай тердің жемісі екендігі.Бардың қолтығына кіріп,мансаптының шашбауын көтеріп,биіктегіге еңкейіп,аласаға кекірейіп көргем жоқ.Арды сатып,барды тығып,ешкімге өбектемедім.Әр уақытта басымды биік,ар-ожданды пәк ұстадым,атақ-даңқ,бақ,дүние үшін есік-тесікке майлы қасықтай кіріп шықпадым.Ешкімді қызғанбадым да,шыққан шыңыма далбаңдай қуанбадым да.Еңкейсем , шәкіртіме еңкейдім, иілсем,шәкіртіме ғана иілдім,кішірейдім.Жақсылығы мен жамандығы, бақыты мен қайғысы, қуанышы мен реніші,жазығы мен қырыаты, белі мен беткейі, көлеңкесі мен күнегейі мол бұл жалғанда таза өмір сүріп келе жатқаныма шүкіршілік етем.Кезіндегі еркелік, бірбеткелік, тура өскендіктің пайдасы да зияны да маңдайға дөп тиді.Бірақ сәтсіздікке майыссам да,сынбадым,сәттілікке масайрап,дандайсынбадым, күншілдермен,өсекшілермен ұрысып бет жыртыспадым, себебі ішкі үнім «итті ит боп қапсаң, адамдығың,ұстаздығың қайда » деп сыбырлап,тізгінді жібермейді.Рухы биік Абай мен Мұхтар менің тәңірден кейінгі тәңірлерімдей болды,соларға еліктедім.Ең бірінші құдайға сыйынып,екінші, шыққан ұяның шаңырағына, сол шаңырақ иелеріне бас ием,үшінші күні бүгінге дейін өзім «құлқуаллакдан» кейінгі оқитын құраныма айналған ұлы Абай, дана Мұхтарға табындым.Ал шәкірттерім болса, олар- менің бүкіл тыныс- тіршілігімнің тірегі,жүрегімнің дүрсілі, көңілімнің шуағы, өмірімнің мәні, ұстаздығымның салтанат-сәні. »

Жүргізуші; Жетпісінші жылдары "оқушылары Абай мен Пушкинді ғана емес, Шекспир мен Бальзакты да жақсы білетін ауыл мұғалімі" туралы облыс деңгейінде мақтау сөздер айтыла бастады. Өскемен қаласындағы 87 жылдық тарихы бар Жамбыл атындағы дарынды балаларды оқытуға бағытталған мектепке ұстаздық қызметке шақырылады. Сол жерде 26- жыл қызмет етеді.Жалпы, мен "туған тілің, төл әдебиетің қаншалықты ұлы, биік болса да, балаларға рухани білім беру үшін аздық етеді" деген пікірдегі адаммын. Сондықтан да мен сабақтарымда, әдістемелерімде шетел әдебиетін сабақтастыра оқытамын- дейді Қ.Бітібаева.

1990 жылы 4-18 қаңтар аралығында Кремльде Свердлов залында лауреаттың алтын жұлдызын тақты. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған тұңғыш қазақстандық мұғалім еді.

1991 жылы желтоқсан айында шығармашылық сапармен Америкадағы Тусон қаласына барады. «Менің іс-тәжірбиеме,әсіресе,әдебиетті оқыту әдістемеме Тусон ұстаздары айрықша назарын аударып,таспаға жазып алды.Тусондық әріптестер; Біз қазақша үйреніп жатырмыз, енді оқушыларға қазақша үйретеміз.Екі жылға шарт жасасып, бізге қайтып келіңіз»- деп өтінген екен.Бірақ сол жылы Одақ тарап, өтініш тек қиял болып қала береді. «Біздің қазекең қонақ келсе,шапан жауып,көйлек кигізіп,қой сойып,абыр-сабыр болып, қазанның түбін қырады ғой.Қанша бай ел бай болса да,олар доллардың құнын біледі.Дарақылыққа бармайды, бізге ұсынған сыйлықтары қағазда ойылған жүрек суреті, қаламдар,жеңіл-желпі сувенирлер»- деп Тусон қаласынан алған әсерлерімен бөліседі.

2004 жылдың желтоқсан елбсының қолынан «Құрмет »орденін алады.

Марапаттары туралы слайдтан көрсетіп оқып беру.

Марапаттар, грамоталар, алғыстар, сайыстар:

1.«Құрмет»орденінің иегері.

2. СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

3. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі

4. Бүкілодақтық Крупская медалінің иегері.

5. Қаз.ССР Ағарту ісінің үздігі

6. СССР Ағарту ісінің үздігі

7. Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері.

8. Республиканың «Ең үздік» ұстазы.

9. АҚШ-тағы Аризона штаты, Тусон қаласының Құрметті азаматы.

10. Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы.

11. Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын

республикалық институтының профессоры.

12.С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың құрметті профессоры.

13. Семей Мемлекеттік педагогикалыќ институтының құрметті профессоры.

14. Республикалық «Әлем және қазақ әдебиеті» журналының редколлегия мүшесі.

15. Республикалық «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақстан мектебі» журналының,

облыстық «Педагогический мир» журналының редколлегия мүшесі.

16. Облыстық білім департаментінің коллегия мүшесі.

17.Республикалық ғылыми-әдістемелік атаулы зертхана жетекшісі;

18. ҚР Педагогикалық ғылымдар академиясының құрметті академигі;

19.«Ы. Алтынсарин» төсбелгісінің иегері.

20. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалінің иегері.

21. Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының мүшесі.

22. «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің «Лидер образования»

медалінің иегері.

Шығарылымдар: 150 ғылыми - әдістемелік мақалалардың, 41 кітаптың, 10 естеліктің авторы.



Жеке басына келсек ,ұстаз гүл өсіргенді жақсы көріпті.Бөлмемнің бәрі әсем гүлге толып тұратын дейді.Абай жолын 17- рет оқыған адам.Сәнді ,ашық түсті киім кигенді ұнататын.Күнделікті сабақты қандай тақырыпта өткізссе соған байланысты киім киген.Қолы ашық, жомарт жан болған.кішкентай балаларға балмұздақ таратып,ақшадан қысылған адамдарға қол ұшын беріп, оны қайырып қайтадан сұрамайтын да - деп еске алады сіңілісі Бақыт.

Шәкірттерінің алды ғалым, профессор атағына ие,өзінің жолын қуған оқушылары да баршылық.

Ұстазға арналған «Ана тілімнің асыл анасына!»- атты өлеңді Елдар оқып берсін.

Сіңірген ойға, санаға

Сөздердің таңдап сұлуын

Біліммен қоса балаға

Ұсынған жүрек жылуын.

Жалығып кетсем мұңайып

Сәулеңнен келіп от алам

Ширығып қайтам шыңдалып.

Қалайша енді жата алам

Мұқалса қажыр -қайратым.

Жаныңа тосам жанымды

Асқарлы таудай айбатым

Шүкірлік қылам барыңды.

Өнердің, білім-ілімнің

Жанашыр жақын панасы.

Киелі ана тілімнің

Өзіңсің -асыл анасы.

Қортынды .

Кітапханашы: Ұлы тұлға- ұстаздардың артында қалған өшпес мұрасын, шығармашылықтарын тұмардай аялап, құрандай қасиеттеп, өмірінің алтын шамшырағына айналдырған, туған тілі мен әдебиетінің қадір-қасиетін жас өспірімдерге жеткізу үшін тың жол іздеп, аянбай еңбек етіп, соларға еліктеп ғұмыр кешіп жүрген Қанипа Омарғалиқызы бүгінде ортамызда жоқ.Ұзақ жылдар бойы жүрек ауыруымен ауырып 2014 жылдың қыркүйек айында дүниеден озды.Ұстаздың өмір жолы,жаңашыл,тың ізденістері,оның рухани әлемі әсіресе, жас ұрпаққа, мұғалім мамандығын қалап жүрген талапкер жастарға үлгі боларлықтай.

Бүгін біз «қазақтың қанипасы» атты кітабы бойынша қысқаша мағлұмат бердік.



























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал